Ф 03-03 Турсынбаев А. З. «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары»


Кіріспе Пән «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары»



бет2/18
Дата18.10.2023
өлшемі90,57 Kb.
#118273
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Кіріспе
Пән «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары» қолданудың нәтижелілігін жоспарлау, іске асыру және талдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған. Пән аясында білім алушыларды «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары» қолдану нәтижесінде алған практикалық білімдерін әріптестеріне беру, «зерттелетін» білім алушылардың қолданылған әдіске олардың реакциясын, олар қол жеткізген прогресті, олар көрсеткен оқу нәтижелері немесе оқудағы қиындықтар, сондай-ақ оқыту әдістемесін одан әрі жетілдіру үшін алынған тәжірибені талдау мақсатында талқылауды жүзеге асыру мәселелері қаралады.
Педагогика саласындағы ғылымның даму тарихы мен философиясын, сондай-ақ, физика ғылымы бойынша білімін пайдалана отырып, пән аралық кешенді зерттеулерді жобалауды және жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру қаралады.
Физиканы оқытуда «Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары» пәнінде педагогикалық әдістерін қолдану мәселелерін шешу үшін, сонымен қатар ұжымның оңтайлы жұмысына қолайлы психологиялық ақуалды құру үшін шет тілінде қазіргі заманғы қарым-қатынас әдістері мен технологияларын өз бетінше пайдалана білу мақсатқа алынған.
«Жалпы физика курсының таңдаулы тараулары» пәнінде педагогикалық әдістерін қолдануда инновациялық және цифрлық технологияларды, оқытудың интерактивті әдістері мен шетелдік ғалымдардың тәжірибесін қолдана білу керек. Педагогика саласындағы заманауи зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, оқытушылық қызметті кәсіби деңгейде жүзеге асыру қабілеті қалыптасады.
Білім саласындағы ғылыми зерттеулердің нақты міндеттерін өз бетінше қоя білу, зерттеу әдістерін және отандық, шетелдік тәжірибелерді пайдалана отырып жаңа инновациялық технологияларды оқу процесінде қолдана білу керек.
Пәннің мақсаты:
жалпы физика курсының ғылыми негіздерімен және физикалық құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерімен танысу.


Пәннің міндеттері:
- әр түрлі физикалық ұғымдар, заңдар мен теорияларды қолданылу шекаралары туралы түсінігі болуы тиіс;
- негізгі физикалық құбылыстарды, классикалық және қазіргі физика заңдарын болуы керек;
- қазіргі физикалық құбылыстарды және заңдарды практикалық қызметте пайдалану және физикалық эксперимент нәтижелерін түсіндіріп беру ептілігі болуы тиіс;
- физиканың нақты есептерін шешудің және физикалық эксперимент жүргізудің практикалық дағдылары болуы тиіс;
- берілген пән бойынша әр түрлі мәселелерде құзыретті болуы тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет