Миарсенол – Myarsenolum. Құрамында 18,2-19,2 % мышьяк бар, ақшыл-сарғыш түсті борпылдақ ұнтақ. Иіссіз, суда оңай ериді, ампулаларда шығарылады. Әсері және қолданылуы новарсенолға ұқсас. Бұлшық етке егеді, әсіресе жас малдар мен арық малдарға қолдану жақсы нәтиже көрсетеді. Мөлшері: жылқыларға 4,0-6,0 г; ірі қара малға 2,0-3,0; тауықтарға 0,02-0,1; түлкілерге 0,1 г.
Атоксил - Atoxylum. Ақ түсті кристалды ұнтақ, судың 10 бөлігінде ериді, спиртте ерімейді. Құрамында 25% мышьяк болады. «А» тізімі бойынша сақталады. Трипаносомозды ауруларда жақсы нәтиже көрсетеді. Оның қояндар мен құстарға уыттылығы аз. Сол себепті оны құстардың спирохетозында көп қолданады. Мөлшері: бұлшық етке 0,05-0,1 / кг, ішке 0,1-0,2 / кг.
Осарсол - Osarsolum. Иіссіз, дәмсіз ақ түсті кристалды ұнтақ. «А» тізімі бойынша сақталады. Осарсол өте күшті спирохетоцидті және бактерицидті әсер етеді. Новарсенолға қарағанда әсері әлсіздеу. Оны құлын, бұзау жане торайлардың ас қорту жүйесінің жұқпалы ауруларында қолдану жақсы нәтиже береді.
Ішке бергендегі мөлшері: он күнге дейінгі бүзауларға 0,01г, 15-30 күнгі бүзауларға 0,04-0,1;2-3 айлық бұзауларға 0,2-0,5; шошқаларға 0,1-0,4; иттерге 0,1-0,3, түлкілерге 0,2-0,5г.
Аминарсон Aminarsonum. Ақ тұсті ұсақ кристалды ұнтақ. Судың 170 бөлігінде, жылы судың 30 бөләгәнде жане сілті ертінділерәнде ериді. А тізімі бойынша, жақсы жабылатын күңгірт түсті ыдыстарда сақталады.ас қорту жүйесінің жүқпалы ауруларында осарсол тәрізді әсер етеді. Мөлшері: қойларда 0,2-0,4: шошқаларға 0,1-0,4; иттерге 0,1-0,3г.
Селениттер селен жане оның қосындылары жануарлардың физиологиялық жағдайында өте қолайлы әсер етеді. Ол көптеген фкрменттердің белсенділігін арттырады, қаңқа бұлшық еттерінің жане бауырдың жүмысын жақсартады.
Қазіргі таңда селен жануарлар организіміне ең керекті микроэлементтің бірінен саналады. Селеннің әртүрлә қосылыстарынан мал шаруашылығында натрий селениті кеңінен қолданылады. Ол жас малдардың өсіп өнуіне әсіресе селен жетпейтін аймақтарда нәтижелі әсер етеді. Мұндай қолайлы әсер тыныс алу жұйесінің, жүрек- қантамырлары жұйесінің жұмысының кұшейуінен жане қанның бихимиялық қасиетті мен морфологиялық құрамынын жақсаруынан болады.
Осы бағытта ол тоноферол тәрізді әсер етеді. Натрий селениты мен тоноферолдың әсер ету механизіміне келетін болсақ, олар организмдегі тыныс алу және тотығу-тотықсыздану құбылыстарын жақсартады. Натрий селенитінің ішке бергендегі емдік мөлшері 0,5 мг/кг.
Достарыңызбен бөлісу: |