1.2 Экология бөлімдері
Экология жалпы және жеке болып бөлінеді. Жалпы экология биосфера-дағы әр түрлі жүйелер мен қауымдастықтардың ұйымдастырылуы мен жұмыс істеуінің принциптері мен сипаттамаларын зерделейді. Жеке экология белгілі рангты нақты топтарды зерделеумен айналысады: адам, қалалар, жануарлар және т.б. экологиясы. Экологияның басқа түрлерін де ажыратады.
Факторлық(немесе ауто-) экология түр өкілдерінің қоршаған ортамен өзара қатынастарын зерделейді және экологиялық факторлар жиынтығының тірі организмдерге әсерін зерттейді.
Популяциялық экология(немесе демэкология) популяциялардың кеңістіктік құрылымын, олардың генетикалық құрамын, сан динамикасын, әр түрлі жас ерекшеліктерінің ара қатынасын және т.б. зерделейді.
Биогеоценология(немесе синэкология) экожүйелердің, биоценоздардың және биогеоценоздардың құрылымын және әр түрлі параметрлерін зерделейді. Сіз экологияның берілген бөлімдерімен төменде танысасыз.
Экологияның «жаһандық экология»сияқты бөлімі салыстырмалы түрде жуырда пайда болды. Ол экологиялық процестерді және биосфераның жаһандық деңгейде дамуының қазіргі бағыттарын қарастырады; адамдардың барлық қауымдастығының тірі қалуы, Homo sapiens түрі популяциясының және қазіргі өркениеттің сақталуы үшін маңызы бар әсерлерді зерделейді.
Экологияның негізгі бөлімдерге бөлінуі 1.1-суретте бейнеленген.
1.1-сурет – Экология және оның негізгі бөлімдері
Геоэкология организмдердің және олардың географиялық тиесілілігі көзқарасынан мекендеу ортасының өзара қатынастарын зерделейді. Оған орталар экологиясы (әуелік, жер бетіндегі, топырақтық, теңіздік және т.с.с.), табиғи-климаттық аймақтар экологиясы (тундралар, тайгалар, далалар, шөл жерлер және т.с.с.), географиялық облыстардың, аймақтардың, елдердің, континенттердің экологиялық сипаттамасы кіреді.
Адам экологиясы – жеке организм және жеке тұлға ретінде адамның оны қоршаған табиғи және әлеуметтік ортамен өзара әрекеттесуін зерттейтін пәндер кешені.
Қолданбалы экология – адам қызметінің және адамзат қоғамы мен табиғат арасындағы өзара қатынастардың әр түрлі облыстарымен байланысқан пәндердің үлкен кешені. Ол экономиканың экологиялық критерийлерін құрай-ды, табиғатқа және қоршаған ортаға антропогенді әсер ету механизмдерін зерттейді, оның сапасын бақылайды, табиғи ресурстарды пайдалану норматив-терін негіздейді, шаруашылық қызметтің экологиялық регламенттелуін және көптеген басқаларды жүзеге асырады.
Достарыңызбен бөлісу: |