1. Мәдениет және нормалар жүйесі. «Мәдениет» атауы латын тілінде алғашында «топырақ өңдеу» дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекетінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен «мәдениет» сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған «екінші табиғат», табиғатта жоқ, адамның саналы қызметімен жасалған бүкіл дұние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз –белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез-құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісті де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты кұштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғат пен қоғамда іс-жүзінде асырылуының аясы болып табылады.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына келетін болсақ, онда оны адамдардың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет - өркенді рухани құндылықтар жиынтығын, тиісті мәдени-ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай-ақ оларды өндіру, бөлу және тұтыну процесінің өзін де қамтиды.
Әлеуметтануда мәдениет деп заттар қатынасы емес және әлеуметтік ұйымдасу жүйесіндегі рөлдер қатынасы емес және қоғам дамуының жеке тұлғалары мен субъектілері түріндегі адамдар, олардың өздерінің қатынастары түсініледі. Рухани мәдениет аса күрделі де өзіндік ерекшеліктері бар қоғамдық құбылыс.
Адам мәдениетінің көрінісі әлеуметтану тұрғысынан үш негізгі белгімен анықталады. Біріншісі-адамның қоршаған табиғатқа қатынасы. Қазіргі жағдайда мәдениет пен жеке адам, мәдениет пен қоғам адам тұрған ортасына тұзетуге келмейтін зардаптарды болдырмайтын жауапкершілікпен қатынасуға тиіс хал-ахуалдың сана деңгейімен өлшенеді. Адам қоғамы мәденеиеті – қоғамның табиғатпен өзара байланыстарының ең алуан түрлі аяларынан, өндірісте демалыста, тұрмыста көрінетін ұйлесімдікте. Екіншіден, мәдениет-адамның басқа адаммен қатынасы. Адмадар, мемлекеттер этникалық топтар арасындағы қатынастар мәдениетінің дәрежесі, ұжымдағы, кұнделікті тұрмыстағы, отбасындағы өзара қатынасының мәдени ахуалы адамдардың өзара байланысы фактісін жете түсіну дәрежесіне тәуелді. Үшіншіден, мәдениет- адамның өзіне өзінің қатынасы.
Мәдениет өз бойына материалдық және рухани өндіріс нәтижелерін бейнелендіріп сіңіреді. Сондықтан осыған сәйкес мәдениетті материалдық және рухани деп негізгі екі салаға бөледі. Осылайша бөле отырып, мәдениет біртұтас жүйе, оның барлық элементтері өзара байланысты екенін ұмытуға болмайды. Әрине мәдениеттің рухани және материалдық салаларға бөлінуі олардың әрқайсысы қоғамдық қатынастар дамуында өзіндік өзгешелігі болатындығымен және ерекше рөл атқаратындығымен өз ақтауын табады.