Висмут субнитратты – Bismuthi subniras. Құрамында кем дегенде 70,9-73,9% висмут бар. Иіссіз, дәмсіз ақ түсті, ауыр, ұсақ кристалды ұнтақ. Су мен спиртте ерімейді, әлсіз қышқылдарда ериді. Тұтқырлағыш, қабынуға қарсы және дезинфекциялық зат ретінде гастриттер энтериттер кезінде микстура кезінде кілегейлі қайнатпамен бірге, сонымен қатар болюс, пилюла түрінде ішке беріп қолданады. Ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға 5,0-15,0, сиырға 5,0-25,0; қойларға 3,0-8,0; шошқаларға 2,0-5,0; иттерге 0,5-2,0; түлкілерге 0,1-0,5, мысықтарға 0,3-1,0; тауықтарға 0,4-0,5 г.
Препаратты сыртқы ағзаларға сеппе дәрі түрінде күйіктерде экзематозды құбылыстарда, ойық жараларда және басқада жағдайларда қолданады.
Ксероформ – Xeroformium. Висмут тибромфенолят пен мырыш тотығының қоспасы, су мен спиртте ерімейтін, өзіне иісі бар, ұсақ ұнтақ. Өте күшті антисептикалық зат. Ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға 3,0-10,0, сиырға 5,0-15,0; қойларға 2,0-5,0; шошқаларға 1,0-3,0; иттерге 0,3-1,0; тауықтарға 0,5-0,12.
Дерматол – Dermatolum. Висмут нитратын танинмен әрекеттестіру арқылы алады. Иіссіз, дәмсіз, сарығыш түсті ұнтақ зат. Сумен спиртте ерімейді, ал негіздерде оңай ериді, сыртқы ағзаларға тұтқырлағыш, құрғатқыш және антисептикалық әсер етеді. Сүртпе дәрі (5-20%-ті) және сеппе дәрі түрінде қолданады.
Мырыш препарратты. Мырыш қосылыстары әсер ету жөнінен ауыр металдардың өкілдеріне жатады, бірақ әртүрлі препараттары әртүрлі әсер етеді.
Мырыш сульфаты Zinki sulfas, InSO4 . 7H2O. Иіссіз металдарға тән дәмі бар, жылтыр призма кристалдар. Судың 0,75 бөлігінде және глицеринде ериді, ал спиртте ерімейді. «Б» тізімі бойынша сақталады. Мырыш сульфатының жергілікті әсері оның концентрациясына байланысты келеді. 0,1-0,5% ерітінділері тұтқырлап, қан тамырларын траылтып және қабынуға қарсы әсер етеді; 3-5% ерітінділері-тітіркендіреді, ал 20-50% - ерітінділері күйдіреді. Тұтқырлық және тітіргендіргіш әсерлері 1-3 минуттан соң басталып, 2 сағаттақа дейін созылады, осы мерзім оның микропқа қарсы әсеріде байқалады.
Мырыш сульфаты овтомологияда қабынуға қарсы және ауырсыну сезімін әлсірететін (0,2-2% ерітіндісі) зат ретінде кеңінен қолданады. Тәжірибелі дәрілгерлердің мәліметтеріне қарағанда, оны құстырғыш зат ретіндеде қолдану жақсы нәтиже береді.
Мырыш тотығы – Iinci oxydum, ZnO. Ақ түсті аморфты ұнтақ. Сумен спиртте ерімейді, ал қышқылдарда оңай ериді. Өте күшті адсорбциялық зат ретінде әсер етеді. Қышқылды ортада ол қышқылдарды бейтараптап, хлорлы мырышқа айналады. Қабыну құбылыстары кезінде жарада қышқылды реакция болады. Мұндай ортада қабыну өнімдерінің адсорбциясы өте жақсы жүреді, ал хлорлы мырыш өте аз мөлшерде ғана түзілгендіктен тек тұтқырлық әсерімен ғана шектеледі. Сол себепті мырыш тотығы өте күшті және ұзақ әсер ететін қабынуға қарсы қолданылатын зат болып саналады. Қарында қышқылдар проценттік мөлшері жоғары болғандықтан өте көп мөлшерде хлорлы мырыш түзіліп, тітіркендіріп әсер етеді.
Мырыш тотығын сулы дерматиттерде, жараларда және ойық жараларда сеппе дәрі түрінде немесе крахмал, тальк, салицил қышқылдармен араластырып сықпа дәрі түрінде қолданады.
Темір препараттары. Темір ауыр металдардың ең негізгі өкілі. Жергілікті жерге концентрациясының өсуіне байланысты тұтқырлап, тітіркендіріп және күйдіріп әсер етеді. Мұндай әсер кілегейлі қабықтарға жанысқанда, жараға немесе терінің бүлінген жеріне тигізгенде байқалады. Бүлінбеген теріне темірдің тұздары әсер етпейді. Төмен конгцентрацияларын ішке қабылдағанда, ол ас қорытуды жақсартады және тұтқырлық әсер етеді. Соның салдарынан перистальтика баяулап, іш жүрмей қалады. Перистальтканың баяулауы, сонымен бірге темірдің күкіртті сутекті қосып алып, ішектердегі интерорецопторлардың қозуын әлсіретуінен болады. Темірдің жоғарғы концентрациядағы тұздары интерорецопторларды тітіркендіреді, ал кейде ұлпаларды некрозға ұшыртауы мүмкін. Әр түрлі препараттардың жергілікті жерге әсер ету дәрежесі мен бактерициттілігі әр түрлі келеді. Тотығатын қосылыстары белоктармен реакцияға оңай түсетіндіктен әсері айқын болады, ал қышқылды қосылыстарының белсенділігі онша емес.
Темір қан құрамындағы гемоглабиннің құрамдас бөлігі болып саналады. Сонымен бірге оксидацитті ферменттердің құрамындада болады. Организмде иондарға ыдыраған және ыдырамаған күйіндеде кездеседі. Түйіршік түрінде қанды түзейтін және ыдырататын мүшелерде болады. Организмдегі темірдің мөлшері 0,001-0,01% бұл организмдегі тотығу тотықсыздану құбылыстарының бір қалып жүруіне толық жетеді. Организмдегі темірдің мөлшерін 10-15 есе көбейткеннен ұлпа аралық зат алмасуды ешқандай өзгерістер байқалмайды. Ал темір мөлшерінің төмендеуі көптеген құбылыстардың тоқтап қалуына әкеп соғады.
Организмдегі темірдің мөлшерін бірқалыпты деңгейде ұстап тұру үшін, оның өсімдік және жануар тектес азықтық заттардың құрамындағы мөлшері жеткілікті деңгейде болу керек. Азықтық заттар арқылы организмге түсетін темірдің артық мөлшері, организмде жинақталадыда айтарлықтай әсер етпейді. Ал препаратты тікелей қанға еккен кезде, уытты әсер етеді.
Темір организмге өте нашар, баяу, тек белгілі бір жағдайларда ғана сіңеді. Негізінен иондарға диссоцияцияланған екі валентті қосылысмтары сіңеді. Мұндай жағдай ішектің тек басқы бөлімінде болып, өте қысқа мерзімде өтеді. Иондалған темір сіңірілу құбылысы кезінде, клетка белоктарымен әртүрлі қосылыстар түзіп, жергілікті әсер етеді. Резорбциялану үшін ол апоферритим беклогы мен әрекеттеседіде, соның салдарынан жүйелі фериттин қосылыс түзіледі. Фериттиннің өзі организмге сіңбейді, ол тек қана сарысуындағы трансфериттинмен реакцияға түседіде, соның салдарынан апоферриттим қайта қалпына келіп, феротрансферин түзіледі. Феротрансферин бауырда, көк бауырда, сүйектің қызыл кемігінде жинақталады. Онда ол екінші апофериттинмен реакцияға түсіп, оның құрамындағы темірді өзіне қосып алғаннан кейін үш валентті қосылыстарын түзеді. Темір орагнизмде шөп қоректі (күйіс қайыратын) малдарда жақсы сіңеді.
Темір негізінен бүйректер арқылы, ал аздаған мөлшері тоқ ішек және тер бездері арқылы бөлінеді. Темірдің резорбтивті әсері гипохромды анимиядағы айқын байқалады. Бұл кезде ол гемоглабиннің мөлшерін арттырады. Эритропоэзді күшейтеді. Ұлпалардағы тотығу-тотықсыздану құбылыстарының белсендіріп, ас қорытуды күшейтеді. Темірдің әсерінен цитохроммен респирациялық ферменттің түзелуі жақсарады, гемоглабиннің тотығуы жылдамдап, өзіне-өзі тотығуы баяулайды, негізгі тотығу-тотықсыздану құбылыстарының жүруі артады, гемопэз, ал соңынан лейкопоэз жақсарады.
Темір препараттарының, оның организмдегі мөлшері жетсіпегенде қоектік заттармен бірге организмге түсуі төмендегенде емдік мақсаттармен қолдану жақсы нәтиже береді. Теммір препараттарының емдік әсері, оның қарындағы оңай резорбцияланатын қосылыстары көп болған сайын арта түседі.
Тәжірибелер арқылы сау малдардағы қан кетулер кезінде, гемошглабинмен қанның мөлшері бірнеше аптадан кейін қайта қалпына келетінін анықталады. Мұндай кезде берілген гемоглабин айтарлықтай роль атқармайды, өйткені гемоглабиннің түзілуі қоректік заттар құрамындағы темірге байланысты емес. Ал созылмалы қан кетулерде, темірдің қоры азая бастайды және гемоглабиннің түзілуі жануарларға темір препараттарын бергенде ғана жоғарылайды. Үлкен малдардың рационындағы темірдің мөлшері оларға жеткілікті болғанымен жас малдардың қанағаттандырмайды. Анемия кезінде жас малдарға берілетін темірдің мөлшері, егер оны аскорбин қышқылымен, мыстың немесе басқада металдардың (Ni, Pb, Mn, As, In, Cz, Hq) препараттарымен қосып берілетін болса, едәуір мөлшерде азайтылады. Бұл металдарда темір тәрізді сүйек кемігіндегі ретикулоциттердің қызметін жақсартады, бірақ жоғарғы дозаларында сүйек кемігінің қан түзетін қызметін нашарлатады.
Сүйек кемігінің қан түзетін қызметінің нашарлауының болған анемияда темір препараттарының қолдану жақсы нәтиже береді. Егер темір препараттарымен басқада қуаттандырғыштар қосылып берілетін болса, оның емдік нәтижелілігі онан әрі арта түседі. Инвазиялық ауруларда, жануарлардың буаздығы және анемия кезінде темір препараттары қолайлы әсер етеді. Эритроциттердің гемолитикалық уытты заттардың әсерінен болған ыдырауында темір препараттарының емдеу ешқандай нәтижелілік көрсетпейді.
Темірдің органикалық қосылыстарда, сонымен бірге биорганикалық қосылыстарда емдік әсер етеді. Организмде жақсы сіңетін тұздарының белсенділігі жоғары болады. Органикалық қосылыстары биорганикалық қосылыстарына қарағанда белсенділеу келеді, бірақ органикалық қосылыстары қарын мен ішектердің сезімтал жүйкелерін біршама аз тітіркендіреді. Темірдің барлық препараттары (ерімейтіндерінен басқасы) әлсіз концентрацияларында колданылады. Ал күшті концентрацияларын көп колдана берсе, олар кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, гастроэнтериттерге әкеп соқтырады. Оның ерімейтін препараттарын жануарларды азықтандырудан бұрын немесе азықтық заттармен бірге берген жөн. Ал еритіндері – азықтандырудани кейін қолданылады.
Қалпына келтірілген темір- ferrum reducum. Ұсақ қара қошқыл унтақ. Магнитке тартылады, суда ерімейді, қышқылдарда оңай еріп, өзінің тұздарына айналады. Ас қорыту жұйесінде кілегейлі қабықтарда әлсіз тітіркендіреді, соның салдарынан оның секрециясы кұшейіп, қоректік заттардың қорытылуы жақсарады. Препаратты хлороз, анемия, қанның көп кетуінде, мал арықтап, әлсірегенде қолданады.
Мөлшері; жылқы мен ірі қара малға 1,0-5,0г; қойға 0,5-1,0г шошқаға0,3-0,8г; иттерге 0,02-0,3г: мысық жане құстарға 0,01-0,1г: түлкі жане бағалы терілі аңдарға 0,2-0,5г.
Темір сульфаты- ferrosi sulfas. Көкшіл-жасыл түсті призма тарізді мөлдір кристалдар. Иісі жоқ, ауада тотығады.судың 2,2 бөлігінде ериді, спиртте ерімеиді. Темір сульфатының разобциялық әсері темірдің басқа препараттарына уқсас, ал жергілікті жерге әсері мырыш жане сульфаты тарізді әсер етед. Төменгі мөлшері де карловар тұзымен бірге ас қорытуды жақсартып әсер етеді. Бактерицитті әсері де бар: аның 3% концентрациясы туйнеме ауруы қоздырғышының вегативті түрін өлтіреді, ал оның споралы түрлері препараттың 7% концентрациясасында өлмейді. Препаратты хлороз, анемия кезінде 0,2-1% ерітінді күйінде ішке береді. Ас қортуды жақсартатын зат ретіне әлсіреген малдарға қолданады. Мөлшері:жылқы мен ірі қара малға 2,0-25,0г: қой мен шошқаға 0,5-5,0г: иттерге 0,05-0,5г: мысық жане құстарға 0,02-0,2г.
Мал қораларын дезодерациялау үшін препараттың 0,5% ерітіндісі қолдану жақсы нәтиже береді.
Аскорбин қышқылды темір- acidum ferro-ascorbinicun. Темір жане аскорбин қышқылынан түратын комплесті препорат. Су жане сүтте жақсы ериді, спирт пен ацетонда ерімеизі.
Препораттар таблетка (0,5-1,0) жане үнтақ түрінде шығарады. Жарықтан тыс, күнгірт түсті, жақсы жабылатын ыдыстарда сақталады. Темірдің жетіспеуінен аолған анемия жане С гиповитаминозында қолдану жақсы натиже береді.
Мөлшері: торайларға 0,002-0,01г:кг.
Темір лактаты- ferri lactase. Салқын судың 50, жылы судың 12 бөлігінде ериді. Ақшыл -жасыл түсті, тәтті жане металдарға тән дамі бар кристалдаы ұнтақ. Ішке пилюла жане болюс түрінде қолданады.