Саяси билік адамдардың көптеген топтары арасындағы қатынастардың ерекше нысаны ретінде, сондай-ақ, саяси және құқықтық нормаларды білдірген өз еркін жүзеге асырудағы олардың нақты қабілеті ретінде түсіндірілуі мүмкін.
Саяси билік қайсыбір белгілермен сипатталады: а)жариялылық - жалпыға ортақтық және өзгешеліксіз, әдетте, ол барлық азаматтарға арналады;
б) басқарудың мемлекеттік және мәжбүрлеу аппаратының бояуы;
в)істерге араласушылық — саяси биіктің барлық қоғамдық процестерге және қоғамның тіршілік қызметтерінің барлық салаларына араласушылығы;
г)бір орталықтылық - шешімдер қабылдаудың бірыңғай орталығының болуы;
д)ресурстардың саналуандығы — мұның биліктің басқа түрлерінен айырмашылығы болады, өйткені ол билік ресурстарының барлық түрлерін пайдаланады.
Саяси биліктін негізгі міндеттері: а) қоғамды басқару стратегиясын жасау;
б) қоғам дамуының негізгі бағыттары бойынша нақты шеші-мдср әзірлеп, қабылдау;
в) қоғамдық процестерді жедел басқару мен реттеу;
г) қоғам дамуының тұрақтылығы мен бағытының аса маңызды өлшемдерін бақылау.
Саяси биліктің дамуындағы негізгі үрдістер:
а) билікті демократияландыру процесі (демократиялық нысандардың пайдасына авторитарлық және тоталитарлық билік нысандарынан бас тарту);
б) билікті интернационалдандыру, яғни нақты саяси билікке халықаралық проблемалар (ғаламдық проблемалар) әсерінің артуы, жекелеген елдердің заңнамалары;
в) саяси билікті бөлшектеу;
г) биліктің әртүрлі тармақтары арасында жанжалдардың өршуі;
д) билік аппараты төрешілдігінің жоғары қарқындары.
Биліктерді бөлу
Биліктерді бөлу - бұл саяси-құқықтық доктрина және сонымен бірге конституциялық принцип, ол демократиялық мемлекеттер мен жүйелерде билікті ұйымдастырудың негізі.
Биліктерді бөлу идеясы бұдан көп бұрын пайда болған. Алайда биліктерді бөлудің теориялық тұжырымдамасы Д.Локк пен Ш.Монтескьенің есімдерімен лайықты байланысты болды.
ҚР Мемлекеттік билігі Қазіргі заманғы саяси болмыста билікті үш тармаққа бөледі: олар — заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері.
Осы заманғы мемлекеттер тұрғысында биліктерді бөлу принципі әртүрлі саяси және әлеуметтік жағдайларда — президенттік республикада, парламенттік монархияда және республикаларда, басқарудың аралас нысаны бар елдерде, дамушы елдерде қолданыла отырып, өзінің әмбебаптығын дәлелдеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бөлімі 3-бабының 4-тармағында былай делінген: "...Қазақстан Республикасында мемлекеттік билік... заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады".
Соңдықтан мемлекет билігінің бірыңғай тұтастығы ауқымында олардың әрқайсысы өздерінің өкілеттіктерін тиімді жүзеге асыру үшін биліктерді шектеу, жеке адамның, халықтың мүдделерін, соңдай-ақ қоғамның әлеуметтік озық ілгерілеуін қамтамасыз ету үшін олардың бірлігі де қажет.