Бақылау сұрақтары:
1 Холинергиялық заттар
2 Холинергиялық синапстарға әсер ететін дәрілік заттар.
3 М-Н холиноблокаторлар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №10 Адренергиялық заттар
Аденореактивті жүйелерге әсер ететін заттар немесе аденомиметикалық заттар. Адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық қосылыстар. Бұл заттар адренореактивті жүйелермен өзара әрекеттеседі. Соның нәтижесінде адренериялық синапстың постсинапстық мембраналары қозады.
Адреналин – бүйрек безінің ми қабығының гармоны. Ол қанға бөлінгеді және басқа заттармен бірге даренермиялық инперацияны күшейтеді.
Аденореактивті жүйелерге әсер ететін заттар немесе аденомиметикалық заттар. Адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық қосылыстар. Бұл заттар адренореактивті жүйелермен өзара әрекеттеседі. Соның нәтижесінде адренериялық синапстың постсинапстық мембраналары қозады.
Адреномиметикалық заттар - адреналинге ұқсас әсер ететін химиялық қосылыстар.Фенилалкиламиндерден туындайтын заттардың неғырлым зор мәні бар.Фенолдық ялро.алифаттық тізбек және аминді топ олардың молекуласының негізі болып табылады.Олардың бәрі адренореактивті жүйелермен өзара әрекеттеседі,соның нәтижесінде адренергиялық синапстың постсинапстық мембраналары қозады.Адреналинге ұқсас заттардың бәрінен тек адреналин ғана рецепторларға бірдей әсер ете алады.
Адреналинге ұқсас заттардың көбінен қазіргі кезде диоксибензол ( адреналин
Норадреналин,изадрин,монооксибензол,мезатон) және бензол ( эфедрин,изадрин және фенамин) туындылары фармакологиялық дәрі дәрмек ретінде қолданылады.Барлық препараттар бір бағытта бірақ әртүрлі заңдылықтармен әсер етеді.Қазіргі уақыттыа ветеринарияда адреналинге ұқсас заттарды қан тамырларын тарылтатын,жатырдың,жүректің қызметін жандандыратын және қан қысымын жоғарылытатын заттар ретінде жиі пайдаланады.Бұл заттарға дефамин, нафтизин, галозолин, клофелин, лобутамин, беродуал, изадрин және сальбутамол секілді препараттарды жатқызуға болады.
Адреналин – бүйрек безінің ми қабығының гармоны. Ол қанға бөлінгеді және басқа заттармен бірге даренермиялық инперацияны күшейтеді.
Емдік мақсатпен адреналин гидротартрат-Adrenalihi hydrotartras қолданады.Б тізімі бойынша сақтайды.Майда кристалды ұнтақ суда оңай ериді,спиртте ерімейді.Адреналинді көбінесе жергілікті жансыздандыратын дәрі дәрмекпен қосып олардың бойға сіңірілуін азайту үшін,мұрыннан,ауыздан,қарыннан,қуықтан жатырдан және басқалардан қан аққанда қан тоқтататын дәрі дәрмек ретінде,жүрек қан тамырлары қызметін қалпына келтіретін дәрі дәрмек ретінде,жүрек қан тамырлары қызметін қалпына келтіретін дәрі дәрмек ретінде қолданады.
Адреналинді қан қысымы көтерілгенде, сондай – ақ жүрек қан тамырларындағы органикалық өзгерістерде қолдануға болмайды. Күре тамырға енгізілген көп мүшелердегі адреналин малды уландырады: кілегей қабықтар бозарады, қарашық үлкейіп, көз шарасынан шыға томпаяды, тамырдың соғуы баяулайды, содаң соң жиілейді, ырғақтылық бұзылады.
Достарыңызбен бөлісу: |