Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов


Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы



бет40/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114
3.Еңбек нарығы және жұмысбастылықтың құрылымы.
Еңбек нарығы - бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату – сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Еңбектің тікелей əсер етуінің арқасында жоғары біліктілікті еңбектің дəрежесі көтеріледі, əрбір жұмыс орнының бағасы өседі, жұмыскерге жəне оның еңбегіне талап күшейеді. Еңбек нарығында өте қабілетті жəне іскер жұмыскерлерге қатаң таңдау жүргізіледі. Нарық еңбекке қабілетсіздерді, жалқау, əлсіздерді ешқашан аямайды. Ол еңбектің жоғары шапшаңдығын қамтамасыз етіп, іскерлік пен біліктілікті талап етеді.
Еңбек нарығы — бұл бәсекелік нарық. Оның құрылымдық-функционалдық ұйымдастырылуының өте күрделі болғандығынан, қашан болмасын, жұмыс орындары мен еңбек ресурстарының арасында белгілі сәйкес келмеушілік болады. Өзін алмастыруға жоғары квалификация талап ететін, жұмыс орындарының бір бөлшегі бос болып қала береді, ал қажетті арнаулы дайындығы жоқ адамдардың бір бөлшегі жұмыс таба алмайды. Осындай жағдайда, жұмыстың қандайын болмасын табу үшін жұмыссыздар арасында бәсекелестік пайда болады. Осымен бірге, өз еңбегімен жоғары табыс табуды көздеп ұнамды орналасу үшін, жоғары квалификациялы жұмыскерлер мен мамандар да бір-бірімен бәсекелік сайыста болады.
Еңбекке сұраныс келесі факторларға байланысты:

  1. еңбектің шекті өнімділігі;

  2. басқа өндіріс факторларының ұсынысы.

Еңбек ұсынысына келесі факторлар ықпал етеді:

  1. халықтың жалпы саны;

  2. жұмыс істейтін белсенді халықтың үлес салмағы және оның өзгерісі;

  3. әрбір жеке жұмысшының жұмыс істеу мерзімі;

  4. қызметкердердің кәсіби дайындығы және мамандық дәрежесі.

Еңбек нарығының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын тиімді жəне нəтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамту аса күрделі əрі мемлекеттік маңызды мəселе. Нарыққа бет алған сайын бұл мəселе экономикалық өмір тіршілігінде өткір жəне батыл койылған саяси экономикалық жəне əлеуметтік мақсаттарға жетудің шартты жағдайларының бірі.
Сондықтан еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т.б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет