Ф 03-03 Белгібай Ж.Қ., Сапарбекова Б. Р


Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады



Pdf көрінісі
бет21/36
Дата26.04.2023
өлшемі1,63 Mb.
#86988
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36
Эссе жазудағы қателер деп мыналарды айтуға болады: 
1. Проблема ашылмайды
2. Автордың жеке позициясы көрінбейді; 
3. Теоретикалық негіздемесі жоқ; 
4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану; 
5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп; 
6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер; 
7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы; 
8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ; 
9. Логиканың болмауы. 
Эссе жазуға көмектесетін фразалар 
Кіріспеде 
Мен үшін бұл фраза түсінудің кілті ... 
Мен ешқашан салмақты идеяны қозғайтын болар еді деп ойламаған едім ... 
Мен бұл пікірмен келісемін ... 
Мен бұл ойды бөліспеймін ... 
Өз пікірімен келісе алмайсың ...
Бұл фраза сіз туралы ойлануға мәжбүр етеді ... 
Бұл фраза туралы ойлап, сіз пікірге келесіз ... 
Мен бұл мәлімдемеге қосыла алмаймын ... 
Негізгі бөлімде 
Екінші жақтан мәселені қарастырайық ... 
Мына жағдайды келесі мысалмен көрейік ... 
Айта кету керек, ... 
Қорытындыда 
Жоғарыда айтылғандардың негізінде... 
Мәселен ...
Сонымен, ... 
Сондықтан мен пікірмен келісемін ... 
Эссе белгілі сөз көлемімен шектелгендіктен, ойыңды сол көлемге сыйдыра 
білу керек. Кейбір кезде кейбір идеялардан, тәптіштеп түсіндірулерден бас 
тартуға тура келеді, әсіресе, ондай ойлар бір рет айтылып кетсе, оны әрі қарай 
айта берудің қажеті шамалы.
Ұзақ фразалардан гөрі қысқа сөйлемдер көп болғаны жөн. Кейде ұзақ 
фразалар мен қысқа сөйлемдердің ауысып келіп отырғаны да ұтымды шығуы 
мүмкін. Эссені қайта-қайта оқыңыз. Сосын оқуға ыңғайлы абзацтарға бөліңіз.
Энциклопедия, кітаптардан алынған дұрыс қолданылып тұрмаған 
фразалар, мәліметтермен сықитып қойсаңыз эссенің көркемдігі, нанымдылығы 
азаяды. 


33 
Эссе жаза отырып та, адам өзінің әрекетіне есеп беріп, алдына жоспар 
құрады. Сондықтан, оны рефлексия түрінде қарауға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет