Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет42/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143
Антрахинон туындылары.Ішектің тоқ ішек бөлігіне әсер ететін іш өткізгіштер.
Эмодин(үш оксиметилантрахинон)- құстыртатын және құрыстыратын күшті у. Тікелей ішекке енгізілген эмодин интеррецепторлары күшті тітіркендіреді , соның салдарынан ішектің бұлшық еті ұзақ уақытқа түйіліп , жиырылады , оның соңы ішектің қабынуына апраып соқтырады. Егер эмолинді ішекке бірте-бірт енгізсе , онда бұлшық еттің туйілмеуіде мүмкін. Қайта ішек жиырылуының баяу күшеюі байқалады. Таза эмодин көптеген жағдайларға байланысты әртүрлі әсер етеді , сондықтан оны іш өткізгіш дәрі ретінде қолданбайды.
Тұрақсыз антрагликозидтер ішекке жеңіл ыдырап, эмодинді бөлшектемейді,сөйтіп ,соңғысымен әсері бойынша өзгешелігі шамалы,тек әсер етудің жасырын кезеңі ғана ұзағырак болады(2-3есе). Баяу ыдырататын және көп қолданғанда да күрт түйілдірмей баяу , тек ішектің қаусырау және жиырылу қозғалысын ғана күшейтіп , ыдырайтын тұрақты антрагликозидтердің неғұрлым зор мәні бар.Олардың әсері қорек талғамайтын жануарларда 5-6 сағаттан кейін , ал сүтқоректі жануарларда қолданылғаннан кейін 12-24 сағат өткен соң пайда болады. Өсімдіктердегі бос антрахинонның туынды заттары мен антрагликозидтердің мөлшерлік ара-қатынасы әртүрлі болады , бірақ әрқашанда тұрақты глкозидтер басым болып келеді( әдетте эмодиннен және тұрақсыз гликозидтерден ,бірге алғанда 6-10 есе кем болып келеді).
Зерттеулер асқазанға енгізілген антрагликозидтер мен бос эмодин ішекті алдын-ала байлаганнан кейін қалай дегенімен ішектің тоқ ішек бөлігінде ерекше әсер ететіндігін көрсетті. Олардың іш өткізгіш қасиеті тіпті тері астына енгізгендеде байқалатындығы белгілі болды.
Сабур-Aloe.Алоэнің алуан түрлерінің кептірілген шырыны. Жылтыр қоңыр-бурыл түсті , шыны тәрізді жылтырауық кесектерге оңай бөлінеді , ұнтақ тәрізді кейде сары-жасыл түсті , дәмі ащы ,иісі өзгеше , ыстық суда , спиртте , сондай-ақ сілті ерітінділерінде ериді. Жасыл сабынның аздаған мөлшерін қосқанда жұмсарады және тіпті сұйылады ,осы қасиетін одан болюстер мен пилюлалар дайындаганда пайдананады. Әсер ететін бөлігі- бос және байланыстырылған күйдегі антрагликоидтер(60%-ға жуық),балластық зат ретінде құрамында шайыр болады(20%- ға жуық).
Сабурдың емдік қасиеті мысырлықтарга осыдан 3000 жылдан астам бұрын белгілі болган , бұл дәріні сондай-ақ индустар , римдіктер де қолданған. Алғаш сабурды іш өткізгіш дәрі ретінде Парацельс кеңінен қолданған. Қазіргі кезде де препараттың мәні ешбір төмендеген жоқ.
Аз мөлшерде қолданғанда сабур ашқылтым зат ретінде әсер етеді , дәм сезгіштік жүйкелерді тітіркендіріп , сол арқылы ас қорытуды жақсартады. Алайда ол тек дәмдік жүйкелерді ғана тітіркендірмеіді ,сонымен бірге басқа да сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді , мысалы ұнтақ жемге қосып қолданылған сабур ішінара дем шығарады және тыныс жолдарының жоғарғы бөлігінің кілегейлі қабығын тітіркендіріп ,түшкіртеді. Ас қазанда ол , секрециясын күшейтеді және бірыңғай салалы бұлшық еттердің тонусын күшейтеді. Бірақ жанама әсері өткінші , сондықтан оны іс жүзінде пайдаланбайды. Күйіс қайыратын жануарларда сабур қосалқы қарындағы сезімтал жүйке ұштарын тітіркендіреді , мұның өзі оны кейде руминаторлық дәрі ретінде қолдануа негіз береді (ірі қара малға 20,0-40,0),сабурды жарақаттанған жерге жаққанда оның тітіркендіргіш әсері болады , сондықтан оны тұндырма түрінде жаралардың жазылуын тездету үшін қолданады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет