Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет76/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143
Байланысты:
369577-1

Р-витамин – Vitaminum. Р.сарғыш-жасыл түстi, борпылдақ ұнтақ. Шай жапырақтарынан алынады, суда жақсы еридi. Рутин капиллярлардың өткiзгіштiгiмен басқа да қасиеттерiн қалыпқа келтiретiн препараттар iшiндегi ең маңыздысы.
Инозит - Inositum. Алты атомды циклогександы спирт. Инозит жетiспеген жағдайда ас қорыту жолындағы қысқыш еттердiң жиырылуы байқалады және бiрыңғай салалы бұлшық еттің тонусы бiрден күшейiп кетедi. Инозит кейбiр iшек микробтарының өсуiне ықпал жасайды, iшек фосфотазасының пайда болуын баяулатады, зат алмасуға қатынасады, май алмасуын күшейтедi.
Инозиттің мөлшері иттер мен шошқаға профилактикалық мақсатта 1 кг салмағына 0,01-0,02 г, емдiк мөлшері -0,03-0,05 г.
Эргокальциферол. Кальциферолдың (Д витамині) бірнеше түрі бар. Витамин Д2 және Д3 түрiнде неғұрлым белсендi. Д витаминi таза күйiнде өте тұрақсыз майлы ерiтiндiлерi ұзағырақ сақталынады. Мал терiсiнде Д3 витаминi (холекальциферол) өте маңызды рөл атқарады. Эргокальциферол - суда ерiмейтiн, майда жақсы еритiн, түссiз кристалдар бiр иитернационалдық бiрлiк (ИБ )эргокальциферолдың 0,025 мкг-на тең. Препарат майдағы ерiтiнді (1 мл 5000 ИБ бар), немесе спирттi ерiтiндi түрінде (1 мл-де 200000 ИБ бар) шығарылады.
Кальциферол Фосфор мен кальцидің метобоизміне әсер етiп, олардың биосинтезiне елеулi әсер етедi. Д витаминiнiң препараттары рахит пен остеомаляция (құныс) ауруларын емдеу және алдын алу үшін қолданылады. Сонымен бiрге тері күйiгiнгі жараларды емдеу үшін, сүйектің әр түрлi патологиясында буын аурулары ас қорыту қызметі нашарлағанда және т.б. кездерде тағайыалады. Сондай-ақ Д2 витаминінің терi және көз туберкулезі кезiндегi емдiк және профилактикалық әсерiнiң маңызы да өте зор.
Д витаминінің организмге енгiзiлуінің бiрнеше тәсiлдерi бар. Азыққа қосып бергенде ол ұзақ уақыт әсер етедi. Бұлшық етке енгiзу оның тез, әрi күштi әсер етуiне жағдай жасайды, терi астына енгiзу аз уақытқа әлсiз қабыну реакциясын туғызады.
Мөлшерi сиырларға 100000-150000 ИБ. Көбiнесе 1 мл-де 200000 ИБ бар спирттік ерiтiндісі (Solutio Vitaminum Dspirituosa),1мл-де 10000 ИБ бар майлы ерітіндісі (Solutio Vitamini D oleosa), балық майы қолданылады.
Ретинол – Retinolum - каратиноидтардың түленуi кезiнде пайда болып организде өзiне тән әсер беретiн заттар тобы А – витамині немесе ретинол деп аталады.
Ретинол ашық - сары түстi, iрi призма тәрiздес қиыршық зат. Майда және майлы ерiткiштерде жақсы ериді, суда ерiмейдi. Ауада тез тотығады, барлық минералдық қышқылдардың және ультракүлгін сәулелердiң әсерiнен тез ыдырайды, ал сілтiлердің әсерiне төзiмді. Оның ацетаты және пальмаллитті эфирлерi сақтауға төзiмдiрек болады.Әсер ету бiрлiгi бойынша (ӘБ) мөлшерленедi. Ретинол тотығу-тотықсыздану құбылыстарына қатысады.. Мұндай кезде ұлпалардағы оттегіні пайдалануы аурудың түріне байланысты не азаяды, не ұлғаяды.
Ретинолдың әсерінен инсулиннің белсендiлiгі төмедейдi, глюкозаның синтезi жақсарады.
Ретинол бүйректегi және несеп жолындағы тастардың пайда болуына кедергi келтiредi.
Ретинолдың минерадық алмасуға, оның iшiнде кальций мен магний алмасуына тигiзер әсерiнiң зор маңызы бар. Оның мұндай әсерi бiркелкi жүрмейдi, алайда барлық жағдайларда: қан тамырларында, бауырда, мида, бұлшық еттерде кальцийдiң тұтқырланып қалуы бәсеңдейді. Ретинол митохондрий эпителиiнің қызметiн жақсартады және оларда кератогелиндiк денелердiң пайда болуына кедергi жасайды.
Ретинолдың жетiспеушiлiгiнен организмде кортикостероидтардың мөлшерi көбейiп кетедi. Көптеген зерттеулер ретинол май алмасуына да қатысады деп тұжырымдайды. Оның бiр дәлелi қан құрамындағы холестерин деңгейiнің артуы. Ретинол гликол синтезiне қатысады, бензой қышқылының бөлiнiп шығуын жылдамдатады.
Зат алмасуының жекелегсн түрлерiне әсер ете отырып, ретинол бiрашама эндокрин бездерi қыметiне, жабық ұлпаларының сiңуi мен сақталуына, сүйек ұлпасының түзiлуiне тиімді әсер ете отырып мал организмінің резистеттiлiгiн жоғарлатады.
Ретинолды негiзiнен каротинодтерден алады. Бұл алифатты кұрылысы бар сары немесе қызыл пигменттер. Қазiргi кезде 70-ке тарта каротиноидтар белгiлi: олардың көпшлiгі, мысалы В- каротин тәрiздiлерiнде көмiртегiнің 40 атомы бар.
Ретинолда ешқандай уытты әсер болмайды. Қойлар мел сиырлар бiр рет тағайындалу мөлшерiнен 30-40 есе көп мөлшердi қабылдай алады, ал емдiк мөлшерден 70-80 есе асып кеткен мөлiшерде мал өнiмдiлiгі бiраз төмендеуi мүмкiн. У жоғарғы мөлшерде ұзақ уақыт пайдаланғанда анорексия, атаксия, диарея, остеодистрофия, азот, фосфор, кальций алмасуының бұзылуы, барлық ұлпалардағы сiлтiлiк фосфотазасының көптеген тыс көбеюi тәрiздi патологилық жағдайлар пайда болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет