Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ


Әлеуметтік – экологиялық дағдарыс



бет31/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

Әлеуметтік – экологиялық дағдарыс.Экологиялық апатта адам пассивті рольге ие болып, қайтымсыз табиғат құбылысынан зардап көретін жақ болса, әлеуметтік- экологиялық дағдарыс кезінде адам белсенді субъект болып, бұл құбылыстың бетін қайтара алатын механизмге айналады.
Экологиялық дағдарыс – адамзат қоғамындағы өндірістік күштер мен қарым-қатынастардың дамуы биосфераның ресурсты –экологиялық потенциалына сай келмейтін табиғат пен адамзат арасындағы тығырыққа тірелген жағдай.
Экологиялық дағдарыстың кең мағынасы – ол биосфераның даму фазасы, мұнда тірі заттың сапалық тұрғыдан жаңаруы байқалады (бір түрдің жойылып, екінші бір түрдің пайда болуы). Ресей экологы Реймерс биосфера эволюциясында болған 6 дағдарысты және болашақта болатын 2 дағдарысты бөліп көрсетті.
1-ші экологиялық дағдарыс немесе аридизацияның (лат. “құрғақ”) доантропогенді экологиялық кризисі осыдан 3 млн. жыл бұрын болған.
2-ші экологиялық дағдарыс осыдан 35-50 мың жыл бұрын болған. Бұл дағдарыс алғашқы адамның теріп жейтін ресурсының салыстырмалы түрде азаюымен байланысты болып келеді.
3-ші экологиялық дағдарыс немесе алғашқы антропогенді дағдарыс ірі жануарлардың жаппай жойылуымен байланысты. “Консументтер кризисінен” шығу үшін адамзат екінші ауыл шаруашылық революциясын жасайды.
4-ші экологиялық дағдарыс –топырақтың тұздануымен және қарабайыр жер өңдеудің салдарынан жер ресурсының деградациясымен байланысты. Адам санының артуына байланысты суармалы шаруашылық тиімсіз болып, адамзат суарылмайтын егістікке ауысуға мәжбүр болды. Бұл кризис Жер шарында осыдан 2 мың жыл бұрын болған.
5-ші экологиялық дағдарыс немесе “продуценттер дағдарысы” – ормандарды жаппай жоюмен және өсімдік әлемінің азаюымен байланысты. Бұл дағдарыс осыдан 350-150 мың жыл бұрын болған. Орман ресурстарын жоюының негізігі екі себебі бар:
1. тұрмыстағы ең қажет ресурс;
2. егісті алқаптарды ормандарды кесу арқылы кеңейту.
6-шы экологиялық дағдарыс немесе “редуценттер дағдарысы” биосфераның кең ауқымды ластануымен, Жер бетіндегі энергияның максималды пайдаланылуымен және экологиялық тепе-теңдіктің күрт бұзылуымен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет