Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022


Оймақ гүл жапырағы (лист наперстянки)- Folium Digitalis



бет47/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   143
Байланысты:
369577-1

Оймақ гүл жапырағы (лист наперстянки)- Folium Digitalis.Іс жүзінде негізінен қызыл оймақгүл ,сирек жағдайда ірі гүлді оймақгүл жапырағы қолданылады.
Оймақгүл жапырақтарының құрамында гликозидтер , сапониндер,калий тұздары және басқа да бірқатар балластық заттар болады.
Сапониндер гликозидтерінің алуға және ерітуге септігін тигізеді. Сонымен бірге ,ас қорыту жолының кілегейлі қабығын жандандырып, олар гликозидтердің сіңірілуін жақсартады,олардың жүрекке сіңірілуіне және әсердің неғұрлым ертерек басталуына қолайлы жағдай жасайды. Ас қорыту жолының кілегейлі қабығын тітіркендіре отырып, сапониндер оймақгүлді ұзақ қолданғанда диспептикалық құбылысты күшейтеді.Калий тұздары кезеген жүйкенің әсерін күшейтеді және сол арқылы оймақгүлдің диастолалық әсерін тереңдетеді.
Оймақгүлдің негізгі фармокологиялық белсенді заттары –гликозидтер. Жас жапырақтың құрамында бастапқы гликозидтер (қызыл-көк агликозидтер А, В және басқалар) болады.Кептірілгенде олар қайталама гликозидтерге:гитоксинге және дигитоксинге және басқаларға айналады. Гитоксин(бигиталин) аморфты, дигитоксин кристалды зат.
Олардың екеуі де су мен спиртте жақсы ериді, ерітінділері тұрақты, қайнатқанда және ұзақ сақтағанда өзгермейді.
Оймақ гүл гликозидтері негізінде, жүрек-қан тамырлар жүйесіне әсер ете отырып,тыныс және қан-тамырлары –қозғалыс орталықтарының сезімталдығын болмашы арттырады,ішкізілген гликозидтер асқазан мен ішек функциясын жандандырады,олардың сіңірілгіштік әсері бірден байқалмайды, ал жекелеген жағдайда 10 сағатқа дейін созылатын болмашы жабық кезеңнен кейін басталады. Оймақгүлдің әсері бірнеше күнге созылады, бірақ ең жоғарғы нітиже тек 10-20 сағат бойында ғана байқалады, мұның өзі сіңірілген дигитоксин мен гитоксиннің тұрақтылығы үлкен екеніне байланысты,дигитоксин 20-25 күннен кейін ғана толық ыдырайды.
Оймақгүлді қайталап қолданғанда гликозидтердің кумуляциялық әсері байқалуы мүмкін.
Миокардтың жиырылғыш ұасиеттерінің жандануы,жүректің абсолюттік күшінің көбеюі және систолалық жиырылу нәтижесінде оймақгүлдің систолалық әсері неғұлрлым сипатты жайт.
Систолалық жиырылу күшейгенде қан айналысы жақсарады,жүректің минуттық көлемі ,диурез, сондай-ақ зат алмасу күшейеді.
Сонымен бірге жүректің диастолалық әлсіреу қабілеті де өзгереді. Бұл жүрек бұлшық етінің жандануы арқасында (негізінен бұлшық еттің сезімталдығының артуы салдарынан,ішінара кезеген жүйкенің қозуынан ) болады. Жүректің диастолалық әлсіреуінің күшеюі жүректі неғұрлым толық толтырады,сондықтан да систолалық көлем едәуір ұлғаяды.Сонымен бірге диастолалық әлсіреу кезінде жүрек қуысын толтырған қан жүректің жиырылуын табиғи түрде маңызды қоздырғыш болып табылады.Сондықтан жүректің қуысына неғұрлым көп түссе,оның жиырылу серпіні де соғұрлым белсендірек болады.
Демек неғұрлым толық диастола систолалық жиырыылуды жеделдетуге және оны ұлғайтуға септігін тигізеді.
Жүрек жұмысының систолалық және диастолалық өзгеруі бірін-бірі күшейтеді, бірақ олар жеке-дара да көрінііс табуы да мүмкін.Ауру жануарларда оймақгүлді аз мөлшерде қолданудан да систолалық әсердің көрініс табуы өте сипатты жайт.Диастолалық әсер, әдетте күшейтілген систолалық жиырылу жағдайында неғұрлым көп мөлшерде қолданғанда байқалады.
Жүрек жұмысының өзгеруі едәуір жағдайда кезеген жүйкенің әсеріне байланысты. Оймақгүл жүйке ұштарынан бастап, жүйке орталығына дейін кезеген жүйкенің жүйесін қоздырады.Осының нәтижесінде, ол жүрек бұлшық етінің өздігінен жұмыс істеуіне,қозғыштығына және өткізгіштігіне, сондай-ақ қан-тамырларының күйіне бүйректің және басқалардың функциялық қызметіне әсер етеді.Жүрек ырғағының баяулауы кейде қате түсініліп жүргеніндей оймақгүлдің жүрек бұлшық етіне тікелей әсеріне байланысты емес,кезеген жүйкенің тежегіш әсерінің күшеюіне байланысты.
Оймақ гүл жүректің өткізгіштік жүйесінде де тікелей әсер етеді, оның автоматизмін, қозғыштығын және өткізгіштігін өзгертеді,бірақ ол орайда болған өзгерістер қте алуан түрлі және өткізгіштік жүйенің күйіне де , тежегіш аппаратының күйіне де байланысты.
Оймақ гүл гликозидтері жүрек үшін энергия көзі болып табылмайды,олар тек жүрек бұлшық етіндегі өз энергиясын неғұрлым белсенді де ұтымды пайдалануға және оның қызметін қалпына келтіруге ғана жағдай жасайды. Жүрек соғуы және минуттық көлемнің ұлғаюы және қан қысымының көтерілуі жүректің қан айналуын жақсартуға септігін тигізеді. Ал диастоланың ұлғайып,қзаруы,бұлшық еттердегі заттардың алмасуын жақсартады.
Әдетте ең аз қан қысымы қалпына келеді(көтеріледі немесе төмендейді,бастапқы күйіне байланысты).Ал ең жоғарғы қан қысымы көтеріледі.
Кезеген жүйкенің әсері азайған сайын қан қысымы да едәуір көтеріледі. Салдануда оның қысымы барынша көтеріледі.
Оймақгүлдің әсерінен қан айналымы жеделдейді, ал егер вена тамырда іркіліс болса , олар тез жойылады, домбығу сұйықтықтарды бүйрекке түсіп, оны бүйректің жедел түрде бөліп шығаратындығы соншалық, бірнеше күннен кейін ісік жоғалып кетеді.
Қан айналысының жақсаруы және осымен байланысты затардың алмасуының жақсаруы организмнің барлық тіршілік құбылыстарын жандандырады.
Оймақгүл –несеп айдағыш дәрі. Несеп бөлінуінің күшеюі ең алдымен қан айналысының жақсаруына, қаның сұйыла бастауына (гидремия) байланысты, бірақ оймақгүл тікелей бүйрекке де әсер етеді, бүйрек қан тамырларын кеіейтеді. Бұл әсер мөлшерге байланысты әртүрлі болады, аз мөлшерде өолданудан ондағы тамырлар кеңейедң, соның арқасында бүйрек арқылы өтетін қанның мөлшері едәуір көбейеді, қолдану мөлшерінің көбеюіне байланысты қан тамырлары біраз тарылады.Қалай дегенімен қан тамырларының тарылуына қарамастан сүзілу құбылысының күшеюі нәтижесінде несеп бөлінудің артуы сақталады.Тек оймақ гүлдің уытты мөлшнрінен ғана бүйрек қан тамырларының тарылатыны соншалық, несеп бөлу азаяды.
Оймақгүл зат алмасу құбылысының жақсаруына, қан айналысының қалпына келуіне ,ісіктердің сорылуына, бүйректің бөліп шығару қызметінің артуына, өкпе газ алмасудың күшеюіне әсер әсер етеді. Қан айналысының жақсаруы және кезеген жүйке тонусының күшеюі ас қорыту мен сіңіруді жақсартады.
Оймақгүлді дұрыс қолданбаса уытты әсер етеді. Жүрек систола сатысында неғұрлым ұзақ болады және ақыр соңында , бәсеңдемей тоқтап қалуы мүмкін. Уытты әсердің белгілері бұдан бұрын байқалғандай дисперциядық құбылыстар мен олигурияға ұшырауы мүмкін.
Оймақгүлді жүрек компенсайиясының барлық бұзылған жағдайында қолданады , емдік мақсатпен алғашқыда орташа мөлшерде ,сонан соң дозасы аздап төменднтіліп отырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет