Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет137/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   143
Пиперазин-Ріреrazinum. Екі этиден, екі диаминнің гексагидраты. Пиперазиннің үш түрлі препараты бар.
Пиперазинді адипинат- Piperazini adipinidum. Иіссіз, аздап жағымды иісі бар ақ түсті кристалды ұнтақ. Су мен спиртте нашар ериді. Жылқылардың параскаридозында, бұзаулардың неоскаридозында, шошқалардың аскаридозында, тауықтардың аскаридозы мен гетеракидозында, үйректердін, амидостозында, құстардың эхинуриозында, иттер мен бағалы терілі аңдардың токсакарозы мен токсаскоридозында қолданылады.
Пиперазинді сульфат- Piperazini suIfas. Суда жақсы еритін ащылау келген қышқылтым дәмі бар ақ түсті кристалды ұнтақ. Шошқалардың аскаридозында, тауықтардың аскаридозы мен гетеракидозында, үйректердің амидостомозында қолдану өте жақсы нәтиже береді.
Пиперазинді гексагидрат-Piperazini Hexahydras. Ақ түсті кристалды ұнтақ. Су мен спиртте жақсы ериді. Судағы ерітінділерінің реакциясы сілтілі келеді. Ішек нематодтарына өлтіре әсер етеді. Олардағы жұмыртқа даму құбылысын бүлдіреді және жүйке талшықтарын салдандырады.
Жылқылардың парааскаридозында жоғарыда айтылған препраттың кез кедлгенің қолдана беруге болады. Препараттың мөлшері малдың әрбір жылқыға жеке немесе 10-15 жылқыға бір мезгілде жалпылама түрде екі күн қатарынан береді. Препараттың мөлшері малдың әрбір килограмм тірілей салмағына 0,1 граммнан аспағаны жөн.Көп жағдайларда мына төмендегідей мөлшері қолданылады: 6-10 айлық жануарларға 8,0-10,0 г: 10-12 айлық жануарларға 11,0-12,0, 1-2 жастағыларға 13,0-20,0; екі жастан жоғарыдағыларға 21,0-25,0 г.
Шошкалардың аскаридозында пиперазинді 0,3 г/кг мөлшерінде ішке береді, ал ет қоректі жануарлардың токсаскаридозындағы мөлшері 0,2 г/кг. Қояндардың пассалурозында 1,0 г/кг. Пиперазиндг дитиокарбоматты тауықтардың аскаридонында (0,2 г/кг), үйректердің амидостомозында (0,5 г/кг) қолдану жақсы нәтиже береді. Құстардың аскаридозы мен гетеракидозында ішперазинді гексагидрат (0,5 г) гісн фенотиозинді (1,0 г) араластырып қолдану өте жоғары емдік нәтижелілікке жеткізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет