Студенттің білімін тексеру үшін бақылау сұрақтары:
Мәдениет ұғымының мәнін анықтаңыз.
Мәдениет ұғымы туралы ең алғаш қай ғалымның еңбегінде қарастырылды?
«Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуын анықтаңыз.
Мәдениеттің құрылымы қандай?
Мәдениеттану пәнінің зерттеу нысаны не?
Мәдениеттің функцияларын атаңыз?
Адам дүниесі мәдениет ретінде ұғымына түсінік беріңіз.
«Мәдениет», «өркениет» ұғымдарының арақатынасын анықтаңыз.
«Мәдениет» ұғымына анықтама беріңіз.
«Өркениет» ұғымының мәнін анықтаңыз.
«Бұқаралық мәдениет» ұғымын анықтаңыз.
Элитарлық мәдениет ұғымын анықтаңыз.
Пайдаланған әдебиеттер
Ғабитов Т.Х. Қазақ мәдениетінің тарихы: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2016.
Ғабитов Т.Х., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы: Раритет, 2013.
Габитов Т.Х., Муталипов Ж., Кулсариева А. Культурология. - Алматы, Раритет, 2008.
Молдабеков Ж.Ж. Казактану. - Алматы, 2015.
Молтобарова К.И. Мәдениеттану. - А, 2018.
Шәлекенов У.Х. Қазақ өркениеті – Алматы; Қазақ университеті, 2009.
Акишев К.А. Искусство и мифология саков. - А., 1984.
Байпаков К.М. Средневековые города Казахстана на Великом Шелковом пути. – Алматы, 1998.
Гумилев Л.Н. Ритмы Евразии: Эпоха и цивилизации. - М., 1993.
Гумилев Л.Н. Древние тюрки. – М., 2008.
Фромкин В., Роберт Родман, Нина Хайамс Тіл біліміне кіріспе /пер. На каз.яз.». - А.,2017.-
Дәріс 2. Мәдениет тілі.
Тіл - қарым- қатынас және мәдениетті тарату ретінде.
2. Мәдениет тілі белгілер жүйесі ретінде
4. Жалпы қабылданған тілдік нормалар.
1. Қоғам мүшелерінің өз ара пікір алысуы тіл арқылы іске асады. Адам өз ойын басқаларға тіл арқылы айтып, не жазып жеткізеді. Тыңдаушы да сөйлеушінің ойын тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шығып, іске асуы, өмір сүруші үшін тілдік материалға негізделуі, сөздер мен сөз тіркестері және сөйлемдер түрінде айтылуы шарт. “Тіл дегеніміз – ойдың тікелей шындығы”(К.Маркс). Ой шындығы тіл арқылы, тілдегі сөздер мен сөйлемдер арқылы көрінеді. Демек, тіл – пікір алысу құралы, ойлаудың қаруы, ойды білдіру құралы. Тіл мен ойлау өзара байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракты ойлау да адамға тән құбылыстар. Біріншіден, тіл де, ойлау да - адам миының туындысы, соның жемісі; екіншіден, тіл де, ойлау да - қоғамдық құбылыстар. Адамның ойы арқылы тілдік бірліктер (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) болмыспен (объективті дүниемен) байланысқа түседі. Мұнсыз адамдар бір-бірімен сөйлесе алмаған болар еді. Өйткені тілдік бірліктер болмыстағы заттар мен құбылыстардың аттары. Сондықтан да, біз: тіл – ойлаудың құралы, - дейміз.
Тіл мен ойлаудың өз ара байланысы туралы мәселе жалпы тіл білімінің ғана емес, сонымен бірге философия мен логиканың және психологияның ең күрделі мәселелерінің бірі болып саналады. Мәселенің күрделілігі ойлаудың табиғаты мен тілдің табиғатының өте-мөте күрделі болуымен байланысты. Дыбыстық тіл де, абстракті ойлау да – адамға тән құбылыстар. Бұл екі құбылыстың екеуі де адамның екі жақты табиғатына сәйкес әрі әлеуметтік, әрі биологиялық жақтарымен сипатталады, осы екеуін бірдей қамтиды. Біріншіден, тілде, ойлау да – адам миының туындысы, соның жемісі, екіншіден, тіл де, ойлау да - әлеуметтік құбылыс, өйткені адамның өзі қоғамдық құбылыс болып саналады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік және индивидуалды-биологиялық жақтар ұштасып, бір-бірімен бірлікте болады. Осы бірліктен тіл мен ойлаудың жалпы ерекшелігі көрінеді.
Ой тіл арқылы айтылған мазмұнның негізін құрайды. Ой арқылы, адам миының сәулелендіруші әрекеті арқылы тілдік единицалар объективті дүниенің заттары мен және құбылыстарымен байланысқа түседі, мұнсыз адамдардың бір-бірімен тіл арқылы қатынас мүмкін болмаған болар еді.
Мәдениет, оқу-ағарту, ғылым, өнер тағы басқалар рухани өмір табыстарының жиынтығы да, тіл мәдениеті дегеніміз – тілдік тәсілдердің ширау, жетілу дәрежесі.
Сонымен қатар ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тәсілдерді, фонетикалык, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксиста, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы.
Тіл мәдениеті екі салаға бөлінеді: баспасөз тілінің мәдениеті, сөйлеу тілінің мәдениеті. Олардың қарым-қатынасы нәтижесінде баспасөздің сөйлеу
тіліне тигізетін әсері күшті. Баспасөз тіл мәдениетінің дәрежесі әдеби тілдің сапасы қандай екендігіне өлшем бола алады.
Сөз мәдениеті — әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.
Сөз мәдениеті қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан
нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Сөйлеуде диалектизмдерді, қарапайым, дөрекі сөздерді, варваризмдерді қолдану, орынсыз көп сөйлеу, бір пікірді қайталау беру, өзіне өзі сілтеме жасау, асқақтап сөйлеу, дене қимылдарын араластыра беру сөз мәдениетіне жатпайды. Кірме сөздерді орынсыз жұмсай беру, сіреспе құрылымдарды қолдану Сөз мәдениетіне нұқсан келтіреді. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген ұғыммен ұштасып жатыр.
2. Ұғыну, түсінудің сұхбаттығы оған аяқталмаған, шектелмеген қасиет береді. Айтылған сөз естуді, ұғынуды қажет қылады. Ол да бір сұрақтың әлемдегі бір жауабы. Осылайша, мәңгілік шексіз ұмтылыс... Текстің өз бітімі белгілі бір мәдениетке қатынасты, сол мәдениеттегі қалыптасқан ортақ тілдік, стильдік кеңістіктен шығады. Ал текстің мазмұны текстің өзінің ішкі шекарасына сыймайды, оның мазмұны түгелдей дерлік түп-тамырымен мәдениетер контексінде орналасқан. Автор мен интерпретатордың дискурсы, контексі бір болса, онда тексті түсіну еш қиыншылықсыз еркін түрде өтеді. Ал бөлек болған жағдайда интерпретатордың арнайы білімін қажет етеді. Осы тұста М. Бахтин «үлкен уақыт» терминін енгізеді. Ол терминнің гуманитарлық білімдер тәсілдемесіне үлкен ықпал еткендігін айта кету керек. «Үлкен уақыт» алғашқы мән-мағынаның дән іспеттес өсіп-өніп, өзінің бастапқы шегінен (о бастағы дән қалпынан) шығуының куәсі, мән-мағынаның негізін өзгертпей барып өзгеріске ұшырауының куәсі. Үлкен уақытта мән-мағына өзінің бастауынан ағып шығып, бірақ өз арнасын жоғалтпаған өзен іспеттес алға жылжи береді».
Ұғыну, түсіну барысында төрт сатыны байқауға болады. Олар шынайы ұғыну процесінде бөлінбестей бірігіп тұрғанымен де, танымдық процесс барысында әрқайсысы өз қызметін атқарады:
• Тексті қабылдау
• Берілген тіл шеңберінде текстің негізгі мағынасын түсініп, тану;
• Нақты осы мәдениет контексінде оны ұғыну;
• Осы текстің мазмұнын белсенді сұхбаттық түсіну процесі.
Тексті түсіну үшін дәлме-дәл, сөзбе-сөз оқу шегінен шығу керек: текст авторының көзқарасына және оның дүниетанымына, автордан тыс адамдардың «дауысына», яғни қоршаған әлеуметтік орта көзқарасына қанық болу керек әрі осы текст соған жолданған-ау дейтіндей мүмкін адресатты да көз алдыңа елестете білу қажет. Текстің сұхбаттық жүйесіне потенциалды түрде (мүмкіншілік ретінде) енген ұғыну, түсіну, талқылау осы текстің мағынасын өзгерістерге ұшыратады. Тексті түсіну үшін оның басқа текстермен және мәдени контексімен қатынасын білу қажет. Бұл жерде ең кем дегенде үш мәдени контекст белсенді түрде қатынасқа түседі: суреттелген оқиға контексі, текст авторының контексі және зерттеушінің өзінің контексі.
Текст талқылаушысы өзінің зерттеу объектісіне қатынасты белгілі бір белсенді позицияда, бірақ оның белсенділігі жаратылыстанушының белсенділігінен өзгешерек, өйткені интерпрератор сұранушы да, келісуші де, қарсыласушы да, итермелеуші де. Ол текстпен басқалармен кездескендей кездесіп, сұхбаттасу керек. Зерттеуші текстен автор айтам дегеннен де көп мағынаны тауып алады, өйткені текст үлкен уақытта өзінің авторынан тәуелсіз өзіндік өмірін бастап та жіберген болатын.
Осы жоғарыда айтқандардың бәрі белгілі бір филологиялық немесе әдебиеттанушылық текстерге қана қатысты емес, жалпы мәдениетке тиесілі. Метадеңгейде мәдениеттің өзі де үлкен метатекст ретінде қарастырыла алады. Мәдениет те текст іспеттес өзіндік шекараларымен ғана шектелмей солардан шығып кетуге дайын тұрған толықсыған құбылыс. Мәдениеттің шынайы мәні оның өзінде емес, оның басқа мәдениеттермен белсенді қарым-қатынасында, сұхбатында. Сондықтан да ол үнемі «шекаралық жағдайда» өмір сүреді, яғни өзінің басқалармен шекараластығында, бірлесе қоян-қолтық араласуында өз шындығын, өз мәнін табады М. Бахтин О. Шпенглердің өзімен-өзі шектелген мәдениеттер теориясын құптамайды. Ол мәдени релятивизм мен агностицизмге апаратын жол деп есептейді. Мәдениетті түгелдей дерлік сол мәдениет тәніне бойлап еніп қана түсінуге болады деу дұрыс емес. Әрине, басқа мәдениетті түсіну үшін оған біраз бойлап, тереңдеуің қажет-ақ. Бірақ, белсенді ұғыну өз-өзінен, өзінің уақыттағы орнынан, өз мәдениетінен бас тартпайды. Ұғынудың ұлылығы оның түсінуге тырысқан ұғынушысының түсінейін деп отырған объектісіне, субъектісіне қатынасты сыртқарылығында — кеңістіктегі, уақыттағы, мәдениеттегі шеткерілігінде... «Бөтен мәдениет өзін толығырақ, тереңірек тек басқа мәдениет арқылы ашады. Бір мағына өз тереңін басқа, бөтен мағынамен кездескенде ғана байқайды: олардың арасында мағынаның біржақтылығын, шектілігін жоққа шыгаратын белсенді сұхбаттық қарым-қатынас басталады. Біз басқа мәдениеттің өзіне-өзі қоя алмаған сұрағын қоямыз, оған жауап іздейміз, сөйтіп, басқа мәдениеттің ашылмаған қыр-сырын, бүгешігесін жарыққа шығарамыз. Өз сұрағыңсыз басқаларды тану мүмкін емес... Мұндай сұхбаттық кездесу барысында мәдениеттер бір-бірімен араласып, бір-бірінде өздерін жоғалтып алмайды, қайта өздеріне бұрын белгісіз бағалы тұстарын айқындап, толығып байиды».
Үлкен уақытта барлық мәдениеттер бір-бірімен жақын араласа, бірін-бірі айқындай, бір-бірімен тығыз байланыста өмір сүреді. Мәдениетті талқылау, түсіну принципті түрде ашық, аяқталмаған, тәмамдалмаған процесс. Сондықтан да, гуманитарлық ілімдер, әсіресе мәдениеттанудың өзі табанды түрде аяқталмаған. Оның таным аппараты да жүйеленіп, тиянақты жетілмеген, сондықтан болар, оның терминдерінің жылжымалылығы, таным-тәсілінің қатаң сақталынбауы, нақтылықтың аздығы және т.е.с...
Мәдениет және оның өзіндік ерекшеліктері әрқашан философиялық ізденістер мен зерттеулердің негізгі пәні болып келді. Сондықтан мәдени даму барысын онда қалыптасқан ойлау тәсілі, дүниетаным түрі арқылы түсіндіруге тырысқан көптеген философиялық үрдістерді байқауға болады. Мысалы, мәдениетті рәміздік ойлау түрі арқылы анықтаған Э. Кассирердің, мәдениетті психофизиологиялық деңгейде қарастырған 3. Фрейдтің және тағы басқалары концепциялары соның куәсі. XX ғасырдың екінші жартысынан бастап батыс ойшылдарының арасында мәдениетті тілмен теңдестіре қарау әдісі кең етек жайып, олардың барлығы дерлік «тілді адам тіршілігінің негізгі, маңызды анықтауышы деп бір ауыздан қолдап отыр». Бүгінде тіл негізгі коммуникативтік құрал ғана емес, адамның бүткіл болмысын, адамның мәдениетін аңғартатын әмбебап ұғым. Фрейдизм, феноменология, экзистенциализм, аналитикалық философия, герменевтика, структурализм, семиология, т.е.с. бір ауыздан мәдениетті тілдік қарымқатынас саласы ретінде анықтайды. Рухани әлемдегі мұндай өзгерістердің лебі мәдениеттану саласынан да байқалады. Мәдениеттің өзін метатіл ретінде анықтап, оның бойындағы коммуникативтік мүмкіншіліктерді негіздеу барысында лингвистикаға басты назар аудару заңды іс. Өйткені, соңғы 50-60жылдар аралығында қарым-қатынас, коммуникация мәселесін жан-жақты зерттеген бірден-бір сала — осы лингвистика.
3. Тілдік норма дегеніміз – тілдегі бірізділік, тіл материалдарын нормалау деген сөз, белгілі бір тәртіп, заңдылыққа бағындыру.[1] Тілдік норма тілдің ішкі заңды жүйелері негізінде дамып қалыптасады, олар сұрыпталған, ұтымды орайында, жалпыға бірдей ортақ түрінде жұмсалады. Ол тәртіпті орнататын да, оның иінін қандыратын да әдеби тіл. Тілдің дыбыс жүйесі, сөз байлығы, сөз мағыналары, тілдің грамматикалық құрылысы – бәрі қалыптасқан заңды ерекшеліктерге негізделеді. Халық тілінің сан қабат байлығы басы бір жерге қосылмайтын бытыраңқы құбылыс емес. Олардың бәрінде әдеби тілге негіз боларлықтай заңдылықтар бар. Қазақ әдеби тілі халық тілінен өзіне керегін таңдап-талғап, сұрыптап алып, оларды жалпы жұртқа ортақ етіп, халықтың тіл мәдениеті дәрежесі жоғары болу үшін оларды бірізге түсіреді.
Тілдік норма әдеби тілдің нормасы арқылы реттеліп отырады. Әдеби тіл нормасы өзгермейтін, сірескен қатаң қағидаларға құрылған жүйеге ғана емес, динамикалық қасиетке ие дағдыға да сүйенеді. Мәселен, тілдік жүйе бойынша тізгінде, шылбырла, бұзаула, ботала, т.б. қолданылатын сөздер қатары ара-тұра ауытқуға жол береді. Салыстырыңыз: ат тұсады дегенді ат тұсаулады, қой қоздады дегенді қой қозылады деу тілдік жүйеге кереғар болмағанымен, бірақ дағдыға айналып, дәстүрге енген құбылыс емес. Кейбір сөздерді қолдануда тілдік жүйе мен тілдік дағды қайшы келіп жатады. Қозыла деп қолдану тілдік жүйенің қысымы, әсер-ықпалы екенін байқау қиын емес. Ат ертте дегендегі ерттедіні ерле деп қолдану да соған ұқсас: «Көкем атты ерледі, ерлеп жүріп терледі» (Манашыұлы Тұяқбай). Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс (салыстырыңыз: шідер-ле, жыр-ла, түр-ле («текеметке түр басу», т.б.). Кей жағдайда тілдік жүйе мен тілдік дағды айнымас бірлікте болса, кейде өзара қайшылықта болып күреске түседі. Тілдік жүйе бойынша ерле болуға тиіс сөздің ертте болуы жүйеге қарағанда дағдының басым түсуінен деп түсіну керек.
Достарыңызбен бөлісу: |