2.Индустриалдық және постиндустриалдық қоғамдардың сипаттамасы. Индустриалдық қоғам – «дәстүрлі», «аграрлық» және т.б. аз дамыған қоғамдармен салыстырғанда қазіргі «дамыған» қоғамдардың тенденциялары мен ерекшеліктерін білдіретін ұғым. Бұл терминді француз философы, ойшылы А.Сен-Симонға жатқызды. Әрі қарай орыс концепция әлеуметтанудың О.Конт, А.Токвиль, К.Маркс, Э. Дюркгейм және басқа классиктарының идеяларымегн байытылды. Индустриалдық қоғам концепциясы өте жоғары көркеюі мен ресми академиялық теория деуге болатындай дәрежесіне ХХғ. 50-60ж.ж. батыстық әлеуметтануда жетті сол кезде индустриалдық қоғам жалпы, жалпылық ретінде «капитализм – социализм» ұғымдарын қарсы қоймау үшін маркстік капиталистік қоғам түсінігімен бәсекеге түсті, сөйтіп дамыған өнімді күштері және қоғамдық байлықтың жинағы бар капитализм мен социализмді бір типтегі индустриалдық қоғамның әр түрлері ретінде қарастырды. Әлеуметтік-саяси ғылымдардағы зерттеушілер индустриалдық қоғамның негізгі белгілері мен ерекшеліктерін көрсетуге тырысты: оның қалыптасу барысында ірі машиналық өндіріс , еркін саудасы мен ортақ рыногы бар , рәзімі (символы) фабрикалық құбыр болатын еңбектің фабрикалық ұйымдастырылуы тән экономиканың ұлттық жүйесі жасалынады.Д. Белл индустриалдық оның қоғамда әлеуметтік динамикасые анықтайтын негізгі айнымалы шамалар еңбек пен капитал болады деп есептеді. Р.Дарендорф бойынша, бұл қоғамда негізгі әлеуметтік конфликт меншіктің белдігі бойынша өтетін пролетариат пен капиталистердің арасындағы қарсы тұру болады.
Қазіргі дамыған индустриалдық қоғамға халықтың ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларынан экономиканың үшінші секторы – тұрмыстық қызмет көрсету сферасына ауысу тән. Сонымен бірге индустриализмнің қуатының өсуі мен мамандардың экономика мен қоғамдық өмірдің басқа сфераларын басқарудағы рөлінің артуына байланысты индустриалдық қоғамда меншіктің басқару процесіне бөлінуі өтеді, ал нақты билік, бақылау ғалымдар, инженерлер мен техниктер, басқару мамандары-менеджлерден тұратын ерекше әлеуметтік ұйымға көшеді. Индустриалдық қоғам идеялар жүйесінің табиғи жалғасы 70-жылдардағы постиндустриалдық қоғам теориясы болды.