М-холиномиметиктер. М-холиномиметиктер М-холинорецепторларға тікелей стимульдық әсер ететін препараттар. Олар ацетилхолиннің мускарин тәрізді эффектісін туғызады.
Ареколин — Arecolinum. Ареково пальманың дәнінен алынатын алкалоид. Қазірде синтетикалық жолмен де алынады. Малдәрігерлік тәжірибеде ареколиннің сутекті бром тұзы - ареколин гидробромиді қолданылады. Суда, спиртте еритін ақ түсті ұнтақ. «А» тобына жатады. Көбінесе судағы ерітіндісін терінің астына жіберу арқылы қолданады. Әсері карбахолинге ұқсас. М-холинореактивті жүйені белсендендіреді, әсіресе ондай әсер ас қорыту түтігінде жақсы байқалады. Иттер жиі құрсады. Препаратты іш өткізетін дәрі ретінде, жылқылардың тұяқтарының ревматикалық қабынуында, бас ми ісігінде, көздің қарашығын кішірейту үшін, иттер мен құстардың цестодоз ауруларында қолдануға болады.
Пилокарпин- Pіlоcаrpini һуdrоcһіоrіdum . Бразилияда өсетін Ріlосаrрus өсімдігінің жапыратынан, немесе синтетикалық жолмен алынатын препарат. Көбінесе гидрохлорид тұзы қолданылады. Түссіз, иісі жоқ, аздаған ащы дәмі бар, суда, спиртте жақсы еритін, ақ түсті ұнтақ. «А» тобына жатады. Малдәрігерлік тәжірибеде препараттың судағы ертіндісін терінің астына жіберу арқылы қолданады. Әсері 10-15 минутған кейін басталып, 30-60 минутқа дейін созылады. Ол М-холинореактивті жүйені қоздырады; секреторлық нерв талшықтарына күштірек, ал моторлық нерв талшықтарына әлсіздеу әсер етеді. Секреттің бөлінуіне әсерінің күштілігі сондай, бір рет жібергеннен жылқылардың салмағы 35 кг-ға дейін төмендеуі мүмкін. Қан қоюланады, оған тіндерден, әсіресе Ісіктерден сұйық тартылады. Мескарынның жиырыуы күшейеді. Көздің қарашығы кішірейді, ішкі қысымы төмендейді, аккомодациясы жақсарады.
Препараттың күші секреттің бөлінуін тудыратын дәрі ретінде, малдың тұяқтарының ревматикалық қабынуында, мидың қабынуының жіті түрінде, ішектердің жиырылуы нашарлағанда, нәжіс қатып қалғанда іш өткізетін дәрі ретінде, бүйрек ауруларында тер шығару үшін, малдар ауыр металл тұздарымен уланғанда қолдануға болады.