Пентамин- Репtатinum.Суда және спиртте жақсы еритін, аздап сарғыштау келген ақ түсті ұнтақ. 5 % - ды ертінді ретінде ішектер мен өт жолдарының түйілуінде, бронхы астмасында, бауыр шаншуында, қан кысымы жоғарылаған жағдайда және шеткергі қан тамырларының кабырғалары қысылғанда еттің ішіне жіберіп қолданады.
Бензогексоний - Benzohexonium. Суда жақсы еритін, ақшыл-қоңыр түсті ұнтақ. Шеткергі қан тамырларының, бронхылардың спазмаларында; асқазанның жарақатты ауруында қолданылады. Таблетка түрінде және ампулада шығарылады. «Б» тобының тізімінде сақталады.
Пахикарпин гидрохлориді– Расhycarpini hydrochloridum. Суда еритін, ақ түсті ұнтақ. Белсенділігі басқа блокаторларға қарағанда төмен, бірақ жатырдың жиырылуын күшейтетін, оның тонусын жоғарылататын қасиеті бар. Сондықтан оны малдар туу кезінде болатын қолайсыз жағдайларда қолданады.
Таблетка және ампула түрінде шығарылады. «Б» тізімі бойынша сақталады.
Қозғалыс бұлшық ет рецепторларының Н-холиноблокаторлары.
Бұлшық ет релаксанттары (кураре және кураре тәрізді препараттар).
Бұл топтың препараттары соңғы кезге дейін малдәрігерлік тәжірибеде қолданылмай келді. Оларды наркотикалық және жергілікті жансыздандырғыш заттармен бірге, үй және жабайы жануарларға хирургиялық операция жасау үшін кең түрде қолдануға болатындығы ашылды.
Кураре - өте күшті әсерлі заттардың жиынтық аты. Оны ерте кезден индустар садақ оғының үшіне жатып аң аулау үшін қолданған. Сиқыршылар дәрі ретінде, ал жауынгерлер қорғаныс қару ретінде қолданған. Кураренің тазаланған препараттарын медицинада 1942 жылдан бастап қолдана бастады. Дұрыстап қолданғанда ет релаксанттары бұлшық еттерді жақсы босаңсытады, ондай жағдайда терең наркоздың қажеттігі болмайды. Қазіргі кезде анестезиологтар негізінен шеткергі жаққа әсер ететін релаксанттарды қолданады. Оларды әсер ету механизмдеріне байланысты екі топқа жіктеуге болады: Полюс тудырмайтын миорелаксанттар. Олар қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинрецепторларына блокада жасайды да, ацетилхолиннің көмегімен пайда болуына кедергі жасайды. Ондай жағдайда биоток жоқ, торша ішіндегі байланыстаты кальций ионы босамайды.
Дитилин – Ditylinum. Суда оңай еритін, тиндализация әдісімен залалсыздандырута болатын ақ түсті ұнтақ. Сілтілік ортада оңай бұзылады. Организмде жалған холинэстераза ферментінің әсерінен бөлінеді және сілтілік гидролизге ұшырайды. Мұндай өзгерістер мал түріне байланысты әртүрлі болып келеді. Дитилиннің әсері оны жібергеннен кейін 3-5 минуттан ерте болмау керек. Егер одан жылдам болса, онда оның концентрациясын азайту үшін, сол жерге 1-1,5 %-ды хлорлы натрий ерітіндісін жібереді. Оның мөлшері жіберілген дитилиннің мөлшерінен 5-10 еседей болуы керек. Осындай әдіс арқылы миорелаксанттың дем алуға қатынасатын қабырға аралық етке әсерін болдырмайды да, асқынудан сақтандырады.
Диплацин - Diplacinum.Суда оңай еритін ұнтақ. Көбінесе ұсақ малдарға, еттің ішіне жіберіп қолданады. Ірі қараға венаның ішіне өте баяу жібереді Адинамия дозасына байланысты 15-30 минутқа созылады. Бастапқыда сілекей ағуы, ал кейбір малдарда дем алысының әлсіреуі және тахикардия байқалады.
Диплацинді қойларға қолдануға болмайды. Себебі адинамия кезінде ас қалдығының ауыз қуысына қайта қотарылып (регургитация), тыныс жолдарына енуі мүмкін. 2 %-ды ерітінді ретінде 5 мл ампулада шығарылады. «А» тізімі бойынша сақталады.
Холиколитикалық (атропин скополамин, платифиллин).
Ацетилхолин – хлорид – биогенді амин жануарлар оргаизімінде түзілетін ширектік моноаммонийлі қосылыс. Ацетилхомин ветеринарияда практикалық мәні жоқ, өйткені ол жануарлардың организімінде тез гидролизденеді, сондықтан тым өткінші әсер етеді.
Карбохолин – Carbocholinum – кристалды ұнтақ, суда оңай, спиртте нашар ериді. А тізімі бойынша сақталады.
Карбохомин – холинергиялық иннервацияның типтік миметик заты. Карбохоминнің аз мөлшерінен ішек-қарынның қозғалыс қимыл функциясы күшейеді, сонымен бірге іштегі нәжістің сыртқа шығарылуы жеделдетіледі.
Өте көп мөлшері ас қорыту жолындағы жынның қозғалуына бөгет жасайды, ішектер жарылып кетуі мүмкін. Жатырдың жиырылуы күшейіп, іш тастауы мүмкін. Карбохоминнің әсерінен болатын қан қысымы ұсақ қан тамырлары мен капиллярдың кеңеюі салдарынан төмендейді.
Пилокартин М – хоминореактивті жүйелерді қоздырады. Оның әсер ету ерекшелігі оның қозғалыс-қимыл жүйелерін біршама әлсіз жандандыратындығында және секреторлық жүйкелерді күшті қоздыратындығында. Пилокарпинді көбінесе ұшадан сұйықты көп мөлшерде бөліп шығаруға жәрдемдесетін және сол арқылы жіті қабынуда, мысалы тұяқтардың ревматикалық қабынуында, мидың жіті қабынуында және басқалардай ісікті азайтатын күшті секреторлық дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады.
2. Аминхолинстеразды заттар.
Физостигмин – алколоид қалабар тертебұрағынан алынады.
Физиотигмин холинергиялық ипперциялы жандандыратын заттар тобында ерекше орын алады. Физостигминді офталмологияда қарашықты кішірейтетін дәрі дәрмек ретінде және ішектегі қиды тезірек өткізу үшін іш өткізгіш дәрі ретінде қолданады. Холиноблокаторларға – атронин ең көп қолданатын препарат болып есептеледі. Атропин – алқа тұқымдасына жататын өсімдіктер – итжидек, меңдуана және сасық меңдуана құрамында болатын алколоид. Атропин сезімтел жүйке ұштарының рецепторларын тітіркендірмейді және тіпті оның күшті ерітіндісін емізген жағдайда да қабыну реакциясын туғызбайды. Атропинді холинерпиялық және антихолинэстераздық заттармен уланғанда уытқа қарсы дәрі-дәрмек ретінде тыныс алуды әлсірететін әртүрлі интоксикацияларда, тыныс алу орталығының күшейткіші ретінде, брадикардияларда, жүрек ауруларының дифференциялдық диагностикасында, жүректің рефлекторлық тоқтауына жол бермеу үшін, ішектің әлсіреуінде, түйілуінде, ішектің жіті аяқталуында және ішекке тас байлағанда ішек қарындағы ауырсынуды бәсеңдету үшін, ішектің жиырылуын жиілету үшін, көзді зерттеу кезінде көз қарашығын үлкейткіш дәрі-дәрмек 1с/0 ретінде қолданады.