Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ


ҚАЛДЫҚсыз ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ПРОЦЕСІ



бет41/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
ҚАЛДЫҚсыз ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ЕНГІЗУ ПРОЦЕСІ
өндірістік процесті өзгерту бағытталған кез келген әрекет, жобаны дамыту үшін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда, ол платформа циклдар тиімді сүзу әдістерін жабық су айналымы және өңдеу жүйесін құру болжауға болады. гальваникалық пайдаланылатын Мұндай схемалар, мысалы, өріс. қайталама шикізат базасын өңдеу үшін ең тиімді құралдарының бірі негізінен, орта өнімдерін қалыптастыруды жою қалдықсыз технологияларды енгізу болып табылады. Осы мақсат үшін, өндірістік процестер өңдеу және тазалау одан әрі қадамдар енгізілуде. Ол сондай-ақ мақсатты бағдарламалық қамтамасыз өңдеу жабық жүйе іске асырылуда бөлек өнеркәсіптік кешендер құру тәжірибесінде материалдық ағындарын.
Практикалық сабақтың №13 тақырыбы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және қоғам
Экологияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру
жоспары:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің элементі ретінде құқықтық және адамгершілік сана
2. Сыбайлас жемқорлыққа қоғамдық бақылау
3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мағынасы
4. Шет елдердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
5. Сыбайлас жемқорлыққа қарсылықтың жаңа идеология

Дәріс:
Cыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы азаматтардың құқықтары мен бос-тандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қа-терден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбай-лас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды жә-не басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызме-тін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді


Осы Заңда мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың лауазымдық өкілеттігін және соған байла-нысты мүмкіндіктерін пайдалана отырып не мүліктік пайда алу үшін олардың өз өкілеттіктерін езгеше пайдалануы, жеке езі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игіліктер мен артықшылық-тарды құқыққа қарсы беруі арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады. Осы Занда, сондай-ақ өзге заңдарда кезделген, заңдарда белгі-ленген тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.
Мемлекеттік міндеттер - Қазақстан Республикасының Конституциясымен және зандарымен мемлекеттің, оның органдары мен мемлекеттік қызмет атқа-ратын адамдардың өкілеттігіне жатқызылған іс-жүргізу мәндері.
Мемлекеттік органдардың бақылау және қадағалау міндеттері - заңдармен уәкілеттік берілген мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету, заңдардың бұзылу себептері мен жағдайларын анықтау мен жою, азаматтар мен заңды тұлғалар-дың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, нормативтік құқықтық актілердің дәл әрі біркелкі қолданылуын және нормативтік актілердің міндетті талаптарының орындалуын тексеру жөнінде жүзеге асыратын міндеттері.
Лауазымды адамдар - тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сон-дай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республи-касының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өкімет өкілінің міндет-терін жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық – билік етушілік немесе әкім-шілік-шаруашылық міндеттерін атқаратын адамдар.
Жауапты мемлекеттік қызмет атқаратын адамдар мемлекеттік міндеттерді мен мемлекеттік органдардың өкілеттігін тікелей атқару үшін Қазақстан Респу-бликасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзгеде заңдарында белгіленген қызметтерді атқаратын адамдар.
Заңның қолдану аясына тоқтала кететін болсақ. Осы Заң Қазақстан Респу-бликасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан республикасынан тыс жерлерде, егер халық-аралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптері :
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес;
- барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдігі;
- мемлекеттік органдардың қызметін анық құқықтық регламенттеуде, мұндай қызметтің заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттік және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;
- мемлекеттік аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін жетілдіру;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық басқада жүйелерін қорғаудың басымдығы;
- Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берілуін тану;
- жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлықпен Құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу.
- сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін мемлекеттің қорғауы аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейін қамтамасыз ету жалақы (ақшалай үлес) мен жеңілдіктер белгілеу;
- осындай қызметті жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеуге өкілеттік берілуін болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау;
- сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстарды анықтау, ашу, жолын кесу және олардың алдын алу мақсатында жедел іздестіру қызметі мен өзгеде қызметтерді жүзеге асыру, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен заңға қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге де мүлікті заңдастыруға жол бермеу мақсатында арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік кепілдіктері :
1) Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетін адам мемлекеттің қорғауында болады.
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен ғана табыс етіледі. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Жақын туыстардың бірге қызмет істеуіне жол бермеу :
1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестірілген адамдардың (осы Заңның 3-бабы 3-тармағының 4) тармақшасында аталған адамдарды қоспағанда) өздерінің жақын туыстары(ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, аталары, әжелері, немерелері) немесеері (зайыбы) атқаратын қызметтерге тікелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар және олар үшін жауапкершілікке тоқталатын болсақ.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе соларға теңестірілген адамдардың мынадай:
1. басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласу;
2. аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерін қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу кезінде өздерінің қызметтік өкілеттігін пайдалану;
3. мемлекеттік және оған теңестірілген қызметке кірген және онда жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық);
4. шешімдер әзірлеу мен қабылдау кезінде занды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;
5. кімге болса да табыс алуға байланысты кәсіпкерлік және өзге де қызметті жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;
6. мемлекеттік міндеттерін атқару кезінде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;
7. берілу заңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негізсіз бастарту, оны кешіктіру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;
8. жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуі заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;
9. мемлекеттік қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың немесе қоғамдық бірлестіктердің сайлау қорына беру;
1) жеке және занды тұлғалардың арыз-өтініштерін қараудың және өз құзыретіне кіретін өзге де мәселелерді шешудің заңда белгіленген тәртібін әлденеше рет бұзу;
2) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар 3) тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;
4) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруда қөрінеу кедергі жасау;
5) кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау өкілеттігін сондай қызметті жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың зардаптарын жою. Заңсыз алынған мүлікті немесе заңсыз көрсетілген қызметтің құнын өндіріп алу
1. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдар немесе соларға теңестірілген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесінде негізсіз байыған жағдайлардың бәрінде заңсыз алынған мүлік мемлекет кірісіпе жатқызылуға ал заңсыз көрсетілген қызмет құны мемлекет кірісіне өндіріліп алынуға тиіс.
ХХ ғасырдың соңы сыбайлас жемқорлыққ проблемасына деген қөзқарасты артырып қана қоймай, осы салада ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізудің жаңа толқыны пайда болуымен ерекшіленеді. Бұл проблеманың алғашқы теориялық негізін америкалық криминолог Э.Сатерленд ( және оның көмекшісі – Кресси ) қалаған болатын. Ол « ақ жағалылар қылмысы » деген терминді тәжірбиеге енгізген болатын, одан кейін батыстық ғалымдар сыбайлас жем-қорлық ты қылмыстың ерекше түрі ретінде бөліп көрсетті.
Бүгінгі күні сыбайлас жемқорлық бір жағынан- азаматтық қоғамның құблысына айналса, екінші жағынан Қазақстанның қауіпсіздігіне төнген қауіптің бірі және еліміздің экономикалық жағдайына теріс ықпал ететін фактор. Мемлекеттік қазынаны қаншама қаржы көздері айналып өтуде, оны көлеңкелі бизнестің масштабы бойынша көз жеткізуге болады. Статистикалық агенттіктің мәліметтер бойынша республиканың ІӨТ 27 %, яғни шамамен 540 миллион доллар .
Халықаралық қоғамдық ұйым « Транспаренси интернешнл » мәліметтеріне сәйкес Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлықтың индексі бойынша дүниежүзінің 133 елінің ішінен 2000 жылы- 65-інші орынды, ал 2001 жылы- 71-інші орында болса, 2003 жылы 100 – інші орынға түскен. Бұл әрине мемлекеттік жедел шаралар қолданғанменде бұл аурудың алдын алу өте қиын екендігін көрсетеді.
2005 жылғы Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының құқықтық статисика және арнайы есеп жүргізу комитетінің ақпараттық-талдау материалдарының мәліметтері бойынша, өткен жылда құқық қорғау органдар тарапынан 807-і сыбайлас жемқорлық қылмыстары анықталып тіркелген болатын, бұл 60 % кемігендігін көрсетеді.
Бұл көрсеткіштің бұлайша төмендеуі 2003 жылы 25 қыркүйекте Қазақстан Республикасының « Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселері бойынша заң актілеріне кейбір өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі » Заңы бойынша заңда бекітілген ( ҚР ҚК 41-бап) сыбайлас жемқорлық қылмыс түрлері азайтылған болатын. Бірақ бұл сыбайлас жемқорлық қылмыстардың азайғандығын көрсетпейді, керсінше қылмысты ашу жөніндегі құқық қорғау органдарының белсенділігі төмендегенін көрсетеді, заң сыбайлас жемқорлықпен күресті жүргізуде құқық қорғау органдарының белсенділігін шектемейді.
Кеңес Одағының құлауы, эконмикадағы бейберекетсіздік шенуніктерге қолайлы орта мен шаруашылық жүйесінде криминалдық жағдай өріс алып, сыбайлас жемқорлық өмірге етене кірді. Жалпы қылмыстың шығу тегі заң алдындағы теңдіктің болмауынан және әлеуметтік әділетсіздіктен орын алғанын байқаймыз.
Мұндай жаһандық проблемаларды шешу үшін мемлекеттің берік саяси жігері мен мемлекеттік саясаттың бағыттары бір-бірімен байланысып жатуы керек. Құқықтық саясаттың тартымдылығы сол оның негізінде жүйелердің мақсаты, әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың тұжырымдық идеялары жатыр.
Бұдан қандай қортынды жасауға болады, стратегиялық жоспар жағынан алғанда құқықтық саясат мынандай міндеттерді шешугі толық мүмкіндігі бар : жүргізіліп жатқан реформаларды құқықтық қамтамасыз ету; қоғамдық өмірді демократияландыру; елдегі тұрақтылық пен құқықтық тәртіпті қаматамасыз ету және т.б.
Сонымен қатар құқықтық саясат тактикалық сипаттағы міндеттерді де шешеді.
2002 жылдың 20 қыркүйектегі қабылданған Қазақстан Республикасының құқықтық саясат концепциясына сәйкес мемлекеттің негізгі міндеттеріне мыналар жатады : қаржылық-шаруашылық қызмет саласындағы мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру арқылы пайдакүнемдікке жол бермеу, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мемлекеттік органдардың нәтижелі жұмыстарын жандандыру, қызметтік этика нормаларын қатаң сақтау, сондай-ақ экономикалық қызмет саласындағы және мемлеккеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстарға қатысты күресу әдістермен құрлымдарын тиімді жолға қою. Мұнымен қатар сыбайлас жемқорлық қылмыстардың пайда болу алғышарттарын анықтау үшін, Концепцияда нормативтік құқықтық актілердің жобаларына криминологиялық сараптама енгізу қарастырылған.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат мемлекеттік саясаттың тұрақты және басты бөлігі болып табылады. Бұған дәлел ретінде 2001-2005 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама қабылданғанын атап айту керек. Бұл іс шаралар жоспары жүзеге асыру барысында Қазақсан – 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму кезеңдерімен тығыз байланыста жалғасын табу көзделген. Парламенттегі заңдар мен соттық-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің төрағасы С.Жалыбин пікірі бойынша Қазақстанда бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықпен қарсы күрестің барлық құқықтық механизмі жасалған.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің көптеген әдіс-тәсілдері мен құрлымдарын меңгерудің қиында ұзақ жолы жатыр, яғни сабырлықты, жауаптылықты, күш жігерді, аянбай теориялық жұмыстар жасауды және тәжірбиеде қатаң қимылға көшуді талап етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет