Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет26/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143
Байланысты:
369577-1

Бемегрид - Bemegridum. Ұйықтататын дәрілердің антагонисі. Барбитураттардың улылығын азайтады, әлсіреген дем алуды және қан айналысын қалпына келтіреді. Орталық нерв жүйесіне стимульдық әсері бар. Барбитураттармен уланғанда, малды наркоздан кейін ояту үшін, оттегінің жетіспеушілігінде қолданады. Препаратты венаның ішіне өте ақырын, жәй жібереді. Иттер аяқтарын селкілдетіп тарта бастағанда препаратты жіберуді тоқтату керек. Қатты қозып тұрған малға жіберуге болмайды.
Ампулада 0,5 %-ды 10 мл ерітінді ретінде шығарылады. «Б» тізімі бойынша сақталады. Төменгі температурада шөгінді береді, оны қыздыру арқылы ерітуге болады.
Бақылау сұрақтары:

1 Кофеин тобы, стрихнин тобы


2Камфора тобы, коразол және кордиамин тобы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығыныңстуденттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.


Дәріс №9 Эфференттік жүйке ұштарына әсер етуші заттар.
1Холинергиялық заттар

1. Эфференттік (яғни вегетативтік) жүйке барлық ішкі мүшелердің қызметін реттейді және жануарлар организіміндегі негізгі биохимиялық құбылыстарға күруші әсер етеді. Ацетохолин импульстарын жүзеге асыратын құрылымдар холитериялық құрылымдар деп аталады. Ацетилхолин медиаторы өзара әсер ететін биологиялық құрылымдар холинореактивті құрылымдар немесе холинорецепторлар деп аталады. Медиатор түзуіне қатысатын жүйке құрылымдарын адренергиялық құрылымдар деп атайды, аднергиялық медиаторды қабылдайтын биохимиялық құрылымдарды адренореактивті құрылымдар адренорецепторлар деп атайды.


Қазіргі түсініктер бойынша «М» және «Н» хоминорецепторлар «М» - мускаринге сезімтал, «Н» - никотинге сезімтал. М – хоминореактивті жүйелер әсер ететін заттар:
1. хоминомиметикалық препараттар – ареколин, пилокарпин, ацеклидин
2. миметикалық әсері бар – ацетилхолин карбохомин антиацетилхомин эстераздық (физиотигмин, прозерин, галантамин, арими).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет