Ф 03-03 Утебаев А. А. «Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған Әдістемелік нұСҚАУ



бет6/46
Дата04.04.2023
өлшемі1,13 Mb.
#79362
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46
Байланысты:
«Экожүйе және құқық» пәнді окуга арналған МУ Word

1.5 Экология әдістері
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу кезінде экология жүйелі амалды, табиғи бақылауларды, эксперименттік жұмыстарды және модельдеуді пайдаланады.

Экология әдістерін бірнеше топқа біріктіруге болады.


1.Ортаның жағдайын тіркеу және бағалау әдісі – метеорологиялық бақылаулар; жарық түсірілгендікті, радиациялық аяны, физикалық өрістердің кернеулілігін өлшеу; судың температурасын, тұнықтығын, тұздылығын және химиялық құрамын; топырақ ортасының сипаттамаларын анықтау және т.с.с. Оған мониторингті, биомониторингті және биоиндикацияны жатқызуға болады.


2.организмдерді сандық есепке алу әдістері және биомассаны және өсімдіктер мен жануарлардың өнімділігін бағалау әдістері, популяциялар санының динамикасын зерделеу.


3.Орта факторларының организмдердің тіршілік әрекетіне әсерін зерттеу, соның ішінде экожүйелердің тұрақтылығын анықтау және организм-дердің әр түрлі жағдайларға бейімделуін зерделеу.


4.Көп түрлі қауымдастықтардағы организмдер арасындағы өзара қатынастарды зерделеу әдістері.


5.Математикалық модельдеу әдістері, соның ішінде имитациялық модельдеудің сандық әдістері, сценарийлер нұсқаларын қарастыруға және ғаламдық дамудың негізделген болжамдарын құруға мүмкіндік беретін ғаламдық модельдеу.




1.6 Ғаламдық экологиялық проблемалар

Негізгі экологиялық проблемалардың арасында келесілерді атап көрсетуге болады:


1.табиғи қауымдастықтардың бұзылуы, олардың құлдилауы, биология-лық алуан түрліліктің азаюы, энергия мен заттың табиғи ағындарының бұзылуы;


2.адамның олардың табиғи жаңғыру қарқындарының жоғарылауымен ауыспалы жылдамдыққа жеткен жаңартылатын табиғи ресурстарды (топырақ, өсімдіктер, тұщы су) тұтынуы және қолданылудан қалдыруы;


3.күрделі экономикалық проблемаларды тудыратын жаңартылмайтын ресурстар қорларының қысқаруы;


4.қоршаған ортаның халықтың денсаулығына қауіп төндіретін, қолайсыз геоклиматтық өзгерістерді, экожүйелердің құлдилауын тудыратын қалдықтармен ластануы;


5.экологиялық қаупі, экологиялық ауыртпалығы және экономикалық шығындары жоғары аймақтардың пайда болуына әкелетін ландшафттардың антропогенді түрленуі;


6.мутагенезге және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкелетін ортаның химиялық және радиациялық ластануы.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет