Мәселені арқау ету әдістері Сұрақтарды дайындау, қарама-қайшылықтар мен келісушіліктерді қалыптастыру әрі сабақты мәселеге айналдыру – жалпы оқу барысы мен оқытуды белсенді ететін дәстүрлі тәсілдерін де пайдалану. Мәселені арқау ету тәсілінің дәстүрлі тәсілдерден айырмашылығы қандай? Мүмкін, ол жалпы оқу істерінің құрылымындағы мәселені арқау ету жағдайларына ерекше мән берілуінде әрі оның ерекше орынға иеленуінде, сірә. Егерде дәстүрлі әдістерде алдымен бірқатар білім мазмұндары баяндалатын болса, ал одан соң оларды тереңдету мен бекітуге арналған жаттығулар жасау тапсырмалары ұсынылады, екінші жағдайда оқушылар алдында алғашқыда-ақ мәселенің шешімін табу міндеті тұрады, ал білім оқытушының көмегімен немесе өз бетінше ашылады. Мәселені арқау етудегі ұран сөз – білімнен мәселеге өту емес, керісінше, мәселеден білімге өту.
Дәстүрлі әдістермен алынған білімнен гөрі, мәселені арқау ету әдісі арқылы алынған білім шығармашылық ойлауға кері ықпал жасамайды, әрі мәселені арқау ету әдісі шығармашылық ой-өрісінің дамуын жетілдіреді.
Мәселелі жағдайларды кең түрде жасау - бұл әрқашанда шығармашылық іс-шаралар болып табылады, оның нәтижесі нақты білім саласын меңгеру және жетістікке қол жеткізуіне қанағаттануы мен оған жағымды эмоциялық күйзелу.
Мәселені арқау ету арқылы оқытудағы негізгі қиындық - мәселелі міндеттерді таңдауда, себебі олар келесі аталатын шарттарды қанағаттан- дырулары тиіс, айталық:
оқушының қызығушығын тудыруы керек;
оны түсінуге мүмкін болу шарты;
«даму аймағына жақын» орналасуы керек, әрі қол жетімді болуы шарт;
оқу бағдарламалары мен оқу жоспарларына сәйкес пәндердегі білімдерді беруге тиісті;
кәсіби ойлау қабілетін дамытуы шарт.
«Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары» пәнінен орындалатын практикалық сабақтар