Ф. 7.03-06
|
Коммерциялық емес акционерлік қоғам
«М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
|
«_Аграрлық _факультеті»_______________
«Экономика, заң_жане_аграрлық_мамандықтар үшін дене
тәрбиесі кафедрасы »
Бекітемін
Аграрлық факультетінің деканы
________Елибаева Г. И.
«__»______________2023ж
«Дене шынықтыру» DSh 1107
пәні бойынша
ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(Syllabus)
Білім беру бағдарламасы шифры
|
6В07360 - Кадастр
|
Курс:1
|
Семестр 2
|
Кредит саны
|
2
|
Барлық сағаттар саны:
|
60 сағат
|
- практикалық сабақ:
|
__60__сағат
|
Межелік бақылау:
|
7 және 15 апта
|
диф.зачет ()
|
__2____ семестр
|
Сіздің оқытушыңыз: - Кумарова А.А. аға оқытушы.
ғылыми қызмет саласы - дене шынықтыру және спорт
Кабинет: 24 (3этаж) Корпус 11 «Денсаулық»
Коммуникация: akmaral.kumarova@auezov.edu.kz ватсап 7754079866
Zoom 2819964400 (пароль 485635))
Шымкент, 2023 ж.
Пәннің жұмыс оқу бағдарламасы (SYLLABUS) «Экономика,заң және аграрлық мамандықтар үшін дене тәрбиесі» кафедрасының мәжілісінде қарастырылған
№ _6__хаттама « __24_» __01__2023 ж
Кафедра меңгерушісі: _________ Мустафаев И.Т.
6В07360 - Кадастр ___ ББ көшірме
шифр және атауы
Модуль атауы
|
Цикл
ЖБП/БП/КП
|
Компонент
МК/ЖК/ТК
|
Пәннің атауы
|
Пәннің қысқаша сипаттамасы
|
ББ ОН
|
Коммуникативті
ұтқырлық модулі
|
ЖБП
|
МК
|
Дене шынықтыру
|
Дене шынықтыру жаттығуларымен және спортпен тұрақты шұғылдану әдеттерін дене бітімі жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу; денсаулықты сақтау мен нығайтуды, психофизикалық қабілеттілікті дамыту мен жетілдіруді қамтамасыз ететін практикалық дағдылар мен дағдылар жүйесін меңгеру. Қозғалыс және функционалдық мүмкіндіктерді арттырудың жеке тәжірибесін алу, болашақ кәсібі мен тұрмысына жалпы және кәсіби-қолданбалы дене даярлығын қамтамасыз ету.
|
ОН12,
|
ББ ОН мен пәннін ОН байланысы
ББ бойынша ОН
|
Пән бойынша ОН
|
ОН12 Жеке түрде және команданың мүшесі ретінде тиімді жұмыс жасау, өз көзқарасын дәлелдей алу, өзінің ісін түзете білу және түрлі тәсілдерді қолдана алу.
|
ОН 1 Білу және түсіну озық білім элементтерін қоса отырып, игерілетін саладағы білімі мен түсінігін көрсету;
ОН 2 Осы білімдері мен түсініктерін кәсіби деңгейде қолдану;
ОН 3 Талдау (дәлелдемелерді тұжырымдау және игерілетін саладағы проблемаларды шешу)
ОН 4 Синтез ( әлеуметтік, этикалық және ғылыми ұғым-түсініктерді ескере отырып, талқылауды қалыптастыру үшін ақпараттарды жинау және тұжырымдау)
ОН5 Бағалау ( өз бетінше оқуды ары қарай жалғастыру қабілеттілігі)
|
Келісілген
ББ жетекшісі ________________________________________
(қолы Т.А.Ә.
Пәнді оқудың мақсаты – кәсіби қызметке даярлау үшін, болашақ еңбек қызметінде денелік жүктемелерді, жүйке-психикалық қысымдарды және жайсыз факторларды табанды өткеруге денсаулықты сақтау, нығайтуды қамтамасыз ететін студенттердің әлеуметтік-жеке тұлғалық құзыреттіліктерін және дене шынықтырудың құралдары мен әдістерін мақсатты түрде пайдалану қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
Мақсатты жүзеге асыру үшін келесідей білім беру, сауықтыру және тәрбие міндеттері шешілуі қажет:
1) тиімді кәсіби еңбекке қабілеттілікті және денсаулық сақтау үшін өмірлік маңызды дене қасиеттерін дамыту жолында дене шынықтыру және спортты қолдану бойынша базалық ғылыми-негізделген білім беру;
2) дене шынықтыру және спортпен айналыстырудың жүйелі сабақтарына деген қажеттілік пен дене шынықтыруға мотивациялық- құндылықтық қатынасты қалыптастыру;
3) ағзаның еңбек қызметінің қолайсыз факторларының әсеріне кедергісін арттыру, денсаулығын нығайту және машықтану;
4) өзара көмекке, коллективизмге және тәртіпке тәрбиелеу;
5) психикалық тұрақтылықты, өз күшіне сенімділікті, мақсаттылықты, батылдық пен табандылықты, бастамашылықты, қайсарлық пен қажырлықты тәрбиелеу;
6) негізгі қозғалтқыш қасиеттерін дамыту және жетілдіру - төзімділік, күш, жылдамдық, икемділік;
7) дене шынықтыру мен спорттың әлеуметтік-мәдени тәжірибесі мен әлеуметтік-мәдени құндылықтарын дамыту бойынша әртүрлі дағдылар мен қабілеттерге ие болуды қамтамасыз ету;
8)қарым-қатынас дағдыларын дамыту, атап айтқанда, әр түрлі көздерден ақпаратты пайдалану қабілеттілігі, сәйкес формада нақты ұсыну;
9) ойлау дағдыларын, өзін-өзі дамыту дағдылары және зерттеу дағдыларын дамыту.
дене шынықтыру құндылығын меңгеруге спорттық іс-әрекетті белсенді меңгеру керек.
Пререквизиттер «Дене шынықтыру», «Валеология» пәнінің мектеп курсы
Постреквизиттер «Дене шынықтыру» пәнінің курсы
Достарыңызбен бөлісу: |