Мышьякты ангидрит (ақ мышьяк) – Acidum arsenicosum anqydricum. Ақ түсті ауыр ұнтақ, суда нашар, қышқылды және сілтілі ерітінділерде жақсы ериді. «А» тізімі бойынша сақталады.
Мышьякты ангиридті асқорыту жүйесінің созылмалы ауруларында, қанның азаюында, рахит, остеомаляция ауруларында қолданады. Ішке бергендегі мөлшері: жылқы мен ірі қара малға 0,1-0,5 г; қой мен шошқаға 0,005-0,05; иттерге 0,001-0,005 г.
Калий арсенитының ерітіндісі - Ligior Kalii arsenitis. Құрамында 1% мышьякты калий бар мөлдір түссіз сұйық зат. Басқа түссіз заттардан оңай ажырату үшін препаратқа камфорлы спирт қосады. «А» тізімі бойынша сақталады. Қолданылуы мышьякты ангидридке ұқсас.
Ішке брегендегі мөлшері: жылқы мен ірі қара малға 10,0-50,0 г; қой мен шошқаға 1,0-5,0; иттерге 0,1-0,5 г; мысықтарға 0,02-0,2; тауықтарға 0,02-0,2.
Антрий арсенаты - Natrii arsenas. Мышьяк қышқылының екі натрилі тұзы. Ампулаларда 1% ерітінді күйінде «А» тізімі бойынша сақталады. Орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартуға, тотығу құбылыстарынкүшейтуге және эритропоэзді жылдамдату үшін тері астына егіп (1% ерітінді) және ішке беріп қолданады. Тері астына еккендегі мөлшері: жылқы мен ірі қара малға 0,02-0,05 г; иттерге 0,001-0,003 г.
Натрий арсениты - Natrii arsenis. Пироплазмидоз ауруының қоздырғыштарын тасымалдайтын кенелер үшін өте күшті әсер етеді. Натрий арсенитін қолданудың ең тиімді жолы препаратты ерітінді күйінде бүркіп шашу немесе жануарларды ерітіндіге тоғыту болап табылады.
Новерсенол - Novarsenolum. Құрамында 19-20% мышьяк бар. Суда оңай еритін ұсақ сары ұнтақ. Ауада оңай бүлініп, уытты қосылыстар түзеді, сол себепті оны ампулаларда шығарады. «А» тізімі бойынша сақталады.
Малдәрігерлің практикада новарсенолды контагиозды пневмонияда (өкпе қабынуы), су-ауру, жылқының қарапқаптал, киеңкі ауруларында, ешкілердің жұқпалы перипневмониясында,, қояндар мен құстардың спирохетоз ауруларында қолданады. Препаратты күре тамырына егеді. Мөлшері препаратты қолдану жөніндегі арнаулы нұсқада көрсетілген.
Достарыңызбен бөлісу: |