Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет37/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114
Девиантты мінез-құлық –әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлық айтады. Ол ауытқыған міне-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп айтады.

Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұрау, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қғамға жат қылықтар, жыныстық жат міне-құлық, суицид жатады.

  • Делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшеленеді. Оның мынадай типтері бар:

  1. Агрессивті –зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-рекеттерде көрініс береді.

  2. Ашкөздік мінез-құлық : майда ұлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.

  3. Наша сату және тарату.

  • Крмимналды мінез-құлық заң бұзушылық б.т. балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады.

Девиацияны зерттеуші көптеген ғалымдар девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын түрліше түсіндірнді. Біріншілер оларды екі үлкен топқа ішкі және сыртқы факторлар деп бөлсе, екіншілері оларды бөлмей:

  • Жанұяда берекенің болмауы;

  • Атан-ананың «ерекше» қамқорлығы;

  • Тәрбие берудегі кемшіліктер;

  • Өмірде кездесетін қиыншылықтар мен күйзелістерді жеңе алмау;

  • Өмірлік дағдының болмауы, айналасындағы адамдармен, құрбыларымен жарасымды қатынсқа түсе алмауы;

  • Сырттан келген қысымға төтепбере алмауы

  • Өз бетінше шешім қабылдай алмау, сынаушылық ойды дамыта алмау;

  • Психоактивті заттарды жиі пайдалану;

  • Агрессиялық жарнаманың ықпалды болуы;

  • Мектептерде психологиялық көмек көрсету қызметінің нашар дамуы;

  • Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытының проблемалары

Үшіншілер оларды негізгі бес факторға бөліп қарастырады.
1.Биологиялық факторлар – баланың әлеуметтік бейімделуіне кедергі жасайтын физиологиялық және анатомиялық жағымсыз ерекшеліктер.
2. Психологиялық факторлар.
3.Әлеуметтік-педагогикалық факторлар.
4.Әлеуметтік-экономикалық факторлар.
5.Моралді-этикалық факторлар.
Мұндай жағдай өтпелі, тоқырау, азамат соғысы, революция, терең реформалар мен терең әлеуметтік өзгерістер кезеңіне сай келіп, жалпыға ортақ мақсат пен құндылықтар мен моральдық және құқықтық ережелерге деген сенім жоғалғандығынан қалыптасады.
Шектен шыққан «ауызсыздық» кезеңін барлық халықтар басынан өткізді. Мысалы, Францияда 1560-1590 жылдардағы католиктер мен кальвинистер (протестантизмнің бір бағыты) арасындағы діни соғыс. Бұл жылдары зорлық пен тонау, жаппай қырып жою, т.б. қайғылы оқиғалар орын алды.
Аномия жағдайы 1990 жылдардағы қазақ қоғамына да тән. Еркіндік пен рынок, демократия жолында үлкен қиыншылықтарды бастан өткердік, яғни а) өткен идеялардың болымсыздығына көз жету және одан түңілушілік;
б) өткен құндылықтар мен әлеуметтік нормаларды қайта қарау және електен өткізу;
в) адамзаттық мәдениеттің жаңа, прогрессивті элементтерін қабылдау мен меңгеру процесі.
Бұл қылмыскерлік алдап арбау, мемлекет қызметкерлерінің ақшаға сатылуы бұл маскүнемдік, нашарқорлық,
жезөкшелік, қыздардың темекіге әуестенуі, порнография, қайырымсыздық, жақын адамның қайғысына немқұрайлы қарау және жанашырлық көрсетпеу, жан-ұядағы ұрыс-керіс, жетімдер мен тастанды балалар т.б.
Сонымен, адамдардың қоғамдағы біріккен өмірі әдептілік пен өзара сыйластықты, моральдық және құқықтық нормаларды қабылдамай девианттық мінез-құлыққа бой ұрады. Осы және басқа да себептер әлеуметтік дау-жанжалға әкеледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет