Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет106/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143
Байланысты:
369577-1

Бақылау сұрақтары:

1 Ауыр металдар препараттары


2. Алюминий, күміс препараттары
3. Темір, мыс, сынап препараттары


Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.
2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №22 Мышьяк препараттары
1 Мышьяк препараттары

Мышьяктың препараттары. Мышьяк қасиетті және әсері жөнінен әр түрлі болып келетін қарапайым мышьякты ангидридтен бастап өте күрделі органикалық – осарсол, миарсинол тәрізді қосылыстар түзеді. Сол себептіде мышьяктың әртүрлі мақсаттар үшін қолданылады: зат алмасуды жақсартуға, гельминиттерге, қотыр кенелерге қарсы және т.б.


Мышьяк препараттары 3 валентті – арсиниттер, 5 валентті – арсенаттарорганикалық және беиорганикалық қосылыстар күйінде көп қолданылады. Арсенаттар фармакологиялық тұрғыда арсениттерге қарағанда белсенділеу келеді.
Мышьяктың негізгі бөлігі бүйректер, ішек бездері, тері және сүт бездері арқылы бөлінеді. Мышьяктың бөлінуі 2-8 сағаттан кейін басталып, орагнизмге енуіне байланысты 6-7 айға, кейде тіпті бір жылға дейін созылады.
Мышьяктың резорбтивті әсері, оның мөлшеріне байланысты. Төменгі мөлшерінде организмге қолайлы әсер етіп жануарлардың жалпы жағдайы жақсарады, тәбеті артады, қоректік заттардың қорытылуы күшейіп салмағы артады, жас малдардың өсімталдығы жоғарылайды және қанның форменді элементтерінің дамуы жылдамдайды.
Жоғарғы мөлшерінде мышьяк өте уытты. Мышьякпен уланудың созылмалы түрінде жануарлардың тәбеті төмендейді, ас қорыту жүйесінің жұмысы нашарлайды. Лоқсу, құсу және іш өту белгілері пайда болады. Уланудың соңы кілегейлі қабықтардың қабынуына, конъюнктивит, ринит, трахеит, бронхит, стоматит, гастрит және энтериттерге ұласады.
Уланудың жіті түрінде салданулар пайда болады, жүректің жұмысы нашарлайды, көзінің қарашығы үлкейіп мал өлімге душар болады. Мышьяктың әсер ету механизмі осы уақытқа дейін анықталған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет