Саяси жүйенің құрылымы: а) бүкіл саяси жүйенің, билік ету-басқару құрылымдарының материалдық негізін, тірегін құрайтын саяси институттардан;
б) белгілі, бір қоғамдағы саяси қатынастарды реттейтін саяси нормалардан;
в) саяси жүйенің элементтері арасындағы тік және көлденең байланыстардың негізі болып табылатын саяси қатынастардан;
г) саяси жүйенің басқа бөліктерін құру мен қайта құру процесін жанама түрде жүргізетін саяси сана-сезімнен;
д) жүйені дамытудың бағалы басымдықтары мен оған қойылатын талаптарды анықтап, тарататын саяси мәдениеттен;
е) тиісті ақпаратты тарататын саяси коммуникациядан;
ж) саяси жүйені немесе оған қарсы тұрған күштерді қолдаудың белгілі бір деңгейін білдіретін саяси қатысудан тұрады.
Саяси нормалардың рөлі. Ресми нормативтік жүйелер қатарында мемлекеттің нормативтік жүйесіне — құқыққа жетекші орын беріледі. Құқық саяси партиялар мен басқа да саяси ұйымдар, кәсіптік одақтар, жастар ұйымдары мен т.т. құратын саяси нормативтік жүйемен бірге қызмет атқарады. Мұнда жетекші партиялардың саяси нормативтік жүйелері ерекше рөл атқарады, өйткені оларды, әдетте, нормативтік кесімдер түріңде қабылданатын мемлекеттік органдардың шешімдері тірек етеді. Саяси нормалар жоғарыда аталған ұйымдардың жарғыларында, олардың бағдарламаларында, мәлімдемелерінде және т.т. тұжырымдалады.
Демократиялық мемлекеттерде саяси нормативтік жүйе конституциялық нормалардың қажетті қосымшасы ретінде болады, өйткені, атап айтқанда, ол заң шығару билігі жоғары органдары депутаттарының мінез-құлқы негізінен орын алған.
Жоғарыда келтірілген саяси жүйенің құрылымдық құрамдастары жөніндегі барлық көзқарастардың негізінде мынадай қорытындыға келеміз: қоғамның саяси жүйесі — бұл "біртұтас, күрделі, ықтимал және ашық жүйе.
Саяси жүйенің міндеттері: а) әлеуметтік мүдделерді және билік институттарымен өзара іс-қимылдарды ұштастыру;
б) қоғам мүшелерінің мүдделерін білдіру және ол мүдделерді олардың ортақ мүдделерімен үйлестіру;
в) саяси басшылық;
г) белгілі бір қоғамның тұтастығын сақтау мақсатында қоғамның саяси күштерін біріктіру;
д) қоғамда қабылданған және басым мұраттарға бағдарланған саяси қатынастарға белсене қатысушьшардың әлеуметтік базасын ұлғайту.