Ф 03-03 Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі М. Әуезов



бет63/114
Дата06.03.2023
өлшемі0,97 Mb.
#72246
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114
4.Саясаттың негізгі түрлері.
Саясат түрлері мен бағыттары бойынша сараланады. Ішкі және сыртқы саясат деп бөлінеді. Ішкі саясат қазіргі құрылысты сақтауға немесе реформалауға бағытталған мемлекеттің, оның құрылымдары мен институттарының экономикалық, демографиялық, әлеуметтік-ықпалдастық, мәдени, жазалау және т.т. қызметі бағыттарының жиынтығы болып табылады. Ішкі саясатты жүзеге асыру үшін мемлекет әртүрлі құралдарды: заңды, нормативтік кесімдерді, салық тұтқалары мен жеңілдіктерді, әлеуметтік-беделді және әлеуметтік-беделді емес қоғамдық мәртебелерді және басқаларын пайдаланады.
Сыртқы саясат — мемлекеттің сыртқы саясат қызметінің басқа да субъектілерімен: мемлекеттермен, шетелдік партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен, дүниежүзілік және аймақтық ұйымдармен қатынастарды реттейтін халықаралық аренадағы қызметі. Сыртқы саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени әлуетіне негізделеді.
Бағыттары бойынша саясат саласына немесе қосымша субъектісіне қарай: экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, демографиялық, жастар, білім беру, құқықтық, әскери және т.т. болып бөлінеді.
Саясат, құқық, ақлихат (мораль)
Жоғарыда аталған сирек ұшырасатын құбылыстар қоғамдық сананың нысандары болып табылады, мұның өзі, принципінде, ендігі жерде олардың өзара байланысы мен өзара байланыстылығын анықтайды.
Ақлихат — мораль (латынның "moralis" — имандылық деген сөзінен шыққан) – қоғамдық сана мен оны іс-тәжірибеде іске асыру, адамдар мінез-құлқының қоғамдық қажетті түрін анықтайтын әрі қалыптастыратын нысандарының бірі.
Ақлихат адамның қоян-қолтық өмір сүруін сипаттайды және адамдар арасындағы қатынастардың нысаны болып табылады. Ақлихатты адам мінез-құлқының түрін, оның қоғаммен өзара қарым-қатынастарының жүйесін анықтайтын адамның ішкі, мәнді сипаттама суретінде түсінген жөн. Өз дамуының шығу тегі үрдісінде ақлихат әдет-ғұрыптардың, тыйым салулардың,, дәстүрлердің күшіне сүйенген, мұның өзі оны құқықпен жақындатады. Қоғам дамуының тарихы ақлихат пен құқықтың бірыңғай шығу көздері жөнінде дәлелдейді.
Ақлихат және әділет заңы. Ақлихат саясатты, бақылаусыз саяси іс-әрекеттің бостандығын шектейді, осыған орай саясат одан азат болуға ұмтылады. Ақлихаттық заң ерікті түрде атқарылады, оны адам өзіне қолданады. Әділет заңы — осы заңға жекелегенг адамдардың көзқарасына қарамастан, адамның тіпті оны қабылдамауы жағдайында да, ол мәжбүрлі, міндетті заң болады.
Саясат пен ақлихаттың өзара қатынасы жөніндегі негізгі көзқарастар:
а) ақлихаттық қөзқарас — саясат ешқандай жағдайда да имандылық принциптерін (ақиқаттылықты, адалдықты, ізгі ниеттілікті) бұзбауға және тек имандылық тұрғысындағы құралдарды ғана пайдалануға тиіс;
б) құндылықты-бейтарап көзқарас — саясат имандылық құндылықтарын теріске шығарады. Мұндай көзқарас саясатқа бейақлиқаттық сипат береді. Бұл Н. Макиавеллидің: "мақсат құралды ақтайды" деген белгілі нақылымен үндес келеді.
в) ымыра көзқарас — саясаттың ерекшелігін ескере отырып, саясаттағы имандылық нормаларын ескеру қажет (бұл көзқарасты көптеген саясаткерлер мен ғалымдар ұстанады).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет