1.3 Экологияның басқа ғылымдармен байланысы
Қазіргі экология дербес ғылыми пән ретінде көптеген ғылыми бағыттар тоғысында пайда болды және биологиялық, техникалық, экономикалық, эстетикалық және басқа бағыттарды, адамның (қоғамның) басқа организмдер-мен және табиғаттың тірі емес элементтерімен өзара қатынастары мен өзара байланыстарын зерделейтін ғылымға айналды, «қоғам - табиғат» жүйесіндегі қатынастарды оңтайландыруға мүмкіндік туғызады.
Экология синтетикалық ғылым болып табылады. Аутоэкология, демэко-логия, синэкология биология, ботаника, зоология, география, климатология және т.б. сияқты ғылымдармен тығыз байланысқан. Әлеуметтік экология тарих, антропология, әлеуметтану, медицина, демография сияқты ғылымдарсыз зерделене алмайды. Қолданбалы экология техникалық және технологиялық ғылымдар салаларын, сондай-ақ экономика, табиғатты пайдалану, құқықтану, химия, физика мәселелерін қозғайды. Жаһандық экология саясаттанумен, әлемдік экономикамен және басқа ғылымдармен тығыз байланысқан.
1.4 Экологияның практикалық маңызы
Дербес ғылыми пән ретінде қазіргі экологияның басты міндеті оның әр түрлі бөлімдерін және орасан көп нақтылы материалды шоғырлау, оларды табиғат пен адамзат қоғамының өзара қатынастарының барлық жақтарын көрсететін жүйеге келтіру болып табылады. Бұл қазіргі заманғы экология проблемаларын түсіну және оларды шешу жолдарын іздеу, адамдар мен табиғат қауымдастығының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін қажет.
Экологияның келесі практикалық маңызы бар:
1.Табиғат және оның ресурстары жағдайының диагностикасы, тірі табиғаттың антропогенді жүктемеге қатысты төзімділігінің шегін анықтау;
2.Адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуының сценарийлері әр түрлі болғанда биосфера және адамды қоршаған ортаның жағдайы өзгерістерінің болжамдарын әзірлеу;
3.Қоғамның экологиялық бағдарланған әлеуметтік-экономикалық дамуын оңтайландыру - таңдау критерийлерін жасап шығару;
4.Ортаға бейімделу механизмдерін зерделеу. Қазіргі жағдайларда оның экстремалды жағдайлары бар (шөл, қуаң, полюстік және т.б.) аумақтардың игерілуіне байланысты маңызы бар. Адам экологиясы экстремалды жағдайлары бар аймақтарды қосқанда, Жердің әр түрлі бөліктерінде ең жақсы жағдайларды жасау проблемаларымен мақсатқа бағытталған түрде айналысуы тиіс.
5.Популяциялар санын реттеу. Өсімдіктер мен жануарлардың, сондай-ақ микроорганизмдердің өмір сүру шарттарын зерделеу негізінде малдардың, өсімдіктердің саны мен түрлерін реттеуге, ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің және жанауарлардың зиянкестерімен, ауру тасымалдағыштармен және т.б. күресті ұйымдастыруға болады.
6.Өнімдік процесті басқару. Бұл проблемаға қоректік деңгейлер жүйесіндегі (фотосинтезді басқару, топырақтың құнарлылығын арттыру, егісті ұтымды орналастыру және т.б.) энергетикалық ағынның сандық сипаттамалары кіреді. Бұл өсімдіктер мен малдың жергілікті жағдайларға басқаларынан жақсы бейімделген және аса көп шығымдылық пен өнімділікті беретін түрлерін өсірудің ғылыми негізделген жүйелерін әзірлеуге мүмкіндік береді.
7.Экологиялық индикация – адамның табиғи ортаға әсерінің ауқымда-рын анықтау және салдарын болжау. Әдетте табиғи жағдайларда биологиялық көрсеткіштер ретінде бір түрдегі дарақтар тобы немесе биотикалық қауымдас-тық болады, олардың бар болуы немесе күйі, сондай-ақ тәртібі туралы ортадағы өзгерістер туралы, соның ішінде ластандырғыштардың бар болуы және шоғыр-лануы туралы айтады. Сондай-ақ физикалық құбылыстар және химиялық заттар көрсеткіштер болуы мүмкін, олардың бар болуы, саны немесе күйінің өзгеруі (бояуының, түсінің өзгеруі) қоршаған орта қасиеттерінің сипатын немесе өзгеруін көрсетеді.
8.Мониторинг – динамикадағы қоршаған ортаның параметрлерін қайта, мақсатқа бағытталған түрде бақылау жүйесі. Берілген бақылау негізінде деректері табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және табиғи ортаны қорғау бойынша ұсыныстар беріледі.
Экология ортаны қорғау және табиғатты қорғау шаралары мен әрекет-терін кешенді негіздеуге бағытталған. Сонымен бірге табиғатты қорғау және қоршаған ортаны қорғау сияқты ұғымдарды шатыстыруға болмайды. Соңғысы қазіргі заманғы адамға қатысты қолданылады, себебі оның ортасында көптеген жасанды құрылған, табиғи емес құрауыштар бар. Берілген жағдайда да адамның қауіпсіздігі және қажеттіліктері туралы сөз болып отыр.
Табиғатты қорғау биологиялық процестердің жұмыс істеуін, биологиялық алуан түрлілікті, табиғи экологиялық жүйелердің сақталуын қамтамасыз етуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |