Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет136/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143
Натрий флюриді- Natrii fIuoridum. Сілтілі дәмі бар жылтыр немесе ақсары түсті кристалдар. Судың 25 бөлігінде баяу еріп, оған сілтілік реакция береді. Дымқыл жерде сақтағанда баяу ыдырап, фторлы сүтек және металл тотығы тәрізді өте улы заттар түзеді. "Б" тізімі бойынша сақталады.
Концентрацияланган ерітінділер (4 %) кілегейлі қабықтарды тітіркендіріп, қабындырады, тіптен некрозға ұшыратуы мүмкін. Резорбцияланғаннан кейінгі оның әсері жан-жақты келеді. Оның жоғарғы мөлшерінен (0,5 і;/кг) жануарлар локсиды, іші етеді, жүрек жұмысы күрт әлсіреп, қан қысымы төмендейді, рефлекторлы қозу баяулап, организм жалпы әлсірейді. Созылмалы улану кезінде сүйектер шектен тыс қатаяды, қанның; морфологиялық құрамы өзгереді, тотығу-тотықсыздану құбылысы әлсіреп, орталық жүйке жүйесінің басқару қызметі нашарлайды. Төменгі дозаларында флюорид қандағы холестериннің мөлшерін иперхолестеинемияның болуына жол бермейді, сүйектердегі түзілуін жақсартып, рахит құбылысын болғызбайды.Қанның ұюын болдыртпайды, сол себепті қандағы мочевинаны, несеп қышқылын және қантты зерттегенде қолданады.
Ішке қабылданған натрий флориді кейбір ферментативті құбылыстарды бұзып, ас қорыту жүйесінде шоғырланған гельминттерге қолайсыз әсер етеді. Препараттың шошқалардың аскаридозындағы әсері өте нәтижелі, мұның өзі оны сантонимен қосып қолдануға кең мүмкіншілік береді.
Шошқалардың аскаридозы кезіндегі дозасы 0,1 г/кг. Кейбір ғалымдар натрий флюридін шошқаларды дегеьминтизациялау үшін жалпылама қолдану әдісін ұсынып отыр.
Натрий флюридінен кейін жануарларға су беруге болмайды. Өйткені препарат суда тез еріп, организмге тез сіңеді Соның салдарынан оның антигельминттік әсері, әлсіреп, уытты әсері күшейіп кетеді. Жануарларды дегельминтизациядан кейін, 6-8 сағаттан соң қоректендіреді. Егер, ауру кең етек алған болса дегельминтизациялық шараларды 10-15 күннен кейін қайта қайталайды.
Кремнефторлы натрий-Natrii siIicofIuoridum.Суда нашар еритін ақ немесе ақшыл сарғыш түсті кристалды ұнтақ.Жылқылардың параскоридозында қолданылады. Мына төмендегідей мөлшерде өте жақсы емдік нәтиже береді: құлындарға 0,03 г/кг; ал үлкен жылқыларға 0,05-0,08 г/кг. Препаратты ептеп дымқылданған жеммен араластырып береді. Препаратты бергенге дейін жылқылар 12 сағат бойы азықтандырылмайды, ал препаратты бергеннен кейін 4 сағатқа дейін су бермейді.
Шошқалардың аскаридозында препарат 1 күн бойы, ал емдік мақсатпен 2 күн бойы қолданылады. Қандай мақсатпен қолданылса да, препарат күніне 3 рет беріледі. Ал, мөлшері малдың тірілей салмағына байланысты әртүрлі болуы мүмкін есептегендегі мөлшері қойларға (геманхоз кезінде)-О,5 -1,0 г; түйелерге-0,5-0,6; ірі қара малға-0,2-0,3; мысықтар мен тауықтарға-1,0 г. Стронгилидоздар мен трихонематидоздардың алдын-алу ушін фенотиазин (1 бөлік) мен ас тұзының (9 бөлік) қоспасын жасап бүкіл жаз бойы жылқыларға береді Күйіс қайыратын малдық гемонхозындағы мөлшері - 0,5 г/кг. Қойлардың геманхозының алдын-алу үшін фенотиазин мен тұздардың қоспасын (1:9) қолданады.
Қояндардың пассалурозындағы препараттың мөлшері 1,0 г/кг; ал тауықтардың аскаридозы мен гетеракидозында 1,0 г/кг. Фенотиазинді ас қорыту жүйесінің ауруларында іш жүрмей қалғанда, бауыр, бүйрек ауруларында жануарлар қатты арықтап, көтерем болған кезінде, жұқпалы ауруларда (сакау, энцефаломиелит) және басқа да жағдайларда қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет