Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Саяси дамудың эволюциялық жолы үшін қажетті жағдайлар мыналар



бет103/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   114
Саяси дамудың эволюциялық жолы үшін қажетті жағдайлар мыналар:

  • тұрғындардың шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту, қоғамдық сұраныс пен мүддені есепке алу;

  • билік үшін күресте әділ және еркін бәсекелестікті орнату;

  • шиеленісті шешудің тиімді механизмін қалыптастыру;

  • саяси жетекшілердің біліктілігі, хабардарлығы, қарсыласымен келісімге келе білу қабілеті, күштеуге жол бермеу;

Саяси жүйедегі даму процесі:

  1. талаптар мен қолдауды артикуляциялау, оны әр түрлі күштеу топтары мен саяси партиялар атқарады. Егер олардың қызметі шектетілетін болса, онда саяси жүйенің бейімделу мүмкіндігі әлсірейді. Талаптарды електеу, белгілі бір каналдарға бөлу. Ол мәдени әрі құрылымдық екіге бөлінеді болып. Құрылымдық немесе саяси түрі, оған партия, жоғары қабат, парламентаризм жатады. Мәдени реттеуге саяси қалыптар, құндылықгар, түсінікгер, көзқарастар жатады. Сондықтан мұнда саяси әлеуметтендіру рөлі басым. Талаптарды қысқарту, топтастыру, баламалық талдауды қалыптастыру. Бұл қызметті саяси партиялар тиімді атқарады. Қазақстан Республикасында саяси партиялардың әлсіздігі саяси жүйенің сыртқы және ішкі өзгерістерге тез арада бейімделуінің стратегиялық потенциалын төмендетуде.

  2. Кері байланыс қоғамдағы шиеленістерді шешудің бірден-бір көзі, ол биліктің саяси жүйеге түскен талап-тілектерді реттеу қабілетіне байланысты. Кері байланыс саяси жүйенің өзінің мақсатына қаншалықты жеткендігін анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында саяси жүйе кері байланыс әлсіздігінен қиналысқа үшырауда. Бұл саяси жүйенің ақпараттар каналдарының қызметі әлсіздігіне байланысты.

К.Дойч саяси жүйе өз мақсатына жетуі үшін мына төрт факторға тәуелді деп есептейді:

  • жүйенің ақпараттармен жүктелуі;

  • саяси жүйе реакциясының жылдамдығы;

  • саяси жүйенің жаңа фактілерге тез, әрі сапалы жауап қайтаруы;

  • мақсатты нақты белгілеу.

Демек, саяси жүйе қызметінің тиімділігі қамтамасыз ететін факторларға айналымдағы ақпараттардың жеткіліктігі мен сапасы, жүйенің сыртқы ықпалдарға жауап қайтару жолдары мен формалары, сонымен қатар коллективтік әрекет арқылы білдіру, оның нәтижесінің бастапқы мақсатқа сәйкес келуін жатқызуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет