Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Ежелгі Шығыстың құлиеленуші мемлекеттердегі саяси ілімдер



бет62/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114
Ежелгі Шығыстың құлиеленуші мемлекеттердегі саяси ілімдер: брахманизм және буддизм идеологиясы. Конфуциандық, даосизм, легизм.
Ежелгі Греция және Ежелгі Римдегі саяси ілімдер: Платон, Аристотель, Полибий, Тит Лукреций Кар.
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер (орта ғасырлар): А. Блаженный, Ф.Аквинский, А. Августин
Қазақ және Араб саяси философиясының әкесі Әбу-Наср әл Фараби, Ибн Цина, Ибн Рушд, Ибн Халдун, Низами Гянджеви, Ә. Навои.
Қайта өрлеу дәуіріндегі саяси идеялар: П. Макиавелли. Ж.Боден. Т.Мор и Т. Камнанела. XVII ғасырдағы Голландия және Англиядағы саяси ілімдер: Г.Гроций, Баруха (Бенедикт) Спиноза, Т. Гоббс және Дж.Локк.
Еуропалык Ағарту кезеңіндегі саяси идеялар: М.А. Вольтер. Ж.Ж. Руссо, Ш. Монтескье.
XVIII ғасыр аяғы және XIX ғасырлар басындағы саяси ілімдер: Ф. Гегель. И. Кант, Г.Фихте, А.Сен-Симон, Ш.Фурье, Р.Оуэн
Жүсіп Баласағұнның, Махмұт Қашкаридің. Ахмет Игүнекидің, Мұхамед Достидің және Иби Рузбиханның, Қоркыт-Атаның, Қожа Ахмет Иассауидің ілімдері.Тәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы.
3.Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, шептері мен келешегі..
"Саясат" термині мемлекетпен, өкімет билігі қатынастарымен, адамдар мен қоғамға басшылық ету ғылымымен байланысты көне заманғы ұғымдарға негізделген. Мәселен, "полис" (қала-мемлекет), "политикос" (мемлекет қайраткері), "политейя" (конституция).
Дәстүрлік түсінік. Саясат дегеніміз, ең алдымен, мемлекеттік және қоғамдық істер, адамдар, әлеуметтік топтар, халықтар мен мемлекеттер арасындағы айқын көрінетін және өкімет билігі жөніндегі қатынастармен байланысты қызмет саласын білдіреді. Әлеуметтік сирек ұшырасатын құбылыс ретінде оған саяси институттар мен ұйымдардың қызмет атқаруы, саяси нормалар мен дәстүрлері, адамдардың басқару қызметі, олардың әлеуметтік-саяси мүдделері мен қажеттері, саяси идеялары мен көзқарастары жатады.
Саясат — өкімет билігі мен қоғамды басқару тұрғысындағы таптар мен әлеуметтік топтар арасындағы қатынастардың, қызметтің, тәртіптің, бағдарлардың және коммуникациялық байланыстардың сан алуан әлемі ретінде түсіндірілетін әмбебап қоғамдық сирек ұшырасатын құбылыс.
Саясат қоғамнан тыс өмір сүре алмайды, қоғам, өз кезегінде, адамдардың өмірлік қызметінің: шаруашылық-экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қызметтерінің өзара байланысты, өзара тәуелді, бірақ едәуір дәрежеде дербес салалар жиынтығынан тұрады.
Қоғам өміріндегі саяси саланың мәртебесі. Саяси саланың басқа салалардан айырмашылығы мынада: ол сөздің белгілі бір мағынасында осыларға қатысты үстемдік рөлін атқарады. Саяси саланың мұндай жағдайы оның ауқымында қабылданған заңдарды, шешімдерді, жарлықтарды, нұсқауларды барлық басқа да қоғамдық салалардың міндетті түрде орындауына байланысты болады. Осыған орай, саяси саланың, әсіресе қоғам дамуының өтпелі және күрделі Кезеңдерінде тиісінше артықшылықтары болады. Сонымен бір мезгілде, саясат саласы қоғамның барлық басқа салаларымен тығыз байланыста, соларға тәуелді болады.
"Саяси" және "әлеуметтік" бірегей құбылыстардың ара-қатынасы. Принципінде кез келген әлеуметтік құбылыс өзінің өкімет билігі ығына еруінің дәрежесі мен деңгейіне қарай саяси белгілерін саяси сипатын "алуы" немесе олардан "айрылуы" мүмкін. Қоғамдағы "саясат" атаулардың бәрі әманда әлеуметтік болып табылады, бірақ әлеуметтік атаулының бәрі әлеуметтік болмайды немесе "саясатқа" айналмайды.
Демек, қоғамда тәртіпті сақтау мен басқа да міндеттерді шешу үшін болатын өкімет билігі мен беделі бар қоғамдағы құбылыстарға, институттар мен қатынастарға қатысы бар нәрселердің бәрін саясат деп түсінеміз.
"Саясат" ұғымын түсіндіру. Саясатты анықтаудың мейлінше кеңінен тараған әдісі "саясат" терминінің шығу тегіне жүгіну болып табылады, ол көне грек тілінде "мемлекетті басқару өнері" дегенді білдіреді. Саясатты осылайша анықтау саясаттың орталық элементі ретінде мемлекетті көрсетеді, ал мемлекеттің өзін саясат туралы ғылымның орталық санаты ретінде қарастырады, ол өзінің ресми бастауын Аристотельден алған, ол саясатты мемлекетпен тығыз байланыстырып, бұл терминді ғылыми айналымға енгізген.
Оның анықтауы бойынша, саясат — бұл "ортақ игілікке" және "бақытты өмірге" қол жеткізуге қызмет ететін қауымның өркениетті нысаны.
Қазіргі заманғы өлшемде саясатты осы тәріздес түсіндіруді баяндауда екі негізгі үрдіс туралы айтуға болады:
а)мемлекет пен саясатты таптық санаттарда (марксизм) түсіндіру;
б)мемлекет пен саясатты үкімет қызметі санаттарында (американдық "саясат туралы ғылым" және “француздық саясат ғылымы”) түсіндіру
Маркстік теорияда саясат мемлекеттен және мемлекеттегі билікпен байланысты таптар күресінің, саласы ретінде анықталады. Саясат туралы ағылшын тілді және француздың сайсат туралы ғылымында саясат термині мемлекеттік басқару мен басқару қызметін жүзеге асыратын адамдар қызметімен бір мағынада байланыстырылады. "Саясат ғылымы", бұл мемлекеттің, сондай-ақ оның үкіметінің сипаты мен қызметтері туралы ғылым, үкімет органының көмегі арқылы мемлекет өзінің билігін жүзеге асырады.
Саясатқа мұндай түсінік беруге саясатты әлеуметтану тұрғысынан ұғыну қарсы тұрады. Саясат саласында әңгіме жиынтық әлеуметтік субъектілер — ұлттар, таптар, ірі қоғамдық қозғалыстар туралы болуға тиіс. Атап айтқанда, олар істің шын мәнінде, "сайып келгенде" саясат субъекгілері болып табылады және саяси партияларға, одақтарға, т.т. ұйымдасқан өздерінің өкілдері арқылы жария өмірге қатысады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет