Биліктің тұжырымдамалары: 1) анықтаушы-елеулі тұжырымдамалары, билікті субъектінің белгісі, анықтаушы қасиеті ретінде, әйтпесе және әншейін өздігінен жеткілікті "нәрсе" немесе "зат" ретінде түсіндіреді.
2) қатыстылық тұжырымдамалары, билікті қарапайым әрі күрделі қатынас деңгейлеріндегі әлеуметтік қатынас немесе өзара іс-қимыл ретінде сипаттайды.
Билікті пайымдау жөніндегі анықтаушы-елеулі көзқарастарды, өз кезегінде: а) әлуетті-ерік-жігерлі;
б) құрал-күш қолдану;
в) құрылымдық-қызметтік көзқарастар деп бөлуге болады.
Әлуеттік — ерік-жігер тұжырымдамаларының негізінде қандай да бір саяси субектінің еркін күштеп таңу қабілеті немесе мүмкіндігі ретіндегі биліктің анықтамасы болады (Гегель, Маркс, Фихте, Вебер).
Биліктің құрал-күш қолдану тұжырымдамалары биліктің бірегей құбылысын нақты күш (яғни ерік-жігерді іске асыру құралы) ретінде (Ч. Мерриэм, Д. Кетлин) түсіндіреді.
Биліктің жүйелік және құрылымдық-қызметтік тұжырымдамалары (Т.Парсонс, Д. Истон, Г. Алмонд, М. Крозье) - билік ең алдымен әлеуметтік жүйенің ерекше ықпалдастық белгісі болып табылады, оның мақсаты биліктің тұтастығын, ортақ ұжымдық мақсаттарды жекелеген элементтер мүдделерімен үйлестіру, сондай-ақ азаматтардың келісімі мен көшбасшылығын заңды деп тану негізінде қоғамның көмекші жүйелерінің қызметтік өзара тәуелділігін қамтамасыз ету.
Қатыстылық тұжырымдамалары билікті "әлеуметтік қатынастар" санатының көмегімен түсіндіреді.
Биліктің құрылымы. Биліктің субъектісі, объектісі, құралы оның негізгі құрамдас бөліктері болып табылады, олар оның барлық элементтерін қозғалысқа келтіріп, субъекті мен объектінің өзара әрекетінің тетігімен және әдістерімен сипатталады.
Саяси биліктің субъектілері көп өлшемді болады. Биліктің бастау алатын субъектілері адамдар, әлеуметтік топтар, қосымша бастаулары — саяси ұйымдар, барлық биліктің қатынастарында әралуан қоғамдық топтар мен бүкіл халықтың тікелей өкілдері болатын ең жоғары деңгейдегі субъектілер — саяси бекзаттар мен көшбасшылар болып табылады.
Субъекті мен объекті шеткі қарама-қарсылықтарды, билік құрылымының перменді бастауларын сипатталды. Әрі адамдардың субъекгілер мен объектілер, бастықтар мен бағыныштылар болып бөлінуі көбінде салыстырмалы сипатта болады: бір жағдайда адам бастық, екінші бір жағдайда бағынышы болады. Билікке қатысты оның агенттерінің өзара іс-қимылы құралдардың немесе ресурстардың тұтас жиынтығымен жанама қатынаста болады және өкілдік ету процесін реттейтін арнайы институциялық тетік ауқымдарында жүзеге асырылады. Билікгің бұл құрамдас бөліктері дегеніміз не?