Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет95/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   114
Саяси шиеленістердің түрлері. Шиеленістердің алғашқы классификациясын жасауға талпынған американдык социолог П.Сорокин. Ол шиеленісті тұлға аралық немесе топаралық, яғни жеке адам немесе әлеуметтік топтар арасында деп бөлуді ұсынды. Бұл классификация бойынша халықаралық, этникалық, және т.б. баска шиеленістер екінші топқа енеді.
Кейінен ғалымдар шиеленістің нақты классификациясын жасауға тырысты. Оны К.Боулдинг, Й.Галтунг, С.Чейс, К.Холсти жасады. Бұл классификациялардың барлығы зерттеуші ғалымдар шиеленіс феноменнін қалай түсінетіндігін көрсетті.
Шиеленістің дәстүрлі классификациясында, шиеленістер мына негіздер бойынша анықталынады:

  1. оған қанша жақтар қатысады, шиеленістің тікелей және жанама қатысушылары қандай. Бұл өлшем бойьшша ішкі, халықаралық, өлкелік шиеленістер, дүние жүзілік соғыстар жіктелінеді. Егер қатысушылар екеуден көп болса, ол көпжақты, бұндай шиененісті реттеу қиын болады.;

  2. шиеленістік өзара әрекеттің жылдамдығы мен сипаты қаншалықты, шиеленіс тек шиеленістік қатынаспен ғана шектеледі ме әлде қарулы қақтығысқа орын берелді ме. Жауласу деңгейі жоғары болған сайын шиеленісті реттеу де киын болады.

Қарама-қайшылық негізі не /этникалық, діни, идеология/ және айтыс-тартыс пәні не /территория, ресурстар, ықпал саласы/. Бұл параметрлер бойынша шиеленісті анықтау өте қиын, онсыз реттеу де қиынға соғады.
Американ ғалымы Дж.Стоссинджер пікірі бойьшша XX ғасырдағы көптеген қарулы қақтығыстардың болуының себебі саяси лидерлердің қабылдау қателіктері болды. Бұл қателіктер мыналарда бейнеленді:

  1. өз мүмкіндігін дүұыс бағаламау;

  2. қарсы жақ лидерін бұрыс бағалау, оның тұлғалық сапасын ескермеу;

  3. қарсы жақтың ойындағысын қате қабылдау, олардың күшін, мүмкіндігін ескермеу.

Саяси пшеленісті саясаттану ғылымында жіктеудің мынадай түрлері кездеседі:

  1. Көріну саласы мен облысы бойынша, мұнда ішкі және сыртқы саяси шиеленістер көрініс береді. Халықаралық шиеленістер «соғыс жағдайындағы» шиеленіс, онда бір мемлекет екіншісіне талаптар қоя отырып, екінші мемлекет күрескеннен гөрі шегіністерге барады деп үміт күтеді.

«Жауласушылықты ақтау», көбінесе арандатушылық әрекет, қалыптасқан ахуалда орындалуы мүмкін емес талаптар қойып, екінші жақты әдейі қақтығысқа шақыру (Гитлерлік Германия).

  1. Ішкі саяси шиеленістің өзі әр түрлі билік субьектілері арасында өтеді. Билеуші және оппозициялық элита, бәсекелесуші партиялар мен мүдделер тобы, орталық билік пен жергілікті билік құрылымдары арасындағы шиеленістер.

  2. Нормативті реттелу деңгейі мен сипаты бойынша. Бұл жағдайда институттанған немесе институтганбаған шиеленістерді айтуға болады, адамдардың саяси ойын ережесіне бағыну немесе бағынбау қабілеттілігін айтуға болады.

  3. Сапалық сипатына қарай шиеленісті бөлу, «терең» және «таза» шиеленістер (Дж.Бертон); адам санасына байланысты «нөлдік сомадағы» немесе «нөлдік емес сомадағы» шиеленістер (П.Шаран); антогонистік немесе антогонистік емес шиеленістер (К.Маркс).

  4. Ашық және жасырын саяси шиеленістер:

  1. манифестация, шеру, сайлауға қатысу.

  2. жасырын саяси шешім қабылдауда билеуші элита арасында кездеседі немесе биліктің әр түрлі тармақгары арасында болу мүмкін.

  1. Мерзіміне қарай жылдам, қысқамерзімдік, ұзақмерзімдік шиеленістер болып бөлінеді.

  2. Тік немесе көлденең саяси шиеленістер де болады.

Кейде билік басындағылар шиеленісті байқаса да байқамағансуы мүмкін. Ондайда шиеленіс бықсьш, жанып өрістеуі мүмкін. Сондықтан, шиеленісті шешу керек. Бұрын одан шығудың екі жолын қолданған:

  1. қоғамның «таза» дамуына сәйкес келмегенді өз арасынан аластатып сыртқа ығыстырып шығару арқылы құтылғысы келген.

  2. керексіз жағдайды, құрылымды тура жаншып құрту, жою. Бұл іпиеленістерді шешудің екі жолында шиеленіс шешілген сияқты, алдамшы түсінік бар. Ал, шын мәнінде ол ауруды ішке тыққанмен тең.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет