Гипофизденалынатын препараттар Гипофиздің алдынғы бөлігінде: өсу гормоны, тиреоидты, паратиреоидты, адренокортикотропты, қантты төмендеткіш және басқа да оннан астам гормондар пайда болады. Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары адренокортикотронды және гонадротропты гормондар болып табылады.
Адренокортиқотроптық гормон (АІПТ) - Ноrmonum adrenocorti-cotropinum. Ірі қара малдың, шошқаның гипофизінен дайындалады, АКТГ құрамында 39 түрлі аминқышқылы қалдығы бар өте күрделі полипептид. Оның белсенділігі ӘБ бойынша анықталады. Қолдануға ыңғайлы болу үшін препарат 10-20-40 ӘБ мөлшерінде ампула түрінде дайындалады. АКТГ суда жақсы еритін, лиофильденген ұнтақ тәріздес зат. Ыстыққа төзімді. Препараттың төзімділігі тек ұнтақ түрінде ғана емес ерітінді түріндеде тез ыдырайды. Бұлшық етке және күре тамырына егіп қолданылады, ішкізгенде өте тез ыдырайды.
Препараттың биологиялық белсенділігін теңіз шошқасының оқшауланған жатыр мүйізіне әсер ету арқылы анықтайды. Әсер ету бірлігі есебінде әсері 0,5 мл стандарт препарат мөлшерімен сәйкес келетін препараттың мөлшері алынады.
АКТГ кортизон және де басқа глюкокортикостероидтар биосинтезін күшейтеді, бүйрек үсті безіндегі аскорбин қышқылы мен холестерин мөлшерін азайтады, көмірсу, май, белок алмасуларын жақсартады, гаюкокортикостероидтер тәріздес капиллярлар қабырғасының өткізгіштігін төмендетеді,- аллергияға және қабынуға қарсы реакциясын күшейтеді, гиалуронидазаның активтілігін төмендетеді.
Препарат жануар организімінің әр түрлі аллергиялық жағдайларында, көз ауруларында, кейбір ревматизмдік қабынуларда қолданылады. Бұлшық етке енгізілетін мелшері: 0,08-0,13 ӘБ 1 кг жануар салмағына. Ұзақ уақыт әсер беретін препарат есебінде А\КТГ цинк-фосфат қолданылады, Ол АКТГ-ге қарағанда 3-5 есе ұзақ әсер етеді, бірақ әсер ету күші біраз әлсіздеу болады.
Пролактин. Ірі қара мал немесе шошқаның гипофизінен алынады. 1 мл.- де 5 ӘБ бар стерильді ерітінді түрінде ампулаларда щығарылады. Иттер мен қояндарға жасалынатын тәжірбиедерден пролактин ұрғашы малдың сүттілігін арттыратындығы және әсер етуі қысқа мерзімді екені анықталып отыр. Мөлшері: иттерге бұлшықетке еккенде 0,5-1 мл.
Питуитрин және вазопрессин. Гипофюдің артқы бөлігіңде пайда болатын гормондар. Жатырдың бұлшық етінің қызметін жақсартады. Соңдай-ақ бұлшық ет торшаларының, қан тамырларының, асқазан мен ішектің жиырылғыштығын күшейтеді және капиллярлардың жиырылғыш элементтерінің қызметін тездетеді. Әдетте құрамында жоғарыда аталған екі гормонда бар бір тұтас препарат-питуитрин қолданылады.
Бұл препарат гипофиздің артқы белігінен экстрактілеу тәсілі арқылы бөлініп алынады. Препарат құрамында гормондардан басқа гистамин бар.
Питуитрин әсерінен жатырдың жүрек қан тамырлары жүйесінің, ас қорыту мүшелерінің қызметі және несеп бөліну мен зат алмасу құбылыстары жақсарады.
Жатыр бұлшық етінің әлсіздігінде, ұзаққа созылған туыт кезінде питуитрин толғақты күшейтіп, тууды жеделдетеді. Туғаннан кейінгі кезеңде питуитрин шудың тез түсуіне, жатырдың қалыпты күйге келуіне әсерін тигізеді, жатырдан кеткен қанды тез тияды. Питуитриннің көп мөлшері жиырылуды күшейтеді, ал босаңсу әлсіретеді, тіптен спазмалық жиырылуда болуы мүмкін.