Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет25/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   143
Байланысты:
369577-1

Сиднокарб - Sudnocarbum. Препараттың дем беру әсері жайлап дамиды және ұзаққа созылады. Малдың жүрісінде қозу процессі байқалмайды. Стимулдық эффектісінде тахикардия және гипертония болмайды.
Мал әлсірегенде, жұмысқа қабілетгілігі төмендегенде, улануларда, бас мидың жарақатында қолданады.
Препаратты ауыз куысы арқылы береді. Малдың тәбетінің нашарлауы және артериялық қысымның жоғарылауы мүмкін. Бірақ ол дозасын азайтқаннан кейін жылдам қалпына келеді.Қатты қозып тұрған малдарға, атеросклероз, гипертония ауруларында қолдануға болмайды. Жалпы препаратты аз уақыт қолданған дұрыс.
Препаратты 0,005; 0,01; 0,025 г таблетка түрінде шығарады. «Б» тізімі бойынша сақтайды.
Көбінесе жұлынның қызметтеріне дем беруші (стимуль) дәрілік заттар.
3. Камфора – Camfora.
Камфора ароматты иісі, алғашқыда ақ соңында салқындатқандай әсер ететін дәмі бар кристалды кесек заттар. Ашық ыдыстарда сақтағанда ұшып кетеді, сондықтан жабық ыдыста салқын жерде сақтайды. Теріге әсер еткенде алғашқыда салқындатқандай болады да соңынан қыздырып, ол жердің ауырсыну сезімділігін әлсіретеді, сонымен бірге көптеген микробтардың өсуін тоқтатады, сондықтан өте күшті қабынуға қарсы зат ретінде қолданады.
Камфораны жалпы қоздырғыш зат ретінде орталық жүйке жүйесі әлсірегенде, тыныс алу нашарлағанда, қан айналу бұзылғанда ұзаққа сзылатын аурулардан соң организм әлсіреп қапсып, шаршағанда, жүрек және қан айналу жүйесінің жұмысы нашарлуы қоланады. Сүртпе-сықпа май, камфора майы және камфора спирті түрінде сыртқы ағзаларға қабынуға қарсы, ауырсыну сезімділігін әлсірететін, антисептикалық, бұлшықеттердің ревмотикалық қабынуларында, флегмоналарда іріңді тендовагиниттерде қолданады. Препараттары: үгітілген камфора – Camphora trita, Камфора майы 20% ампулада – sol. Camphorae Oleosa, камфора спирті - Spiritus comphoratuy, Бром камфора - Brom camphora, Сыртқы мүшелерге қояды. Арнайы камфора май - Olli camphoratum adusum externum, Коразол – Corasolum иіссіз, ақ түсті кристалды ұнтақ, орталық жүйке жүйесін жайлап тітіркендіреді, қан қысымын арттырады, жүрек жұмысын жақсартып, көлденең жолақты бұлшық еттердің толысуын жақсартады.
Кордиамин – Cordiaminum әсері коразолға ұқсас. Орталық жүйке жүйесін қуаттандыратын заттардың барлығы да тыныс алуды жақсартады, олардың ішіндегі ең маңыздыларын цитизин мен лобелин.
Цитизин – Cytiziznum, алколоид, суда, спиртте хлороформда жақсы еритін ақ түсті кристалды ұнтақ, цитизинді – асфикцияда әртүрлі себептердің әсерінен болған тыныс алудың бұзылуында, естен тану және талықсу кездерінде қолданады.
Тамыр дәрі – Panax Cinseng. Мемонниктің Fructus schizandrae, Трансамин – Transaminum. Цитизин - Суtisinum. Орталық нерв жүйесін қуаттандыратын дәрілік заттардың барлығы да тыныс алуды белсендендіреді. Бірақта бұл әсер цитизин мек лобелинде әлдеқайда күштірек байқалады.
Цитизин алкалоид. Суда, спиртте, хлороформда жақсы еритін ақ түсті ұнтақ. Көп уақыт сақтағанда бұзылмайды. Фото-, термо тұрақтылылығы бар.
Малдәрігерлік тәжірибеде 0,15 %-ды ерітіндісі -цитотон қолданылады.
Малдың дем алысын жақсартады, қан қысымын жоғарылатады, әсіресе қан қысымы төмен болғанда айқынырақ білінеді. Цитотонды қолдану арқылы 6-8 минуттан кейін малдың тоқтап қалған дем алысын қалпына келтірген жағдай бар. Мал тұншыққанда, талу, талықсу, естен тану жағдайларында қолданады. Венаға жібергенде, тері асты мен еттің ішіне жібергеннен гөрі әсері жылдамырақ болады.
Лобелин - Lobelinum Өсімдіктен және синтетикалық жолмен алынатын алкалоид. Ащы дәмі бар, судың 100, спирттің 15 бөлігінде еритін ақ түсті ұнтақ. Ұнтақ және ампулада 1 %-ды судағы ертіндісі түрінде шығарылады. Күн көзінде, қайнатқанда бұзылады.
Лобелин дем алу орталығын қоздырады, аздап қан қысымын жоғарылатады, кезбе нерв орталығына әсер етеді. Осындай комплекс әсерлерінің салдарынан тыныс алу терең болады, өкпелердін, желдетілуі жақсарады, оттегін пайдалану ұлғаяды. Ерекшелігі: препаратты терінің астына жібергеннен кейін бастапқы 2-5 мин. дем алу бәсеңдейді. Мұндай өзгеріс жылқыларда айқын білінеді. Кейде «апноэ» болуы да мүмкін.
Жүрек-қан тамырлары жүйесіне әсері әлсіз.
Организмде тез ыдырайтындықтан, препаратты қайталап жіберу онша қауіпті емес. Токсикалық дозасы нерв ганглияларын, орталық нерв жүйесін қоздырады.
Малдың дем алысы нашарлағанда; тұншыққанда; форфинмен, наркотиктермен уланғанда қолдануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет