Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Дәріс №8 Орталық жүйке жүйесін қоздырғыш заттар



бет23/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143
Дәріс №8 Орталық жүйке жүйесін қоздырғыш заттар


1 Кофеин тобы, стрихнин тобы
2Камфора тобы, коразол және кордиамин тобы

1. Аналептиктер дегеніміз - әлсіреген организмді қалыпқа келтіретін қуаттандыру. Аналептиктер қозудың нейронаралық өткізгіштігін арттырады, тітіркендірулерді жақсартады, импульстардың өтуін жақсартып, орталық жүйке жүйке жүйесін бірқалыпты деңгейде ұстап тұрады. Олардың кейбіреуі ми қыртыстарының орталықтарына әсер ететін болса (кофейн), комфора, коразол – сопақша мидың орталықтарына стрихнил – жұлынға әсер етеді.


Антидепресанттар – (анти- қарсы, депрессант – күйзелу)- күйзелу құбылысын азайту және оны болдырмаудың алдын алу үшін қолданатын дәрілік заттар. Күйзелуге ұшыраған жануарлардың өсімталдығы, өнімділігі ауруларға қарсы қорғану қабілеті төмендейді асқорыту жүйесінің моторлық және секреторлық қызметі нашарлап, жануарлардың жаңа жағдайларға үйрену қабілеті әлсірейді. Мал шаруашылығында антидепресанттар малдарды жаңа жағдайларға жаңа қоректік заттарға үйретуге және жануарлардыкүтіп бағушылар өзгерген кезде қолданылады.
Препараттары: Имизин – Imizinum, Фтоацизин - Phthoracizinum, Ипразид - Iprazidium, Кофеин – Cofeinum – орталық жүйке жүйесін, әсіресе ми қыртыстарын, тыныс алу және қан тамырларын қорғайтын орталық сонымен бірге белгілі бір дәреже сопақша миды қоздырады, соның нәтижесінде ол жүректің жұмысын жақсартады, тамырлар жүйесіне күрделі әсер етеді. Көлденең жолақты бұлшықеттердің бұлшық еттердің жұмысын жандандырып диурезді арттырады. Кофеиннің әсер ету механизміне келетін болсақ, ол ми қыртысы торшаларының қозуын күшейтіп, оның жұмыс істеу арттырады. Сопақша миды кофеин тыныс алу, қан тамырларын қорғайтын орталыққа әсер беру арқылы әсер етеді.
Кофеин жүрекке тікелей және басқа жүйелермен мүшелер арқылы жанама түрде әсер етеді. Кофеиннің мөлшерін жоғарылатқан сайын жүректің соғуы ерекше жиілеп, ырғақтылығы, емдік мөлшерін бергендегідей дәрежеде көтеріледі.
Кофеин ас қорыту жүйесінің моторлық қызметін реттейді кезеген жүйкені қоздыра отырып, еттердің құрысып-тырысуын азайтады. Препараттары: таза кофеин – coffeinum purum, Кофеиннің бензо-натрий тұзы- Cofeini natrio-benzoas.
Стрихнин – қисық жалғау (чилибухи) өсімдігінің құрамында болатын алкалоид. Препараттары: стрихин нитраты – Strichnini nitras. Секуринин нитраты - Securinini nitras. Ол орталық жүйке жүйесі нормаларының қозуын арттырып, нейронаралық синапстардың өткізгіштігін жақсартады. Жұлынға стрихнин рефлекторлық доғаның тармақталған рецепторлы бөліг.і арқылы әсер етеді. Стрихниннің қуаттандырғыш әсері тек емдік мөлшерінде ғана болады, ал жоғарғы уытты әсер етеді. Уланудың жоғарғы сатыларында жануардың рефлекторлы қозуын күшейтеді, олар жарықтан қорқып, әр түрлі дыбыстардан үркіп дірілдей бастайды, тоникалық сіресулер пайда болып, тыныс алуы тоқтап қалады. Стрининнен уланған малды емдегенде, улы заттарды бейтараптайды, әлсіреген орталық жүйке жүйесіне толық тыныштық береді стрихинеді. Әртүрлі сіреспелер мен сіресу перде зат алмасуды, ас қорытуды, тыныс алуды жүрек-қан тамырлары және басқа да жүйелер мен мүшелердің жұмысын жақсартатын зат ретінде, әртүрлі жұқпалы және жұқпалы емес ауруларды организм наркоздық заттар және ұйқы келтіретін заттармен уланғанда уға қарсы зат ретінде қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет