Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі



бет92/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114
1.Конфликт әлеуметтік құбылыс ретінде және оның саясаттағы рөлі.
Конфликт- дегеніміз әрбір қарсы жақты қолайсыздыққа ұшыратып, істі насырға шаптыратын қарама-қарсы мүдделердің, пікірлердің, көзқарас- тардың қайшы келуі, елеулі келіспеушілік, өткір пікір талас.
Саясаттану ғылымында ұзақ жылдар бойы қоғамдағы қайшылықтар, дағдарыстар,конфликттер, төңкерістер, яғни мемлекеттегі тұрақсыздық, ойдағыдай дамымауы ауру болып саналды. Көптеген ойшылдар қоғам, мемлекет бірқалыпты, тұрақты дамуы керек деп санады. Сондықтан қоғамдағы тұрақтылық ең негізгі құндылық болып саналды.
Бірақ ол мүмкін нәрсе емес еді, өйткені қоғамда әр түрлі әлеуметтік топтар, таптар, қабаттардан тұратын болғандықтан, олардың мақсат- мүдделері, талап-тілектері де соншалықты әр түрлі болып келеді. Бүл әр түрлілік, сәйкес келмеушіліктер айырмашылықтарды тудырады, олар дер кезінде шешілмей конфликттерге айналып отырады.
Қазақстан Республикасыньң Президенті Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында: «Егер әртүрлі топтар оларды қандай саяси, идеология, діни, этникалық немесе топтық мүдделердің біріктіретіндігіне қарамастан қарама-қарсылық күйде болса, бүл халықты ортақ игілікке қол жеткізу мен өзінің ұлттық мүдделерін іске асыру мақсатынан жаңылыстыратын қауіпті жағдайға әкеп соғады» - деп шиеленістердің қоғам үшін қауіптілігін баса айтады.
Адамзат шиеленісті зерггеуге өте ертеден-ақ көңіл белген, б.з.д. VII- VI ғасырлардағы қытайлық философтар дүннедегі нәрселердің бәрінің қозғалысының көзі оң (ян) жәие теріс (инь) бастаулар болады деп айтады. Ежелгі грек ойшылы Гераклит заттар мен құбылыстардың дамуы қарама- қарсылықтардың күресінен туады және ол күрес жаппай, барлығы мүмкіндігіне қарай күрес арқылы болып өтеді деп жазады. Бүл пікірді Сократ, Платон, Эпикур де мойындаған.
Қоғамдағы конфликтіні зерттеуге Н.Макиавелли ерекше көңіл бөлді. Рим тарихына арналған еңбегінде шиеленістің әр түрлі деңгейін қарастыра отырып, оның коғам дамуындағы маңыздылығын айтты. XV111 ғасырдағы саяси шиеленісті зерттеуші ойшылдар оны үстемдік пен тәуелділікке әкеп тіреді және ол мемлекет реттеуімен шешіліп отырады деп есептеді.
Шиеленісті әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеген А.Смит болды. Бүл зерттеуін «Халык байлығының себептері мен табиғаты туралы зерттеулер» (1776 ж.) атты кітабында жүргізген. А.Смит шиеленістің негізіне- қоғамның таптарға қысым жасауы мен экономикалық бэсекелестікті жатқызады, әрі оны қоғамның қозғаушы күші деп есептеді. Шиеленісті зерттеуде Гегельдің ілімі ерекше орын алады. Ол қоғам дамуындағы қарама-карсылықтардың қайшылықтары мен күресін жоғары бағалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет