1.7 Тұрақты даму ұғымы
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап өнеркәсіптік өндірістің ілгерілеп өсуіне және табиғи ресурстардың меңгерілуіне байланысты адамдар экологиялық проблемаларды шешу мәселелері көп толғандыра бастады.
XX ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында «тұрақты даму» термині кеңінен таралды, онымен бүкіл планетада бейбітшілікті сақтауға, қазір өмір сүріп жатқан және болашақ ұрпақтың өмір сүру сапасын бір мезгілде жақсарту кезінде адамдардың қажеттіліктерін орынды қанағаттандыруға, планета ресурстарын ұқыпты пайдалануға және табиғи ортаны сақтауға бағытталған, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық даму белгіленді.
Берілген анықтамадан көрініп тұрғандай, ғылым ретінде экологияға Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асыруда негіз құрайтын роль, атап айтқанда адамзат пен табиғаттың қатынастарын экологияландыру және үндестіру, табиғатты пайдалануды оңтайландыру, табиғи ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану, адам өмірінің сапасын жақсарту міндеттерін шешу бөлінеді.
§2 Дарақ экологиясы – аутоэкология
Жоғары берілген материалдан шығатындай, аутоэкология түр өкілдерінің қоршаған ортамен өзара қатынастарын зерделейді және экологиялық факторлар жиынтығының тірі организмдерге әсерін зерттейді. Алдымен организм, тірі жүйелерді ұйымдастыру деңгейлері сияқты ұғымдарды қарастырамыз.
2.1 Организм, оның мекендеу жағдайлары. Тірі жүйелерді ұйымдастыру деңгейлері
Экология объектілерінің спектрі биологиялық ұйымдастыру деңгейлері-нің үлкен бөлігін қамтиды және жеке дарақтан биосфераға дейін созылады. Әдетте организмдік, популяциялық, экожүйелік және биосфералық деңгейлер (1.2-сурет).
1.2-сурет – Тірі организмдерді ұйымдастыру деңгейлері
Экологияның қарапайым объектісі белгілі популяцияға жататын және табиғи орта жағдайларында бақыланатын тірі организм болып табылады. Анағұрлым жиі жағдайларда экологиялық зерттеу объектісі дарақтар тобы, популяция, екі немесе бірнеше өзара әрекеттесетін түрлердің өкілдері немесе өзгеретін табиғи ортадағы көп түрлі қауымдастық болады. Популяция мүшелерінің жиынтығы экологиялық жүйе аралығында төменгі немесе қарапайым ішкі жүйені құрайды. Қоректену типі бойынша ұқсас әр түрлер популяцияларының жиынтығы келесі, аралық ішкі жүйені - ассоциацияны, бір типті қауымдастықты құрайды. Әр түрлі қоректік топтамалар организмдерінің жиынтығы толық экологиялық жүйенің құрылымдық ансамблін аяқтайды. Экожүйе деңгейінде заттардың тұрақты айналымы және организмдер қауым-дастығының жалпы ортасының құрылуы жалғасады. Иерархияның жоғары деңгейін экологиялық және экология-экономикалық жүйелердің жиынтығы ретінде биосфера алады.
Тірі организмдер табиғи қоршаған ортаны мекендейді және оларға әр түрлі экологиялық факторлар әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |