Құжаттарды талдау дәстүрлі жолмен және формальды түрде жүреді. Барлық құжаттар түрлерін оқып-пайымдау сын тұрғысынан қарауды талап етеді.
Құжаттарды дәстүрлі жолмен талдаудың (кейде сапалы талдау деп те атайды) мәні мен сыры - құжаттардың мазмұнын сұңғыла тұрде зерттеу, негізге алынған ой-пікірді игеру, негізгі идеяларын бөліп алу, логикалық жағынан терең зерттеу, олардың авторларының саяси, азаматтық бағытын қадағалау, кейбір "айта алмағандарын", бүркеме пікірлерін іздеп табу, автордың құжатты жазудағы тілі мен стиліне аса көңіл аудару болып табылады. Осындай сараптау жасағанда зерттеуші өзіне-өзі сүрақ қойып, айталық, құжаттың құндылығы неде, оны дайындаудағы мақсат не, ондағы фактілердің сенімділігі қандай деген сауалдарға жауап беруі керек.
Құжаттарды талдау әдісінің екі тобы бар: дәстүрлі және дәстүрлі емес.Дәстүрлі талдау деп зерттеушінің белгілі бір көзқарасы бойынша құжат құрамындағы мәліметтерді интерпретациялауға бағытталған барлық алуан түрлі ақыл-ой операцияларын айтады. Мұндай әдіс барлық жерде қолданылады, оның мәні қандай да бір зерттеушінің белгілі бір жағдайға қажетті мәліметті алуынан көрінеді.
Әдістің басты кемшіліктері – тенденциалық, субьектевизм. Қолданбалы әлеуметтануда дәстүрлі емес әдіс белсенді түрде қолданылуда. Әдістің мәні тестілік ақпаратты сандық көрсетікшке аударуда, ол құжат мәтінінде оның мазмұнының маңызды жақтарын қажетті түрде көрсететін жеңіл оқылатын белгілерді, қасиеттерді табу арқылы жүзеге асырылады.
Эмперикалық зерттеудің маңызды әдісі-бақылау. Адамдар бақылауға мақсат көзқарастарына қарай, объект және оның маңыздылығы туралы барлық фактілерді тікелей қабылдайтын және тікелей тіркеп отыратын әлеуметтік ақпараттың маңызды қайнар көзі ретінде қарады. Бақылауға тән қасиеттер: жүйелілік, жоспарлылық және мақсатқа бағытталғандық. Бақылаудың бірнеше түрлері бар. Оны жұргізу техникасына, кімді бақылау қажеттігіне орай бақылау — бақылаулық және бақылаусыздық, яғни спонтандық түрлерге бөлінеді. Бақылаулық түрі зерттеудің тиянақты жоспарына және реттілігіне сәйкес жұргізіледі.