Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет39/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143
Байланысты:
369577-1

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1.Тулеметова С.Е. Фармакология : Оқулық. 5В120100 - «Ветеринарлық медицина» мамандығының студенттеріне арналған\Шымкент :ОҚМУ, 2014


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №12 Афференттік жүйке қызметін тітіркендіргіш заттар
1Аммиак өнімдері.
2Құстырғыш, қақырық түсіргіш және руминаторлық заттар. Ащылар.
3Өсімдік тектес іш өткізгіш дәрілер
Аммиак (NH3) құрамын азоты бар, көптеген органикалық қосылыстардың ыдырауы кезінде, сондай-ақ тұздардың сілтілермен өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзіледі. Күрт тітіркендіргіш исі бар түссіз газ.
Оның судағы ерітіндісі (NH4OH) ретінле мүсәтір спиртін - Ammonium causticum solutum қолданылады, оның құрамында 10% аммиак бар. Оны теріге жаққанда ол жергілікті жерді қыздырып, ісіндіреді және ауырсыну құбылысын туындатады. Ұзақ әсер еткенде шаш түсіреді, көбнесе тері некрозы басталады. Кілегейлі қабыққа одан да күшті әсер етеді. 1: 10 арақатынасында ол қан кернулігін ұлғайтады; ал официналдық ерітіндісі тіпті қатты күйдіреді. Әлсіз концентрацияларда (0,111 – 0,3%) ол асқазан мен ішек бездерінің секрециясын күшейтеді, бірақ сілті ретінде асқазан өзінің қышқылын бейтараптандырады.
Аммиактың официналдық ертіндісі залалсыздандырушы зат ретінде әсер етеді. Экстеррорецепторларды мүсәтір спиртімен тітіркендіру, тітіркену аймағымен ішкі мүшелердің функциональдық жағдайын рефлекторы түрде өзгертеді.
Оны шаншуда іш терісіне сипап сіңіргенде ауырсыну белгісін бәсеңдетеді. Мүсәтір спиртінің шағын мөлшерін ингаляциялау тыныс алуды рефлекторлы түрде күшейтеді, қан айналымын жақсартады, ал мөлшернінің көбеюі тыныс алудың тоқтауына апарып соқтырады.
Сіңірілгеннен кейін аммиак орталық жүйке жүйесінің рефлекторлық қозғыштығын арттырады, бірақ бұл әсер баяу және дәрігер үшін елеулі мәні жоқ. Негізінен өкпе және бронхы бездері арқылы бөлінеді және бөлінген сәтте қақырық трастатады, бірақ бос аммиак тым тез бөлінетіндіктен қақырық тастататын дәрі-дәрмек ретінде аммиактың аз буланатын қосылыстарын – аммоний хлоридін (Ammoni chloridum) қолдану ұсынылады.
Мүсәтір спирті асқазандағы ішектегі және тыныс жолдарындағы ауырсынуды рефлекторлық бәсеңдету үшін тітіркендіргіш дәрі ретінде теріге жағылады,кейде оны ревматикалық құбылыстарда,сіңір қынабының қабынуында қабынуға қарсы дәрі ретінде пайдаланады.Кейде ас қорыту жолының қозғалыс қимыл және секреторлық функцияяяяяяяеын күшейту үшін ішкізіледі және орталық жүйке жүйесін рефлекторлық қоздыру үшін қолданады.
Аммоний гидрокарбонаты (көмірқышқылды аммоний) суда жақсы еритін криссталды ұнтақ,0,5-4 проценті ерітіндісін жарақаттарды емдеу үшін қолданады.Іріңдеген және сылбыр түіршіктенген жарақаттарға өте жағымды әсер етеді.
Терпендер – көмірсутекті үлгідегі қосылыстар оңай тотықтанып шайырға айналады.
Эфир құрамына терпендер камфора,майлы және хош иісті қатарға жататын көмірсутектердің қышқылдардың,алкогольдердің,эфирлердің,фенолдардың,кейде күкіртің қосылыстары кіретін қосылыстар.Олар ұшқыр еркше иісі бар суда ерімейді,эфирде,хлороформда және сұйық майда жақсы ериді.
Теріге енгенде олар ашытады,қышытады,гипермия құбылысын тудырады,ал ұзақ әсер еткенде қабындырады.Ішкізілген эфир майлары және терпендер асқазан мен ішектің кілегейлі қабығыны.ң интеррецепторларын тітіркендіреді,осы арқылы секрецияны күшейтуге,сфинктерді босаңсытуға және ішектің қаусырылып босаңсытуына көмектеседі.
Терпен майы (скипидар)- қарағайдың алуан түрдерінен өндірілетін терпентинді су буымен қосып айдау арқылы алады.
Тазартылған скипидар – жарықты күшті сындыратын түссіз өзіндік иісі бар және ашытатын дәмі бар сусымалы сұйық.Ол суда ерімейді бірақ эфирде,хлороформда және сұйық майларда оңай ериді.Сақтау кезінде ол қышқылданып,азонданады да ,азонды скипидарға айналады.Теріге скипидар тітіркендіріп әсер етіп,қан қысымын арттырады және сұйылуын туғызады.Ұзақ әсер еткенде беткейлік өліеттенуге ұласатын қабыну туғызу мүмкін.Скипидардан жаралар жәнеи ойық жаралар тезірек жазылады,өйткені ол түйіршіктелетін ұлпаларды жандандырады жергілікті қан айналысын жақсартады.Оның шіруге қарсы және антисептикалық әсері осыған жәрдемдеседі.Скипидарды теріге асқазан мен ішектің жіті ауруларыда бұлшық ет ревматизмінде,өкпе плевраның қабынуында және басқа да ауруларда тітіркендіргіш оқшаулағыш дәрі ретінде қолданады.Қақырық т.сіргіш,антисептикалық және қабынуға қарсы дәрі ретінде скипидарды тыныс жолдары мен өкпе ауруларында қолданады.
Анис жемісі – (плодоаниса) шатырша гүлділер тұқымдастығына жатады.Анис майын көп мөлшерде қолдану құстар үшін уытты.Анис жемісін көбінесе басқа дәрілік заттармен бірге мысалы,хлорлы аммонимен бірге пемесе сүрме препараттармен бірге (қақырық түсіретін),карловар тұзымен және ашқылтым заттармен бірге(асқорытуды жақсартатын дәрі) тетінде қолданадыСонымен бірге ол іш өткізгіш шайдың құрамына енеді.
Зире жемісі (плод тмина) – шатырша гүлділер тұқымдастығына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік зиреден алынады.Зире анис сияқты әсер етеді.
Қыша дәні (семя горщицы) қос жарнақты гүлділер тұқымдастығына жататын бір жылдық өсімдік қара қышадан алынады.Дәрілік мақсатпен таза майын емес,қыша дәнінің ұнтағын пайдаланады.
Қыша дәнін қыша қағаз ретінде теріге ішкі мүшелердің қабынуында,жарғақта,өкпе қабынуында дәрі ретінде қолданады.
Тимол.Тимиан өсімдігінен синтетикалық әдіспен алынады.Өзіндік иісі бар дәмі бар түссіз ірі кристалды ұнтақ.Тимолдың антимикробтық және антигельминттік әсері өте маңызды.
Түймедақ гүлдері(цветки ромашки) Қарапайым түймедақ гүлінен жинайды. Дәрілік мақсатпен гүл күлтелерін қолданады. Шешек ата бастаған кезде жиналған гүлдердің құрамында 0,1-0,2 % эфир майы, кілегейлі заттар, алманың кальцийлі тұзы, ашқылтым және илік заттар болады.
Эфир майы қою консистенциялы, көкшіл түсті және өзіндік исі болады. Илік заттармен қосылғанда ол ауырсынуды төмендетеді және қабынуға қарсы әсер етеді. Қабынған ұлпалардың асқынуын бәсендетеді, капилярларды біраз тарылтады, бактериялардың дамуына бөгет жасайды. Асқорту жүйесіне ол быршып-ашуды тежейді, уытты заттарды бейтараптандырады, ауырсыну сезімталдығын тияды, сфинктерлерді бәсеңдетеді қабыну құбылысын жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет