Гормоналдық препараттар өте аз мөлшерде қолданылады. Гормондардың тиiмдiлiк әсерi тек қана патологиялық ауытқудың даму кезеңi белгiлi болған жағдайда ғана болады.
Жануарлар организiмiнде гормондардың жетiспеушiлiгi мынандай жағдайларға байланысты:
1. Олар организмде жеткiлiксiз мөлшерде түзiлетiндiктен;
2. Әртүрлі заттардың әсерiнен тез күшiн жоятындықтан;
З. Жаңа қосылыстарға енетiндiктен;
4. Эфференттiк жүйе құрылымымен әсерлеспейтіндіктен.
Гормондардың аз түзiлуi төмендегi факторларға байланысты:
а) түзгiш торшалар қызметiнiң әртүрлi уытты заттар әсерiнен
әлсiреуiнен;
б) гормон синтезделу құбылысындағы жекелеген буындар қызметiнiң бұзылуынан.
Гормоналдық препараттар тым болмашы мөлшердiң өзiнде көптеген физиологиялық құбылыстарды айтарлықтай дәрежеде өзгертедi және бұл өзгерту бiр жагдайларда күшейту немесе бесеңдету бағытында жүредi. Гормондардың мұндай әсерi әрдайым есепке алынуы шарт. Сондықтан да, оларды қолданардан бұрын препараттардың фармакодинамикасын, қолдануға болатын және болмайтын кездерiн, сонымен бiрге жағымсыз әсер етуiнiң алдын алу немесе оны төмендету жолдары мiндеттi түрде ескеру керек.
Эстерогендiк препараттар. Ұрғашы жыныстық гормон-эстрон, дигидроэстрон түрiнде аналық бездегi фолликулдарда түзiледi де, фолликулдар жарылған кезiнде бөлiніп шығады.
Эстрогендер көмiрсулардың, белоктардың және пуриндердiң алмасу құбылыстарына қатысады. Олар өсу, көбею қызметiн айтарлықтай өзгертедi, сүт бездерiнiң дамуына әсер етедi және гипофиз белсендiлiгiн тежейдi. Ұрғашы жыныстық гормондардың әсерiнен малдың күйітiлiгi реттеледi, жатыр мен қынаптың шырышты қабығы қалыңдайды да, барлық әсер ету күйiтке әкелумен аяқталады. Жыныстық дамып жетiлген жануарларда эстероген жатырдың iсiнуiн және ретрактивтi жиырылуын тудырады, еркек жыныстық белгiлердiң дамуын тежейдi, гипофиздiң қызметiне әсер етедi (гонодотроптық гормондар түзiлуiн бәсеңдетiп, тиретроптық гормондардың пайда болуын күшейтедi).
Жыныс мүшелерiне тез әрi ұзақ уақыт көлемiнде эстрадиол-дипропионат, бiршама әлсiздеу синэстрол және диэтильстидьбестрол әсер етедi. Эстрогендер терi асты және бұлшық етке енгiзiлгенде күшті әсер етедi, ал препараттарды ішкізген кездегі әсері бiршама әлсiзеу болады, Препараттарды арасына 15- 20 күндей уақыт салып аз мөлшерде енгiзген кезде мал организмiнiң жалпы жағдайы жақсарып, жыныс мүшелерi қызметiнің белсендiлiгi артады, ал орташа мөлшерлер жануарлар организмiнiң жалпы жағдайын төмендетуi мүмкін, қайталап қолдану аралығын 5-8 күнге қысқартқан жағдайда мал организiмiнiң жалпы жағдайы мен салмақ қосу көрсеткішi төмендейдi.
Эстрогендік препараттың әсері эргокальциферолмен бірге пайдаланғанда жоғары болады, ал фолин және аскорбин қышқылының әсерiнен аздап төмендейді.
Эстрогендер өсіп дамуы жетілмей қалған жануарларға күштiрек әсер етедi. Эстрогендер құстарда қауырсын жабынының жиiлігi мен салмағын арттырады. Орташа мөлшерлер терiсi бағалы аңдардың терiсiнің сапасын арттырады, ал үлкен мөлшерде жағымсыз әсер етедi.
Эстрогендi қолдану сүйек ұлпасының қалыптасуын реттейді. Барлық эстрогендер аз мөлшерде, бiр рет қолданған уақытта жатырда пролиферативтік өзгерiстер тудырады, қан тамырлары реакциясын күшейтіп, аналық бездердегi фолликулдардың пiсiп жетiлуiн тездетедi Ал осы мөлшерде бiрнеше қайтара қолданғанда (бір рет үлкен дозада) олар жатырдың жиырылу белсенділігін төмендетедi жатыр кабырғалары бұл жағдайда жұқаланады, қан тамырлары дегенеративтiк өзгерiстерге ұшырайды, фолликулдардың саны азаяды, шырышты зат пен лейкоцидтердің жатыр сұйықтығына келуi ұлғаяды. Аналық бездерде фоликул, бiрқалыпты өсiп-жетілуi нашарлайды, кейбiр фолликулдар ыдырап немесе мезгiлiнен бұрын қайта дами бастайды. Бауырда май дистрофиясы құбылысы байқалып, тамақтыңк кейбiр қан тамырлары кеңейiп жекелеген лимфофолликулиндер гиперплазияға ұшырайды, бүйректе лимфоидтық және гистиоцитарлық торшалардың шоғырлануы байқалады, аналық безi дегенеративті дистрофиялық терең, өзгерiстерге ұшырайды, кей кездерi паренхиманыңсемiп қалатын кездерi (атрофия)болады.
Олар құрылысы стероидтық емес гормондар деген атқа ие болады.
ГЕСТАГЕНДIК ПРЕПАРАТТАР
ББҚС-ның әсерінің маңыздылығы тек қана қойды күйге тез келтіруінде емес, сонымен бірге оның ұрықтануы мен ұрықтык жатырдан өсіп-жетілуіне қолайлы жағдайлар жасауына, төлдеудін тез аяқталуына, жүн өнімінің ұлғаюына, жоғары сапалы елтірі санының көбеюіне ықпал етуінде.
ББҚС-ны сиырларға қолдану қысыр қалған сиыр санын азайту мен бұзау туылуына ықпал жасайды.
Препаратты дұрыс қолданбаған жағдайда ол әр түрлі жағымсыз әсер береді: мөлшерін көбейтіп жіберген жағдайда жалған күйлеуге, іштегі ұрықтың еншіне немесе оның кішкене болып туылуына әкеліп соқтырады. Бұл секілді құбылыстар арықтаған немесе кәрі малдарда жиірек кездеседі.
Мөлшері: қаракөл қойына тері астына 1000 ЭБ, қысыр қойларға апрель айында 2000-2500 ЭБ,ал июнь-июльде-1500-2000 ЭБ.
ВБҚС-ның сиырларға арналған мөлшері
Хориоңдық гонадотропин-Gonadotropinum chorionicum.
Гонадотропин әсері жағынан гипофиздің лютеиндік гормонына ұқсас. Жүкті әйелдердің зәрінен алынады. Лиофильденген түрде ампулаларда шығарылады: сулы ерітінді түрінде қолданар алдында дайыңдальгп пайдаланылады.
ӘБ түріндемөлшерленеді, 1 әсерлік бірлік 0,1 мг хориондық гонадотропиннің стандартталынған ұнтағына сәйкес келеді.
ББҚС-ны колданғандағыдай жағдайларда пайдаланылады. Сарысулық гонодотропин. Буаз биелердің кан сарысуынан дайындалады. Суда еритін, ақ түсті ұнтақ зат. Өндірісте 500 және 100 ӘБ бар ампулаларда толықтырғыш затпен бірге шығарылады. Қолдану және сақталу тәртібі хориоңдық гонадотропиндікіне ұқсас. Гонадотропиндерінің аз мөлшерінен шошқа малының төлі артады, торайлардың өлі туылуы азаяды, Төл санының көбеюі аз төлді малдарда айқын (25 %-ға дейін) байқалады, ал көл төлді жануарларда туылған төл саны 8 % - ға дейін ғана өседі.
Гонадотропиннің көп мөлшері әсерінен әдетте төл санының өлі туылуы көбейеді . Кей жағдайда төл санының артуыда мүмкін, бірақ ол көбінесе кемиді.
Гонадотропиндерді шошқаларды шағылыстыру алдында – қолдану тек қана торай санының артуына емес, сонымен бірге туылған торайдың жалпы жағдайына да әсер етеді. Ал, мөлшерде қолданылған гонадотропиннің әсерінен торайлардың, туылған кездегі салмағы жоғары болады және олар басқа торайларға қарағаңда жақсы дамып жетіледі. Ал, препараттың жоғары мөлшері керісінше әсер береді - торайлар әлсіздеу болып туылады және нашар, дамиды, үш айға дейінгі торайлардың арасында өлім саны көбейеді. Гонадотропин әсіресе жас малдарға тиімділеу әсер етеді.
Андрогендер
Андрогендер (грек тілнаде andros - еркек, genesis -туылу)- ер жыныстық гормондар тәріздес биологиялық әсері бар заттар. Адамдарда және жануарларда бұл заттар ер жыныстыларда ұрық бездерінде және бұйрек үсті бездерінің, қыртысты қабатында, ал ұрғашы жиныстыларда бүйрек үсті бездерінің қыртысты қабатыңда немесе аналық бездерінде пайда болады. Ұрық бездерінде алғашқы гормондық заттестостерон пайда болады. Тестостеронның зат алмасу немесе түрлену нәтижесінде андростерон, этилхоланолон, дегидроандростерон, изоандростерон пайда болады.
Андрогендер таза түрде бөлініп алынған, бірақ олардың бұл күйінде тым қысқа мерзімде әсер етуіне байланысты кең түрде қолданылмайды. Таза андрогендерден әсер ету мерзімі ұзақтау, келесі препараттар дайындалады: тестестерон-пропионат, тестестерон-дипропионат, тестестерон ~ фенилпропионат, тестестерон-фенилацетат және метилтостестерон. Бұл препараттар организмде өте баяу сіңіріледі де, бір иньекцияның әсері 3 күннен 30 күнге дейін созылады.
Андрогеңдік препараттар ұрықтың пайда болуына әсер етеді, және оның активтілігін күшейтеді, ұрық түбі безінің (простата) : қызметін жақсартады, ер жыныстық белгілердің пайда болуына әсерін тигізеді. Андроген ұрғашы жыныстыларда эстрольдық циклдың бұзылуына және тұрақты диэструе фазасының пайда болуына әкеліп соқтырады.
Андрогендер еркек малдардың жыныстық жетіспеушіліті кезіңдегі жүрек қантамырлары жүйесі қызметінің кейбір қашықтарында, жатыр қызметінің бұзылуы кезінде қолданады.
Метилтесттостерон - Methyltestesteronum. Тестеетсрон гормонынан жасанды жолмен алынған препарат. Ақ, аздап сарғыштау түсті, ұсақ кристалды ұнтақ. Суда ерімейді, спиртте, ацетонда, эфирде жақсы ериді. "Б" тізімі бойынша сақталынады. Кәдімгі гормонтәріздес биологиялық әсері бар, әрқайсысы 5 және 10 мг-нан болатын таблетка түрінде шығарылады. Еркек малдарға жыныстық дамуының жетіспеушілігінде және жыныс аймағындағы функциональдық ауытқулар- болған жағдайда, қан тамырлары мен жүйке қызметінің бұзылуы кезінде қолданылады.
Тестостерон проипоиат - Testosteroirf propionas. Ол метилтестос-теронға қарағанда 2-3 есе күйштірек және ұзағырақ әсер етеді.
Ақ немесе аздап сарғыштау түсті, кристалды ұнтақ. Суда ерімейді, спиртте, эфирде жылдам ериді, өсімдік тектес майларда да ериді. 0,5 ; 1; 2 және 5 % майлы ерітіндісі түрінде ампулаларда шығарылады. "Б" тізімі бойынша сақталады. Қолданылуы метилтестестеронға ұқсас. Препарат сондай-ақ жыныстық белсенділіктің төмендеуі жағдайында- (импотенция), ал ұрғашы малдарға жатыр мен қынаптың қабынулары кезінде қолданылады. Ішкізу үшін мына мөлшерде тағайындалады: ірі қара малға - 0,04-0,08, итке-0,005-0,01.
Андрогендік препараттардан -жоғарыда аталғандардан басқа тестестерон энантат, тестэнат, тестебромлецит деп аталынатын препараттар қолданылады.