Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет77/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143
Байланысты:
369577-1

Қолданылуы. Ретинол препараттары барлық жануарларға азықтың мiндетті құрамдас бөлiгi ретiнде А гиповитаминозының алдын алу үшiн жануарлар оргаизiмінiң спецификалық емес резистенттiлгiн жоғарылату мақсатында, сонымен бiрге оны гипертиреодизм кезiнде қолданады, ас қорыту жолында анальгетикалық заттардың әсерiн күшейту үшiн тағайындалады. Сыртқы мүшлерге: эклемаға тері күйiгiнде, үсігенде, бұлшық ет өлiеттенуiнде, ұзақ жазыатын жараларға көз ауруларында қолданылады. Ретинолды қабынуға қарсы немесе антимикробты заттарын араластырып қолданған тиiмдi. Кей кездерi ретинолды бұлшық ет арқылы эмульсия түрiнде енгiзедi. Инъекциялаудың бір артықшылығы ретинол асқазандағы микробтар немесе нитриттермен әрекеттесiп препараттарының қандағы концентрациясы тез ұлғаяды. Ретинол iрi қара малдың бұлшық етiне енгiзу (1000000 ӘБ) оларды тасымалдау топтастыру, өзге жерге алмастырғанда пайда болатын стресстiк құбылыстардың төмендеуiне септiгін тигiзедi. Терi асты инекьцилары сонымен бiрге мал өнiмдiлiгін арттыру бауыр қызметiн жақсарту, кетоз кездерiнде де пайдалы(1000000-2000000 ӘБ).
А – витаминнің концентраты – Vitaminum A concentratum. Жануарлардың бауырында көп мөлшерде болады. Тәулiктiк емдiк мөлшерi: сиырларға 50000-500000 М.Б.,қойларға 10000-100000 М.Б., шошқаларға 8000-70000, иттерге 5000- 50000 М.Б.
Балық майы (рыбий жир) – Oleum Jecoris Aselei. Жаңадан ауланған майшабақтың бауырынан алынатын май. Өзiне тән иiсi және дәмi бар, ашық-сарғыш түстi, қоюлау келген сұйықтық. Тығыздығы - 0,992-0,932, 2р түрлі майларда, эфирде, хлороформда жақсы еридi, спиртте еруi нашарлау 1гр майшабақ майында 350 И.Б. А Витаминi және 30 И.Б. Д2 витаминi бар. Медициналық және ветеринарық мақсаттарда А және Д витаминдерiнiң бай көздерi теңіз сүт қоректiлерінің терi асты майы қолданылады. Әдетте мұртты киттердiң терi асты майы, ішкi майы және жiлiк майы, тюлендердің (ит балық) терi асты майы мен бауыры қолданады.
Балық майы емдiк және профилактикалық мақсаттарда рахит пен остеомаляцияға тағайындалады. Мөлшерi жылқыға 40,0-200,0 гр, сиырға 100,0-500,0 гр т.б. Балық майы жараның жазылуын тездету үшiн терiге де жағылады.
Цитраль – Citralum. Лимон тәрiздес иiсі бар, суда ерiмейтiн сарғыш түстi майлы сұйықтық.
А витаминi Тәрiздес әсер етедi. 1:10 000 қатынасындағы су-спирттiк ерiтiндiсi кератит, коньюнтивит кезiнде өте пайдалы.
Препарат ауру сезiмдiгiн төмендетеді және қабынуға қарсы тиімдi әсер етедi. Бұл мақсаттарда ол сыртқы мүшелерге және iшке қолданылады.
1 % спирттік ерiтiндісiнiң iшкiзiлу мөлшерi: iрi қара малға 2,0- 3,0 мл, шошқаға 0,7- 0,8 мл, иттерге 0,2 - 0,3 мл.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет