Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет101/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   143
Сынаптың препараттары. Мал дәрігерлік практикада металды сынап және оның әр түрлі қосылыстары қолданады. Сынаптың барлық препараттары өте уытты келеді. Олардың уыттылығы препараттардың диссоцияциялану дәрежесі артқан сайын күшейе түседі.
Жергілікті жерге тітіркендіріп және күйдіре әсер етеді. Сынаптың препараттары бактериоцитті келеді. Ал оның кейбір препараттары (сулема) өте күшті дезинфекциялық зат ретінде қолданады. Бактериостатикалық әсер үшін сынап препараттары көп колданыла бермейді.
Сынаптың барлық препараттары кілегейлі қабықтар арқылы организмге оңай сіңіп, тез тарайды. Мысалы, жатырды сулейманың әлсіз ерітіндісімен (1:3000) жуу жануарлардың улануына соқтыруы мүмкін. Улану белгілері терге жаққан сүртпе дәрілерден де байқалады.
Сынаптың негізгі бөлігі несеп, өт және сүт арқылы бөлінеді. Ал оның аздаған бөлігі бауырда бірнеше айлар бойы сақталуы мүмкін.
Сынап препараттарының резорбтивті әсері өте ұқсас. Олар орталық жүйке жүйесіне қолайсыз әсер етеді. Оның ерімейтін препараттары еритін препараттарына өте баяу айналады. Сол себепті олардың әсеріде баяу айқындалады.
Сынаптың сұрғұлт сүртпе майы – Unquentum hydrarqyri cinereum. Сұрғұлт түстес бір тектес зат, құрамында 30% сынап болады. Сүртпе майды терінің терең қабаттарына әсер ету үшін қолданылады. Терге жаққанда сүрпе май, тер бездері арқылы торшааралық кеңістіктерге оңай өтіп кетеді. Бұл кеңістіктерде сынап өзінің еритін қосылыстарына айналып, әсері күшейе түседі. Терінің терең қабаттарында жүйке талшықтарын тітіркендіріп қан айналуда жақсартады және қабыну құбылысының жылдам етуіне септігін тигізеді.
Сынаптың сұрғұлт сүртпе майы жануарлар үшін уытты әсер етеді. Сүрпе майдың 10 грамнан теріге жаққанда ірі қара малдың өлімге душар болуға жағдайы кездескен.
Сынаптың сұрғұл сүртпе майын созылмайлы ауруларды қабындырып, жараның жазылуын жылдамдату үшін тері ауруларында, тері асты шелінің қабынуларында тендениттер мен тендовагинеттер кезінде қолданылады.
Бірхлорлы сынап (Колумель) – Hydrarqyri mono-chloridum. Ақ немесе аздап сарғыштау түсті ұсақ кристалды иіссіз дәмсіз ұнтақ зат. Суда, спиртте және органикалық ерітінділерде, жоғарғы температураның және дарықтың әсерінен сулеймаға айналады. «Б» тәзәмә бойынша сақталады.
Ішке қабылданған коломель қарынға ешкандай өзгеріссіз түседі. Ішектерде өттің, қарын және ішек сөлдерінің әсерінен еритін сынап альбуминаттарына айналадыда баяуды тітіркендіріп әсер ете бастайды. Тәжірибе түрінде коломелдің еритін қосылыстарға айналуы ет қоректілерге қарағанда шөп қоректілерде жылдам жүреді, сол себепті шөп қоректілердің улануы жылдам байқалады.
Коломелдің әсерімен фармакодинамикасын И.П. Павлов пен оның оқушылары шартты рефлекстер әдісімен жан-жақты зерттей отырып, коломелдің ішек бездерінің секрециясының күшейтетінін, өттің бөлінуін арттыратынын анықтаған. Сонымен бірге коломель дезинфекциялық әсер етіп ішектердегі шіру құбылыстарын баяулатады. Коломельді жылқы, шошқа, ит және бағалы терілі аңдарға іш өткізетін және ішектерді дезинфекциялайтын зат ретінде ішектердің әр түрлі инфекция ауруларында қолданады. Коломелдің ішке бергендегі мөлшері: жылқыларға 1,0-5,0 г; шошқаларға 0,05-1,5 г; иттерге 0,01-0,3; мысықтарға 0,01-0,1; түлкілерге 0,01-0,3; құндыздарға 0,05-0,1 г.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет