Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет100/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143
Байланысты:
369577-1

Мыстың цитраты-Cupri citras. Ашық жасыл түсті ұнтақ, суда өте нашар ериді. Офтальмологияда түтқырлық жане қабынуға қарсы зат ретінде 5-20%-ті сүртпе дәрі жане қантппен бірге ұнтақ дәрі (1:10-20) ттүрде қолданылады.
Күмістің препараттары. Күмісті нитрат- argenti nitras. Иіссіз, түссіз мөлдір кристалдар. Судың 0,6 жане спирттің 30 бөлігінде ериді. «А» тізімі бойнша сақталады. Жарықтан таса жерде күңгірт ыдыстарда сақтаған жөн.
Күмісті нитрат ертінділерінде оңай диссоцияцияланадыда ауыр металдардың тұздары тарізді дезинфекциялық, тұтқырлық жане күйдіре әсер етеді, 1:75000-80000 ара қатынасындай ертінділерінің өзі маңқа ауруының бациллаларының өсуін тоқтатса, ал 1:10000 қатынасындай ерітіндісі оларға өлтіре әсер етеді. Сібір жарасы ауруының қоздырғышының оның 1:30000 қатынасындай ертіндісінен өсуін тоқтатып, ал 1:5000 қатынасындай ертіндісінен өлімге душар болады.
Күмісті нитратты үзақ уақыт қолдана беруден қабыну қүбылыстары байқалады. Күмісті нитратты түтқыр жане бактериостатикалық зат ретінде стоматтитттерде, аусылдда (0,5% ерітінді): экземалар мен дерматиттерде (3-5%) офтолмольогияда (0,5-1%) гинекологияда (0,05-0,2%) жане басқада мақсаттарда қолданылады. Күмісті нитратты органикалық заттармен бірге қолдануға болмайды.
Альбаргин – albarginum. Күмісті нитратты желатозамен әрекеттестіру арқвлы алады. Құрамында 16% күміс бар. Ақшыл-сарғыш түсті суда оңай еритін ұнтақ. Дезинрфекциялық жане тұтқыр зат ретінде офтальмологияда (0,5-1%ертіндісі), жатырдың жүқпалы аурулары мен циститте (1-3%) қоданылады. Ең жоғарғы мөлшері жылқымен ірі қара малға 2,0 г: ірі қараның бабизиозында күре тамырына 0,0075 г/кг мөлшерінде егіледі.
Колларгол – Collarqolum. Құрамында 70-75% күміс және 25-30% белок болады. «Б» тізімі бойынша сақталады. Сыртқы ағзаларға 1-2 % ерітінді немесе жараларды емдеуге сүртпе дәрі түрінде қолданады. Сепитемиция және пиемияларда қолдану (күре тамырға 1-2%) ерітіндісі жақсы нәтижелер береді.
Протаргол – Protarqolum. Күмісті нитратты натрий гидрототығы – мен әрекеттестіру арқылы алынатын коллоидты препарат. Құрамында 7,8-8,3% күміс бар. Қоңырқай түсті иіссіз ұнтақ, аздап ащы дәмі бар. Судың бір бөлігінде ериді, спиртте ерімейді. Сыртқы мүшелерге емдік және алдын-алу мақсаттары үшін күмісті нитрат тәрізді қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет