Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р



Pdf көрінісі
бет13/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36
Уакыт категориялары жыл, гасыр, мын жыл, дәуір, кезен,заманнан тұрады. 
Тарихтагы уакытты хронологиялык даталар деп атайды. Олар ушке 
бөлінеді: 1. Негiзгi даталар. (Ұлы Отан соғысы). 2. Тірек даталар. (белгілі бір 
тарихи дәуiрдi окыганда үнемi ескерiлетiн). 3. Кайталанатын дата (екiншi 
дүниежүзілік соғыстың аякталуы.). 
Бiлiмдi калыптастыру ушiн окига туралы түсінік, ұғым қалыптастыруымыз 
керек
Тарихи түсініктер үш түрлi объектiлер туралы калыптасуы тиiс. 
1. Қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді камтитын өткен кезең 
туралы: материалдық-өмір тұрмыс (еңбек кұралдары, шаруашылығы) 
әлеуметтік саяси өмір (әр түрлі таптардың өкілдері: құл, феодал, 
капиталист т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс тарихының оқиғалары, тарихи 
мәдени өмір туралы түсiнiктер 
2. Тарихи уақыт туралы (белгiлi бiр уақытта болу ретi, ұзақтығы). 
3. Тарихи кеңістік туралы (тарихи окиғаны сол әрекет кимыл болған жермен 
байланыстыру). 
Егер оқу материалын нақты түсiнiкке негiздемей игеретін болса, бұл оқытудағы 
вербализмге («вербалис» (лат) - ауызша. ауызекi) соктырады. 
Тарихи ұгымдарды қалыптастыру
Кез келген пәнді, ғылымды бiлу, меңгеру деген оның ұғымдар жүйесiн меңгеру 
деген сөз. Ұғымдарды қалыптастыру, меңгеру студенттердiң өздiгiнше 
аткаратын танымдық жумыстарың белсендi жүргiзгенде ғана нәтижелі болады. 
Тарихи ұғым деректердi түсiндiру мен жүйелеуде, басқа ұғымдарды қорытуда 
аса қажет. 
Тарихтың даму заңдылықтарын ашып көрсету 
Тарихи дамудың заңдылығын ашып көрсету дегенiмiз құбылыстар мен үрдістер 
арасында болатын, кайталанып отыратын обьективтi iшкi маңызды 
байланыстарды анықтау 
Тарихи үрдiстiң даму зандылығын түсiну үшiн тарихи құбылыстар арасында 
болатын белгiлi бiр байланыстырушы топтарды бiлу қажет. 
а) Себептік-салдарлық байланыстар тобы. Мысалы: мемлекеттiң шығу себебiн 
түсiну үшiн өзара байланысты мынадай фактiлердi анықтау қажет. Еңбек 


21 
құралдарының жетiлуi, еңбек өнiмдiлiгiнiң артуы, өнiмдердiң тұтынудан артып 
қалуы, қанаудың, топтардың пайда болуы, мемлекеттiң шығуы. Бұл схема алғаш 
үйсіндер тарихында, қаңлыларда мемлекеттiң пайда болуында қайталанады.
б) локальдық байланыстар тобы. 
в) уақыт бойынша байланысатын топ, яғни белгiлi бiр дәуiрде, бiр мезгiлде, не 
ретімен болатын оқиғаларды аныктау. (феодалдық бытыранқылыктың, 
орталықтанған мемлекеттердiң пайда болу заңдылықтары). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет