Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет32/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

Экологиялық тепе-теңдік дегеніміз – табиғи немесе адаммен өзгертілген орта түзуші компоненттер мен табиғи процестер арасындағы баланс.
Болжамалы экологиялық дағдарыстар. Қазіргі таңда қалыптасқан ластану кризисі (редуценттер дағдарысы) мен минералды ресурстардың жетіспеушілік қаупі негізінде жер бетінде 2 дағдарысты жағдай түзілуі мүмкін:
1. Ғаламдық жылыну (термодинамикалық) кризис;
2. Экологиялық жүйелер беріктігінің ғаламдық кризисі.
Бұл мүмкін болатын дағдарыстардың алдын алу үшін адамзат энергетикалық революция жасауы керек немесе экологиялық жоспарлау қопарылысын орындау керек.
Халық санының өсуі және оның сапасының өзгеруі. Туылуға әсер ететін факторлар, жанұяны жоспарлаудағы әдістер мен шаралар.
Халық санының ерекше сипаттағы қатты тербелістері – демографиялық қопарылыс немесе жарылыс деп аталады. Ауданы жағынан кішкентай болып келетін қалаларда тұрғындардың жоғары концентрациясы (Индия, Шри-Ланкадаға орташа көрсеткіш 200 адам/ км2 осындай болса, онда қалаларындағы көрсеткіш бірнеше есе жоғары болады) санитарлық жағдайлардың және экологиялық ортаның нашарлауына, жергілікті ресурстардың тез жойылуына алып келеді.
Үшінші әлем мемлекттеріне тән осындай демографиялық хал-аһуал жағдайына екі қарама-қайшы көзқарастар қалыптасқан:

  1. Неомальтузиандық көзқарас (пессимистер). 1789 жылы ағылшын экономисті Томас Роберт Мальтус гипотезасы негізінде жасалған, заман талаптарына сай өзгертіліп ұсынған. Бұл жақтастар ойынша, егер қазіргі уақыт тенденциялары сақталса, халық саны күрт өсіп, ластанулар тез тарап, ресурстардың көп түрі жойылып кетеді.

  2. Корнукопиандық көзқарас (лат. cornucopia – байлық нышаны, “молшылық мүйізі” рог изобилия) оптимистер. Бұл көзқарасты жақтайтындар негізінен экономист мамандар болып келеді. Олардың айтуы бойынша, қазіргі тенденциялар сақаталатын болса, онда технологиялық жетістіктер адам саны тұрақтанған, қоршаған орта аз ластанатын және табиғат ресурстары сақаталатын әлемге алып келеді.

Адам санының күрт артуына байланысты, оларды тезірек тағамдық ресурспен қамтамысыз ету өз кезегінде экологиялық халдің нашарлауына әкеп соғады. Академик, экология саласындағы білікті маман С.С. Шварц: “Биосфера бұзылуының бірден – бір себебі – примитивті халық шаруашылығын ғасырлар бойы пайдалану және оның ауданын сұранысқа байланысты ессіз кеңейте беру” деген болатын.

8 Практикалық сабақтың тақырыбы: Тұрақты даму және оның мақсаттары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет