Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет109/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   143
Байланысты:
369577-1

Бақылау сұрақтары:

1 Мышьяк препараттары


2. Селениттер


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №23 Микробтарға қарсы қолданылатын заттар.
1 Формальдегид тобы.
Оттегі бөлетін заттар.
Хлор препараттары

Жұқпалы аурулар организмге әртүрлі патогенді қоздырғыштардың енуі нәтіжесінде пайда болады. Қоздырғыштардың түрлеріне қарай олар төмендегідей топтарға бөлінеді. Жұқпалы аурулар (қоздырғыштары-микробтар), прозойлы аурулар (қоздырғыштары - протозойлар) гельментоздық аурулар (қоздырғыштары-гельминттер) және экотопаразитарлық аурулар (қоздырғыштары-шыбын-шіркейлер мен кенелер).


Бұл ауруларға қарсы күрестегі негізгі шаралардың бірі - ол қоздырғыштарды жою юолып табылады. Мұндай мақсаттар үшін бактерицидті, прозоацидті инсекцидті және гельминтоцидті дәрілік заттар қолданылады. Бактерицидтік деп бактериаларды жоятын әртүрлі дәрілік заттарды атайды. Дәрілік заттар қоздырғыштардың белгілі бір түрлеріне әсер ететіндіктен: вирусоцидті, микроцидтік, спороцидтік және тағы да сол сияқты көптеген терминдер қолданылады.
Кейбір дәрілік заттар белгілі бір аурулардың қоздырғыштарына ғана нәтижелі әсер ететіндіктен «стрептококкоцидтік», «сальмонелоцидтік» деген терминдерді де қолдануға тура келеді. Бактерицидтік заттар миктоптардың тіршілігіне әртүрлі дәрежеде әсер етеді. Олардың кейбіреулері микроптарды толық өлтіреді де, ал басқа біреулері тек қана олардың өсіп - өнуін тоқтататындықтан, біріншілерін бактерилитикалық (немесе бактерицидтік), ал екіншілерін-бактериостатикалық деп атайды. Жұқпалы аурулардың қоздығыштары қоршаған ортада, салдардың терісінде, кілегейлі қабаттарында, жарақаттарында, сонымен бірге қанда және ішкі мүшелерінде болуы ммкін. Аурудың қоздырғыштарын сыртқы ортада жою-дезинфекция деп аталады да, ал дезинфекциялау үшін қолданылатын заттарды дезинфекциялаушы заттар дейді.
Қоздығыштарды жануарлардың сыртқы бөліктерінде жоюды антисептика, ал сол үшін қолданылатын заттарды – антисептикалық, организмге жоды химиотерапия, сол үшін қолданылатын заттарды химиотерапевтік заттар деп атайды. Әртүрлі дәрілік заттардың миктоптарға және аразиттерге қарсы әсер ету механизмі де әрқалай келеді. Олар препараттардың физикалық және химиялық қасиеттеріне, қоздырғыштардың биологиялық ерекшеліктеріне және оладың даму ортасына байланысты болады.
Микроптарға қарсы қолданылатын дәрілік заттардың жалпы заңдылықтарын ескере отырып, оларды үш топқа бөлуге болады. Олардың ішіндегі кейбіреулері (бейорганикалық қышқылдар, ерітінділер, хлор препараттары және басқалары) органикалық және бейорганикалық қосылыстарды, сонымен бірге микроорганизмдерді де ыдыратады.
Мұндай заттар сыртқы ортаны дезинфекциялау үшін кеңінен қолданылғанымен антисептикалық мақсаттар үшін қолданылуы шектеулі келеді. Екінші топтың препараттары органикалық заттарды ыдыратпайды және бейорганикалық қосылыстармен де байланыспайды. Олар тек қана торша цитоплазмасының тіршілігін бәсеңдетеді (фенолдар, крезолдар және басқалары), бірақ торшаға қарағанда аурудың қоздырғышына әсері күштірек болады (мысалы, гемолитикалық стрептококты фенолдың 0,125% концерациясымен жоюға болатын болса, лейкоцитті осы заттың 0,5% концентрациясымен ғана жоюға тура келеді).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет