Ф 03-03 Турсынбаев А. З. «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары»


ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ



бет5/18
Дата18.10.2023
өлшемі90,57 Kb.
#118273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Семинар

ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Тәжірибелік әдіс - зертханалық әдістен айырмашылықтары, магистрант тардың іс-әрекеттерінде алған білімдерін тәжірибелік мәселелердің шешімдерін табуға пайдаланады. Бұл жерде бірінші жоспарда теорияны тәжірибеде қолдану біліктілігі жүзеге асады. Аталаған әдіс білім мен біліктіліктерді тереңдету қызметін орындайды, сонымен бірге, мәселені шешу барыса түзетулер енгізіп, бақылаулар жасайды және танымдылық іс-әрекеттерге ынталандырады.
Тәжірибелік сабақтарда магистранттардың әдетте, өтетін, танымдылық іс-әрекеттерін бес кезеңге бөледі, олар:
1.Ұстаздың түсіндіруі. Жұмыстың теориялық маңызын түсіну кезеңі.
2.Көрсетілім немесе таныстыру. Түсіндіріп-баяндау кезеңі.
3.Үлгі алу немесе алғашқы сынақ жасау. Бұл кезеңде екі-үш магистрант жұмысты жүзеге асырады, ал қалған магистранттар оқытушының басшылығымен жұмыс барысындағы қателіктеріне ескерту айтып отырады.
4.Жұмысты орындау кезеңі. Бұл кезеңде әрбір магистрант өз бетінше өзіне тапсырылған жеке жұмыстарды орындайды. Оқытушы болса, үлгермей немесе жұмысты қате орындап жатқан магистранттарға ерекше назар салып отырады.
5.Бақылау. Бұл кезеңде магистранттардың жұмысы қабылданады әрі баға қойылады, баға келесі межелермен бекітіледі: орындалу сапасына, уақытты, материалды, жылдамдықты үнемді пайдаланғанына және тапсырманы дұрыс орындағаны үшін.
Тәжірибелік әдіс басқа әдістермен салыстырғанда магистранттарды тапсырманы бар ар-ұятымен және ынта-жігерін пайдалану арқылы орындауға үйретеді, сонымен бірге, шарушылықты басқару және үнемшілдік қасиеттерін қалыптастырады. Магистранттардың бойында еңбек үдерісін мұқияттылықпен ұйымдастыру біліктілігі қалыптасады (орындалатын жұмыстың мақсатын түсіну, мәселені талдау және оны шешу шарттарын, жоспар және оны орындау кестесін құру, материалдар мен құралдарды дайындау, жұмыс сапасына мұқият бақылау жасау, қортындыларды талдау).
Зертханалық әдіс - магистранттардың өз бетінше сынақ және зерттеу жүргізуіне негізделген, ең алдымен, физиканы, химияны, биологияны оқуда бұл әдісті пайдаланады. Таныстыру әдісіне қарағанда, бұл әдіс барысында магистранттардан өте жоғары белсенділік пен өз бетінше жұмыс жүргізе білу біліктілігі талап етіледі, себебі таныстыру әдісінде олар тек енжар бақылаушы болса, бұл аталған әдісте олар өздері түрлі әрекеттер жасап зерттеуді орындаушы әрі оған қатысушының қызметін атқарады. Зертханалық әдіс құрал-жабдықтармен жұмыс жасау біліктіліктері мен дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік жасайды әрі келесі аталатын тәжірибелік маңызды біліктіліктерді қалыптастыруға арналған керемет жағдайларды қамтамасыз етеді: өлшеуді, еспетеуді, нәтижелерді өңдеуді әрі алдынғы өлшенген өлшемдермен салыстыруды, өздеріне таныс алдын жүргізілген өзіндік зерттеу жұмыстарының жаңа жолдарын тексеруді үйренеді.
Мәселені арқау ететін зертханалық әдістің ерекше тиімді ерекшеліктері бар. Ол зерттеу жорамалын ұсынады, оның жолын белгілейді, қажетті материалдар мен аспаптарды магистранттардың өздері таңдауды үйренеді. Бұл жердегі қиыншылықтар өзіндік жұмысқа белсенді етіп, магистранттар мәселенің мәні мен одан шығу жолдарын, мақсатқа жету жолдарын өздері жан-жақты қарастырады. Мәселені арқау ететін әдіс магистранттарға белсенді зерттеуші ұстанымын қалыптастырады, үлкен және шағын мәселелерді өзбетінше шешуді талап етеді: негізгі және қосалқы деректерді жинауды әрі бағалауды, қосымша жорамалдар табуды, жеткіліксіз ақпараттарды жинау тәсілдерін нысаналы таңдауды талап етеді. Мәселенің шешімін табу өнімді ойлау қабілетін белсенді етеді, таныған заттар мен құбылыстарына тән сипаты мен байланыстарын түсінеді, ал, негізгісі – оқуға немесе білім жинақтауға тіпті жаңа тәсілі – шығармашылық белсенділігі қалыптасады.
Семинар – бұл сабақтың бір түрі, оның ең негізгі мақсаты магистранттарды теориялық сабақтарды тәжірибеде пайдалануды қамтамасыз етеді әрі бұл үдеріс тәжірибедегі жұмысшылардың іс-әрекетерін кескіндейтін формалар мен осы іс-әрекеттердің заттық әрі әлеуметтік контекстінің формаларын кескіндеу шарттарында жүзеге асады.
Семинарлық сабақтар шығармашылық және кәсіби ойлауды, танымдылық мотивациялары дамытуды қамтамасыз етеді және оқу барысының шарттарында білімдерін кәсіби шеберлікпен пайдалануға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет