Еркек усасыр тамырсабағының қою экстрактісі (густой экстракт из корневище мужского папоротника)-Ехtractum FiIicis maris spissum.Препарат көп сақnауға ыңғайлы келеді. Мөлшері еркек усасыр тамырсабағына -қарағанда 6-10 есе төмен. Капсула түрінде беруте ынғайлы, сонымен бірге пилюлдік және боллюстік заттармен оңай араласады. Бұл жасыл немесе күңгірт жасыл түсті, жағымсыз дәмі бар қою зат. Суда ерімейді, эфирде жақсы ериді. Қараңғы, салқын жерде "Б" тізімі бойынша сақталады. Құрамындағы белсенді заттардың мөлшері 26-28 '%. Негізгі әсер ететін заттары фильмарон, филикс және усасыр қышқылы тәрізді филцин қышқылының туындылары. Оны қойлардың мониезиозы мен тизаниозында, иттер мен үйректердің цестадозында, жылқылардың анаплоцефалидозында, мысықтардың гидатигериозында,үйректердің дрепанидотениозында және басқа да ауруларда қолданады.
Еркек усасыр экстрактысының мөлшері: ұйректердің цестадозында 1,0 г; жылқылардың анаплоцефалидозында 15,0-20,0 г; айлық тайларға 5,0-7,0 г; 8-12 айлық тайларға 8;0-10 г; құлындарға 10.0-12.0 г, Егер препаратты өсімдік майында ерітілген скипидар немесе төртхлорлы көміртекпен қосып берсе белсенділігі артады. Арық, көтерем малдарға препараттың емдік мөлшерін 2-3 бөлікке бөліп береді. Иттердің цистозында 1,0-5,0 г экстракт жэәне 1,0-1,5 г.-филицилен,. .мысықгардың гидатигериозында 0,7-1,0 г экстракт және 0,3-0,5 г филицелен, ал үйректердің дрепанидотениозында 0,2-0,3 экстракт берілсе, жақсы нәтижелергс қол жетеді. Препарат жануардың 1 кг салмағына есептелінін қолданылады.
Филиксан-FiIixanum.Еркек усасыр тамырсабағының құрғақ экстрактісі. Суда ерімейтін, иіссіз, дәмсіз, сарғыш-қоңыр немесе қоңыр-қызғылт түсті ұнтақ зат. Құрғақ жерде, бөлме температурасында «Б» тізімі бойынша сақталады. Мұндай жағдайларда ол 1,5 жылға дейін сақтала береді. Құстардың флециолез, гименолепидоз, дрепанидотеииоз және басқа да цестодоздарында емдік және алдын алу мақсаттарымен қолдану өте жақсы нәтиже береді.
Емдік мөлшерінде препарат цестодалардың жас және толық дамып біткен хүрлерін де өлтіре береді. Емдік және профилактикалық мақсаттармен құстардың 1 кг тірілей салмағына есептелініп мынадай мөлшерде қолданылады. жаппай қолданғанда жемге қосып береді, үйректерге 0,35, қаздарға 0,45 және құстарға болююс түрінде береді, үйректерге 0,3, қыздарға 0,4. Қойлардың фасциолезында 0,3-0,4 г, Иттердің цестозында филиксанды 15 кг-ғатірілей салмағына 0,3 граммнан береді.
Филиксанның уытты мөлшері емдік мөлшерінен 9-11 есе жоғары. Еркек усасыр тамырсабағының ең жақсы тазартылған және белсенді препаратына филицилен (ҒіIісіIеnиm) жағады. Оның экстрактіге қарағандағы белсенділігі 2 есе жоғары, ал мөлшері 2 есе төмен. Бұл карбонатты ерітінділерде жақсы еритін сарғыш-күлгін түсті аморфты ұнтақ. Мөлшері: ұсақ ма мен шошқаларға 0,5-3,0 г; иттерге 0,2-2,5 г; мысықтар мен қояндарға 0,3-0.5 г; тауықтарға 0,1-1,0 г.